Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Резюме 
В  статье  на  основе  фондовых  материалов  коллекции  одежды  Центрального  Государственного  музея  РК 
рассматриваются  виды  материалов,  используемых  в  изготовлении  одежды  из  кожи,  шерсти,  пушнины  и  др. 
Особое  значение  придается  этнографическому  анализу  технологии  обработки  кожи,  а  также  привезенных 
тканей начиная со II половины XIX в для пошива одежды – ситца, сатина, шелка. 
Ключевые  слова:  шкура,  выделанная  кожа,  мех  с  лапок  пушнины,  замша,  сафьян,  нить  из  сухожильев, 
шагреневая кожа, ситец, миткаль, бархат, атлас,  парча
 
Summary 
In the article on the base of clothes collection of the Central State Museum of the Republic of Kazakhstan types of 
materials used in the manufacture of clothes made of leather, wool, fur, and others is considered. Ethnographic analysis 
of technology of leather processing as well as imported from the second half of the 19th century fabrics for clothing - 
calico, satin, silk are of particular importance. 
Key words: leather, fur of paws, suede, morocco, thread of the tendon, shagreen leather, cotton, calico, velvet, satin, 
brocade. 
 
 
ƏОЖ (УДК) 7: 39 
  
ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ ДƏСТҮРЛІ ШИ ТОҚУ ӨНЕРІ 
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ  
МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ) 
 
Тимур Болсынбек - $Р МОМ-ны! антропология жəне этнология орталығыны! ғылыми 
-ызметкері. Алматы. tbolsynbek77@mail.ru 
Мақалаға қазақ тұрмысындағы дəстүрлі ши тоқу өнерін арнайы зерттеген қазақ ғалымдары мен ХІХ ғ. соңы – 
ХХ  ғ.  басында  қазақ  жерінде  болған  орыс  зерттеушілерінің  еңбектеріндегі  деректер  арқау  болды.  Аталмыш 
еңбектердегі  сан  алуан  мəліметтерді  өзара  шендестіре  зерттеу  шидің  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  шаруашылық 
жəне тұрмыстық маңызын  зерделеуге мүмкіндік берді.  
Тірек сөздер: дала, ши, шиен, өзен, шибау, түйебел, қазық, белағаш. 
 
Қазақтың  ши  тоқу  өнері  –  тоқымашылық  кəсіптегі  кілем,  алаша  тоқу  тəрізді  ерте  кезден  келе 
жатқан дəстүрлі өнердің бірі. Ши тоқуға қамыс тəрізді өсімдікті пайдаланған. 
Ши  –  дала,  шөлейтті  өңірлерде  жəне  тау  беткейлерінде  өсетін,  биіктігі  бір  жарым-екі  құлаш 
көлеміндегі,  сабағы  жіңішке  келген,  қияғы  бар  қамыс  тектес  өсімдік.  Жылдың  маусым-шілде 
айларында  гүлдейді.  Ел  ішінде  ши  түп-түп  болып  тығыз  өскен  жерлер  –  шиен  деп  аталады.  Шиі 
аралас  бозотты  шилеуіт  жерлер  қыста  малға  жақсы  жайылым  оты  саналады.  Құмдауыт,  шөлейіт 
өңірлердің  тұрғындары  ерте  кездері  ши  жерасты  суларына  жақын  жерлерде  өсетіндіктен,  құдықты 
сол маңдардан қазған. Сондай-ақ, шиі көп өсетін өзен бойындағы жерлер шиліFзен деп аталған. Осы 
өсімдіктен тоқылған дəстүрлі бұйым да ши деп аталады. 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
196 
Мал  азықтық  жəне  тұрмыстық  бұйым  ретіндегі  шиді!  маңызы  туралы  ХІХ  ғ.  соңғы  ширегінде 
қазақ  даласында  болған  орыс  зерттеушілері  өз  еңбектерінде  атап  өтеді.  Мысалы,  Торғай  даласын 
зерттеген  А.И.  Добросмыслов:  «Ши  Fсіп  тGрған  кезінде  малға  азы-  болса,  ал  то-ылған  ши  жазда 
киіз  Eйді!  туырлығы  мен  керегесіні!  аралығына  тGтылады,  ол  Eйге  сырттан  жел  Fткізіп  жанға 
жайлы əсер береді», – деп шидің қасиетіне тоқталып өтсе [1, 336 б.], ғалым А.П. Федченко: «...-аза- 
тGрмысында шиден то-ылған бGйымдар ке! -олданылады, ...оны! тығыз то-ылғаны соншалы-, киіз 
Eйді  сырт-ы  ша!-тоза!нан,  кEшті  желден  -ал-алайды,  əрі  Eйге  Fкпек  жел,  таза  ауа,  жары- 
береді», – деп өз таңданысын білдіреді [2, 44 б.]. Ал, ХХ ғ. 30 жж. зерттеуші П.Ф. Домрачев Балқаш 
өңіріне  жасаған  экспедициясы  негізінде  жүргізген  зертханалық  зерттеулерінде  шидің  қағаз 
өндірісінде таптырмайтын шикізат көздерінің бірі екеніне баса назар аударған [3, 62 б.]. 
Бұнымен  қатар,  дəстүрлі  қазақы  ортада  шиді  тоқу  тəсілі  туралы  мəліметтер  қазақ  ғалымдары 
М.С.Мұқанов,  Ə.Тəжімұратов,  Р.Шойбеков  жəне  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  жазылған. 
Сондай-ақ,  этнолог-ғалым  Нұрсан  Əлімбайдың  жетекшілігімен  жарыққа  шыққан  «Қазақтың 
этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дəстүрлі  жүйесі»  атты  5  томдық  көлемді 
энциклопедиялық  еңбектің  5-ші  томында  мақала  авторының  жазуымен  мол  иллюстрациялық 
фотоматериалдармен кеңінен қамтылды [4, 706-708 бб., 738-739 бб.]. 
Тоқылған  ши  сырт  көрінісіне  қарай  а-  ши,  шым  ши,  ораулы  ши  деп  үшке  бөлінеді.  Халық 
арасында оларды жалпылама түрде -анат шилер деп атайды [5, 111 б.]. Себебі, киіз үйдің керегесі 
-анат деп те айтылады, соған орай, кереге сыртына ұсталатын шиді -анат ши деп атаған. Ел ішінде 
оны  кереге  ши  деп  те  атайды.  Бұл  атау  да  шидің  қызметіне  (кереге  сыртына  ұсталатындығына) 
байланысты  қалыптасқан.  Киіз  үйдің  бір  босағасынан  екінші  босағасына  дейін  керегені  айналдыра 
тартып байланған шиді ши тGту немесе ши Gстау дейді. Сонымен бірге іргеден жел соқпауы үшін 
кереге  сыртынан  тұтылған  шиді  айналдыра  көлемі  шағын  ірге  ши  де  ұсталады.  Мұнымен  қатар, 
ертеректе дəулетті адамдардың шеберлерге тапсырыс беріп арнайы жез орап тоқытқан əсем шилері 
де болған дейді. Жалпы шиден дайындалған бұйымдар көшпелі өмір салтына үйлескен, тасымалдауға 
қолайлы болған. 
 
 
А- ши. $Р МОМ -орынан (КП 20734-35) 
 
Тоқыған  шиді  басқа  да  түрлі  шаруашылық  үшін  қолданған.  Күнделікті  шаруашылықта  көлемі 
шағын, арасы селдір тоқылған шыпта шиді ошақтағы қазанның бетіне ұстауға, ондағы тағамға жел 
өтіп  тұруына,  таза  тұруына  пайдаланған.  Сонымен  бірге  шиді  құрт-ірімшікті  кептіру  үшін  өреге 
қойған  (оны  Fре  ши,  -Gрт  ши  деп  те  атайды).  Кей  жерлерде  кесе  салатын  кесе-апты  да  шиден 
жасаған. Киіз басу кезінде оған жүн шабақтауға, жүн түтуге, тары сүзуге, сойған мал етінің астына 
салуға,  үйдің  төбесін  жабуға,  сондай-ақ  үйдегі  сырмақ,  киіз  сияқты  төсеніштердің  ылғал  тартып 
кетпеуі əрі қысты күні еденнен суық өтпес үшін астына төсеуге, тіпті үйге көгенделген төл, əсіресе 
ботаны  қалқалап  қою  сияқты  күнделікті  шаруашылықтағы  жұмыстарға  кеңінен  пайдаланылады. 
Тұрмыста, сонымен бірге алабота өсімдігінен са-ар -айнату үшін көлемі шағын арнайы са-ар ши де 
тоқыған. Шиден тоқып мал тұруға қолайлы ашық қора да салынады. Үй, аула тазалайтын сыпыртқы 
да  əзірленеді.  Тіпті  ертеде  жаугершілік  заманда  қазақ  батырларының  садақ  жебесін  салатын 
қорамсағы да шиден тоқылған.  
Ши тоқу ши тарту, ши аршу, ши орау, ши то-у деп аталатын үрдістерден тұрады. 
Ши  тарту.  Шиді  пісіп-жетілген  кезде  жинай  бастайды.  Ол  үшін  шиді  мал  аяғы  баспаған,  бойы 
биік,  түп-түп  болып  тығыз  өскен  жерлерден  таңдап  алынады.  Өсіп  тұрған  шиді  таңертеңгі  немесе 
кешкі уақытта, сондай-ақ жаңбырдан кейінгі шық кезінде тартса, оның түбі жібіп, суырылғыш келеді. 
Бір  ерекшелігі,  суырылған  ши  тамырымен  жұлынбайды.  Көп  күшті  қажет  ететіндіктен  дайындау 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
197 
жұмыстарына əйелдермен бірге ерлер де қатысқан. Олар қолдарына жеңсе киіп, шиді білекке орап, 
мықынға немесе иығына салып үзіп жинаған. Ол əдісті ши тарту деп атайды.  
Ши аршу. Түбімен қопарылып алынған шиді түйеге, жылқыға немесе өгізге артып ауылға жеткіз-
ген.  Əкелген  шидің  бəрі  бірдей  тоқуға  жарай  бермейтіндіктен  ішінен  жуан-жіңішкелігіне  қарай 
іріктеліп алынады да, сыртқы қабығының түпкі бөлігі жоғары бөлігінің ең беткі қабатында болған-
дықтан, оны түп жағынан жоғары қарай бойлай мұқият аршиды. Аршылғанын көлеңке жерге қойып 
əбден кептіреді. Кепкен соң бойын тұтастай бір тазалап шығады.  
Ши  орау.  Өн  бойы  тұтастай  емес,  жүнді  əр  жерінен  аралатып  ораған  шиді  орама  ши  немесе 
ораулы  ши  дейді.  Онымен  үйдің  сол  жақ  босағасындағы  ас-су  тұрған  тұсты  оңашалап  қоршауға 
пайдаланған. Күннің суық кезінде жүнмен оралған ши үй ішіндегі жылуды сақтауға өзіндік септігін 
тигізеді. Ораулы шиді тоқитын кезде, алдымен а-, сары, -ызыл, жасыл т.б. түстерде боялған жүнді 
түтіп,  жіңішкелеп  тарқатып  созады  да,  шидің  əрбір  талын  түрлі-түсті  жүнмен  алдын  ала  сызылып, 
белгіленген  өрнекке  көбіне  таба-  ою,  -ош-армEйіз,  -арғатGя-,  -Gманбау,  сы!армEйіз,  тGмарша, 
ит-Gйры-, иттабан сияқты өрнектерге сай түсуін қадағалап, кезекпен орап шығады [6, 151-153 бб.].  
Ши  ораудың  екі  түрлі  əдісі  бар.  Біріншісі,  то-улы  тGрған  шиді!  Fрнегіне  сала  отырып  орау, 
келесісі, жа!а Fрнек Eлгісімен орау. Аталған түрлердің қайсысымен тоқыса да ши шебердің талғам-
паздығына, ой ұшқырлығына, тəжірибелігіне байланысты шығады. Мұндай көркем тоқылған шилерді 
үйдің сəнді жиһаздарының біріне жатқызады.  
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  Орталық  музейі  (əрі  қарай  –  ҚР  МОМ)  қорында 
Қазақстанның əр өңірінен əр жылдары жиналған ұзын саны 40-қа жуық шиден тоқылған бұйымдар 
сақтаулы.  Олардың  басым  бөлігі  Алматы,  О!тEстік  $аза-стан,  $ызылорда,  Жамбыл  жəне 
Ма!ғыстау,  Атырау  сияқты  Қазақстанның  оңтүстік  пен  батыс  облыстарынан  жинақталған.  Бұйым-
дарды Қазақстанның əр түкпірінен Зəуре Шалдуарова, $алампыр Шымырбаева, Фатима Сахинова, 
Нағима  Сейітова,  Сəби  Килібаева,  $ыналы  Ержанова,  Сəлима  Dзірбаева,  Хадиша  Рзалиева  жəне 
басқа да ісмерлер нақышына салып тоқыған.  
Музей  қорындағы  бұйымдардың  ішінде  көшпелі  тұрмыс  пен  шаруашылықта  кең  таралған  түрлі 
түске  боялған  жүнмен  көркемдеп  шаршы  (ромбы)  өрнектері  оралған  шым  шиді  киіз  үйдің  ажарын 
аша  түсетін  жабдықтарының  бірі  ретінде  қарауға  болады.  Мысалы,  ҚР  МОМ  қорындағы  (НВФ 
4851/116)  шым  шиді  орағанда  оның  түп  жағы  мен  шашақ  жағын  алмастырып  салған.  Ши  түрлі 
(қызыл, сары, көк, қоңыр, ақ) түске боялған жіптермен ұластырмалы текемет өрнегі салынып оралып 
тоқылған.  Ортаңғы  бөлігі  мен  қызыл  түсті  фонға  үлкен  төрт  шаршы  орналасып,  оны  айналдыра 
қызыл, сары, көк түсті жіптермен сы!армEйіз өрнегі қатарланып салынған.  
 
 
Шым ши. $Р МОМ -орынан (НВФ 4851/116) 
 
Шаршылардың  ортасына  мEйіз  өрнегі  бейнеленген.  Қолтықшасына  -осмEйіз  өрнегі  үшкілдене 
салынған,  онда  таулы  жердің  бейнесі  кескінделген.  Шиге  түсірілген  ою-өрнектің  қоңыр  түстегі 
астыңғы-үстіңгі  жиектері  ақ-қара  түсте  тара-  оюымен  аяқталған.  Шидің  ұзына  бойының  екі  шеті 
алаша тəрізді термеленіп тоқылған. Екі шетінде иірілген жүннен көлденеңінен үш-үш бау тағылған.
  
Ши  тоқу.  Шеберлер  шиді  қарапайым  жасалған  құрылғымен  тоқыған.  Оны  жергілікті  жерлерде 
тEйебел, ши -Gрғыш деп те атаған. Құрылғыны бастырма астына немесе шаруашылық заттар қоюға 
арналған қосалқы киіз үй, сондай-ақ қыстық үй ішіне де құрған [4, 
534-535 бб.
].  
Ши тоқитын құрылғы жасау үшін, биіктігі 1 метр шамасындағы аша басты екі ағашты тоқылатын 
шидің  көлеміне  қарай  1-1,5  құлаш  аралығында  жерге  қағады.  Екі  ашаға  көлбеулете  жуандығы  үш 
елідей  болатын  жұмыр  сырық  салынады.  Сырықты  халық  тілінде  белағаш,  ар-алы-  деп  те  атайды. 
Сырықтың өн бойының əр тұсынан тоқылатын жіп ары-бері сырғымай, бір ізбен жүгіріп отыру үшін 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
198 
кертіп шығады. Бұдан соң шиді тоқитын иірілген жіпті қос қабаттап ширатып, оны салмақты қылу 
үшін  тас  сияқты бірнеше  затқа  домалақтап  төгеді.  Тасқа домалақталған жіпті  салма  деп  те атайды. 
Осы салманы ары-бері алма-кезек айқастыру арқылы шалу үшін, сырыққа арасын бір қарыстай етіп 
тең  орта  тұсынан  көлденеңінен  іледі.  Осы  сырықты  бойлай  ілінген  жіптің  ортасына  əкеліп  бірінші 
шиді  салып,  жіптерді  алма-кезек  ары-бері  айқастырып  түсіреді.  Бұл  ши  осы  желіспен  бастан-аяқ 
тоқылғаннан  соң  келесісі  салынады,  сөйтіп  ол  осылайша  ши  тоқылып  болғанша  ретімен  жүргізіліп 
отырады.  
Ши  тоқу  тəсілін  арнайы  зерттеген  Ə.Тəжімұратов,  сырықта  тоқылған  жіптің  арасы  10-15  см 
болып, саны шамамен жиырма-отыз болуы мүмкін дейді. Тоқылған шидің бас-аяғы бірдей тең түсіп 
əрі жылжып кетпес үшін орайтын шидің -ара-Gс (түп) жағы мен бас (шашақ) жағы алма-кезектесіп 
салынады.  Шидің  шеттері  сөгілмес  үшін,  екі  шетіне  қатарынан  төрт  шиді  қабаттап,  иірілген  жүн 
жіппен айқастыра байланыстырған жерді «ала-аны», ал үш шимен қабатталғанын шыбын -анат десе, 
оның  екі шетіндегі  байланған  жіпті  шибау  дейді  [7,  57  б.]. Дайын болған шидің бас-аяғын  біркелкі 
тегістеп қырқып шығады.  
Тоқылған  шиді  сапасына,  əсемдігіне  жəне  ұзындығына  қарай,  оның  бағасын  шебердің  өзі 
белгілеген  жəне  оның  құны  көбіне  малмен  есептелген.  Ел  ішіндегі  мəліметтерде  көлемі  үлкен, 
ұзындығы  шамамен  бір  қанаттай  болатын  тоқылған  ши  тұрқы  ірілеу  келген  екі  немесе  үш  қойға 
бағаланған  дейді.  Алайда  тоқыған  ши  тапсырыс  берушінің  ойынан  асып  түсіп  жатса,  оның 
ризашылығына қарай бұйым бағасы өскен.  
Сонымен қатар, ши атауына байланысты халық тілінің паремиологиялық қорында «Шы--ан -ыз 
шиден тыс-ары»; «Dйелі! жа-сы болса, ат Eстінен дабыр ет, жаман болса, ши тEбінен сыбыр ет» 
деген де мақал бар. 
Қазақтың  ши  тоқу  өнері  күні  бүгінге  дейін  өзінің  маңызын  жоймаған  ұлттық  құндылықта-
рымыздың бірі болып саналады. 
 
 
1 Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. – Оренбург: Типография П.Н. Жаринова, 1895. – 
С. 336. 
2 Федченко А.П. Путешествие в Туркестан. - СПб., 1897. Т. І, Вып. ІІ. – С. 44. 
3 Домрачев П.Ф. Балхаш и Прибалхашье. - Алма-Ата: Казахское краеведческое издательство, 1935. –62 с. 

$аза-ты! этнографиялы- категориялар, Gғымдар мен атауларыны! дəстEрлі  жEйесі. Энциклопедия. 5-
том. H-Я. Ғылыми редактор жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: Азия Арна, 2014. [1, 706-708 
бб., 
738-739 бб.;
 2, 534-535 бб.] 
5 $асиманов С. $аза- хал-ыны! -олFнері. - Алматы: $аза-стан, 1995. – 111 б. 
6 Шойбеков Р.Н. То-ымашылы- Fнеріні! лексикасы жайында // $аз%У Хабаршысы. Филология сериясы. №6, 
2006. – 151-153 бб.  

ТəжімGратов D. Шеберді! -олы орта-. - Алматы: $аза-стан, 1977. – 57 б. 
 
Резюме 
Источниковой базой для данной статьи послужили материалы казахских ученых конца ХІХ – начала ХХ вв., 
а  также  труды  русских  исследователей,  побывавших  в  казахской  степи.  В  статье  показаны  основные 
«технологические циклы» изготовления данного вида традиционных промыслов казахского народа. 
Ключевые  слова:  степь,  чий  (ши),  всходы  травы  (шиен),  река,  чиевая  нить  (шибау),  туйебел  (устройство 
для плетения чий), столб, горизонтальная балка. 
 
Summary 
As the basis for these article materials of the kazakh scientists of the late 19th - early 20th centuries, as well as the 
works of Russian researchers who visited the Kazakh steppe are used. Mutually comparing multiple sources, given in 
the  above  studies  appeared  the  opportunity  to  review  and  examine  the  economic  and  consumer  relevance  of  reed  in 
traditional kazakh environment.  
Keywords:  steppe,  reed,  shien  (shoots  of  grass),  river,  tuiebеl  (device  for  reed  weaving),  qazyq  (pile),  belagash 
(horizontal pole). 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
199 
ƏӨЖ (УДК) 745. 522:39 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ДƏСТҮРЛІ КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ (ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ 
ҚОРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ) 
 
Орынбасар Əлім - $Р Мемлекеттік Орталы- музейі,  
$аза-стан тархын зерттеу орталығыны! ғылыми -ызметкері. 
 
Мақалада қазақ халқының текемет басу өнері, технологиясы мен үрдістері жəне оның бетіне салынатын ою-
өрнектері, композициясы, текемет басудың таралу аймағы, сондай-ақ, оның жергілікті аймақтық ерекшеліктері 
зерттелді.  
Тірек  сөздер:  күзем  жүн,  қой  тоғыту,  жүн  сабау,  жүн  шабақтау,  шүйкеленген  жүн,  түр  салу,  бет  тарту, 
текеметтің  төсегі,  текеметтің  көлі,  текеметтің  қорғаны,  отау  өрнегі,  киіз  тебу,  киіз  булау,  киіз  білектеу,  киіз 
ұзындау, киіз кірлеу.    
 
Қазақ халқының ерте замандардан келе жатқан қолөнер кəсіпшілігінің бір саласы – киіз басу өнері. 
Алтай  даласындағы 
Пазырық  қорғандарына  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 
(б.з.д.  V  ғ.)  табылған  заттардың  ішінде  киіз  қалдықтары  да  кездеседі.  Қазақ  даласының  климаттық 
ерекшелігіне қарай жылдың төрт мезгілінде көшіп қонып, дəстүрлі көшпелі өмір кешкен халқымыз-
дың  киім-кешегі,  баспанасының  жабын  киіздері,  тұрмыстық  жəне  шаруашылық  бұйымдарының 
барлығы қол жетімділігіне қарай, қолындағы төрт түлік малының терісінен, жүнінен жасалғандығы 
белгілі. Қойдың жүнінен киіз басып, одан, текемет, сырма-, тGскиіз, откиіз сияқты үй бұйымдарын, 
сонымен  қатар,  ая--ап,  кесе-ап,  санды--ап,  шайкиіз,  атжабу,  асмалды-  (тEйежабу),    ботажабу, 
жайнамаз сияқты тұрмыстық жəне шаруашылық заттарын жасаған.  
Қазақтардың киіз басу өнері жəне одан жасалатын бұйымдары жайында көптеген Отандық жəне 
шетелдік  зерттеушілердің  ғылыми  зерттеу  еңбектері  мен  мақалалары  жарық  көрген.  Мəселен, 
ХІХ 
ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  тұрмыс 
тіршілігін  зерттеген  А.И.  Добросмысловтың  [1],  Р.Карутцтың  [2],  А.Н.  Глуховтың  [3],  И.С. 
Руденконың  [4]    еңбектерінен  қазақтардың  əр  үйінде  киіз  жəне  киізден  жасалған  үй  жиһаздарын 
көруге  болатындығын  жазады.  ХХ  ғасырдың  50-жылдардың  аяғынан  бастап,  1990  жж.  дейінгі 
Отандық этнограф жəне тілші ғалымдар Э.Масановтың [5], С.Қасимановтың [6], Ə.Тəжімұратовтың 
[7],  М.Мұқановтың [8], Ə.Марғұланның [9], жəне Д. Мұхамедованың [10] зерттеу еңбектерінде киіз 
басу өнерінің технологиясы жəне киізден жасалатын сырмақ, текемет, тұскиіз сияқты бұйымдардың 
таралу аймағы, оның бетіне салынатын ою-өрнегінің түрлері жайында айтылады. Еліміз Тəуелсіздігін 
алған жылдары ұлттық мəдени құндылықтарымызды зерттеу жəне оны көпшілік қауымға насихаттау 
ісі арта түсті. Осыған байланысты көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалар жарияланды. Мəселен, 
Ө.Жəнібековтің  [11],  өнертанушы  Ш.Тоқтабаеваның  [12]  зерттеу  еңбектері  жарық  көрді.  Сонымен 
қатар, 2012 жылы ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры, этнолог-ғалым Нұрсан Əлімбайдың 
жетекшілігімен  жəне  ғылыми  редакторлығымен  жарық  көрген  «Қазақтың  этнографиялық 
категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дəстүрлі  жүйесі»  атты  энциклопедияның  3-томындағы 
«Киіз  басу»  [13]  сондай-ақ,  аталмыш  энциклопедияның  5-томындағы  «Текемет»  [14]  атты  мақалада 
текемет басу өнері жəне оның бетіне салынатын ою-өрнектері жайында кең көлемде сипатталған. 
Біз  бұл  мақаламызда  бет  санының  шектігіне  байланысты  киіз  бұйымдарының  ішінен  тек  – 
текеметке  ғана  тоқталуды  жөн  көрдік.  Себебі,  текемет  Қазақстанның  барлық  аймағында  кең 
қолданыста болған.  
ҚР  Мемлекеттік  Орталық  музейінің  (əрі  қарай  ҚР  МОМ)  «кілем-киіз»  бұйымдары  коллекциясы 
қорында 91 сақтам бірлік текемет сақтаулы. Олардың көпшілігі жекеленген адамдардың тапсыруы-
мен  түскен.  Сондай-ақ,  ҚР  МОМ  қызметкерлерінің  Қазақстанның  əр  аймағына жəне Түркіменстан-
ның,  Қарақалпақстанның  қазақтар  тұратын  елді  мекендеріне  жасаған  этнографиялық  экспедициясы 
барысында жинақталған.  
Текемет – киіздің бетіне көркемдеп түрлі ою-өрнек салып басылған үй бұйымы. Ол тек төсеніш 
ретінде  қолданылған.  Ертеде  киіз  үйдің  еденінен  сыз  өтпеу  үшін  жерге  шыпта  ши  төсеп,  оның 
үстінен  бетіне көркемдеп  түрлі  өрнек салып  басылған  текемет  төселетін. Мұндай  жүннен  басылған 
текеметтер жерден сыз өткізбейтін, жылу сақтағыш қызмет атқарумен қатар, үйдің ішіне көрік беріп 
те тұрады. 
Текемет, көбінесе, ақ немесе қара түсті болып келеді. Яғни, оның тFсегі (фоны) қара түсті 
болса,  бетіне  тартылған  ою-өрнегі  ақ  түсті,  немесе  керісінше,  тFсегі  ақ  түстен  таңдалса,  оюы  қара 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
200 
түсті  болады.  Сонымен  қатар,  текеметтің  өңін  аша  түсу  үшін,  оның  қара  немесе  ақ  түсті  төсегіне 
тEрді яғни, ою-өрнекті қызыл, сары, жасыл, күлгін түске боялған жүннен салған. 
Əдетте, текеметтің 
композициясы кілем тəрізді ортасы кFл, оны кейде таба- деп те атайды, жиегіндегі жалпақ жолағы 
-орған жəне текеметтің кFлі мен -орғаныны! арасын айырықшалап тұратын су деп аталатын жіңішке 
жолақтардан  тұрады.  Текеметтің  көліне  отау  өрнегі  ретінде  екі  немесе  одан  да  көп  шаршы  (ромб) 
салынып,  ішіне  мүйіз  өрнегінен  түрленген  тFрт-Gла-  өрнектері  басылады.  Жиегіне  айналдырыла 
тFсегінен  (фонынан)  өзге  түсті  су  жүргізіліп,  арасындағы  қорғанына  ит-Gйры-  немесе  тGлғамEйіз, 
тGмарша,  сы!армEйіз  өрнектері  салынады. 
Кейбірінің  жиегі  айналдырыла  ешкі  немесе  жылқы 
қылынан шашақталып жасалады. Жиегінің шашақталуы жайында ХІХ ғ. аяғындағы Торғай өңірінің 
мал  шаруашылығын  зерттеген  А.И.  Добросмыслов  былай  деген  болатын:  «...  ешкіні!  əдемі  Gзын 
жEнді  терісін  таспалап  тіліп  алып,  -ыз  жасауына  кілеммен  бірге  -оса  берілетін  текеметті! 
жиегін айналдыра кFмкереді» 
[1. 278 с]
.  
Текемет  басу  өнері  Қазақстанның  барлық  аймағында  кеңінен  тараған.  Əйтсе  де,  əр  аймақтың 
шеберлерінің  басқан  текеметтерінде  жергілікті  ерекшеліктері  байқалады.  Мəселен,  Қазақстанның 
батыс  өңірі  тұрғындарының  арасында,  екі  жағына  да  түр  салып  басылған  екі  бетті  текеметтер 
кездеседі.  Бұндай,  текеметті  басу  өнері,  көбінесе,  көршілес  түркімен  халықтары  арасында  да  кең 
тараған.  Қазақстанның  батысын  мекендеген  қазақтар  арасында  аталмыш  екі  бетті  текеметті  басу 
өнері  көшпелі  тұрмыс  кешіп  түркімендермен  тығыз  этноконтактілік  байланысқа  түсуінің  əсерімен 
ауысқан  деп  айтуға  болады.  Батыс  Қазақстан  (Орал)  облысында  жасалған  осындай  екі  бетті 
текеметтің бір үлгісі ҚР МОМ қорында сақтаулы (КП 21653).  
   
 
 
Екі бетті текемет. Батыс $аза-стан (Орал) облысы. $Р МОМ -орынан (КП 21653). 
 
Сондай-ақ, Қазақстанның батысы мен Қызылорда өңірі тұрғындары арасында, ақ түсті тFсегіні! 
көліне  (ортасына)  түрлі-түске  боялған  талдырма  киізден  сы!армEйіз  немесе  сы!арFкше  сияқты 
өрнектерді қиып алып, кFліне отау өрнегі ретінде екі немесе үш шаршы (ромб) салып, ішіне тFрт-
-Gла-  өрнегі  басылады.  Бұндай,  текеметтердің  бетіндегі  ою-өрнегі  айқын  көрініп  тұратындығымен 
ерекшеленеді. ҚР МОМ қорында осындай текеметтің көптеген түрі сақтаулы. Соның бірі КП 17730 
нөмерлі текемет.   
 
Текемет. А-тFбе обл. $Р МОМ -орынан (КП 17730). 
Жетісу  өңірі  шеберлерінің  басқан  текеметтерінің  ою-өрнегі  ірі,  айшықты  болып    келетіндігімен 
ерекшеленеді. ҚР МОМ қорында Жетісу өңірі текеметінің бір үлгісі КП 16922 нөмерімен сақтаулы.   
 
 
Жетісу текеметі. $Р МОМ -орынан (КП 16922).
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
201 
Қазақстанның оңтүстік өңірі шеберлерінің қолынан шыққан текеметтер өзіндік ерекшеліктері бар. 
Мəселен, текеметтің «тFсегі» деп аталатын қоңыр немесе ақ түсті тFсегіне ашық сары немесе қызыл 
түсті  жүннен  жұқалап  «бет»  тартып  алып,  ою-өрнегін  түрлі-түске  боялған  шүйкеленген  жүннен 
созып отырып салады. Кейде, текеметтің жиегі түрлі-түске боялған жылқы қылынан немесе ешкінің 
ұзын жүнді терісін таспалап тіліп алып, бірге басып шашақтап жасаған. ҚР МОМ қорында осындай 
шашақты текеметтің келесі бір түрі КП 16857 нөмерімен сақтаулы.  
 
 
Шаша-ты текемет. О!тEстік $аза-стан (Шымкент) обл. $Р МОМ -орынан (КП 16857). 
 
ҚР  МОМ-ның  «кілем-киіз»  бұйымдары  коллекциясы  қорында  сақтаулы  өзге  де  аймақтардың, 
яғни,  Шығыс  Қазақстан,  Орталық  Қазақстан  жəне  Солтүстік  Қазақстан  өңірлерінің  текеметтеріне 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  айтарлықтай  айырмашылықтар  байқала  бермеді.  Ондағы 
текеметтердің ақ немесе қара түсті төсегінің (фонының) кFліне отау өрнегі ретінде екі немесе бірнеше 
шаршы  (ромб)  салынып,  ішіне  тFрт-Gла-  өрнектеріне  толтырылған. 
Жиегіндегі  қорғанына 
ит-Gйры- немесе тGлғамEйіз, тGмарша, сы!армEйіз сияқты өрнектерге толы болып келеді. 
Текемет
  басу.  Текеметті  қойдың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет