Тірек сөздер: Алаш, аттан, жеті жарғы, жүз, ру, тайпа, төре, қожа, ұран.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу тарихында ұран, таңба сынды рəміздік мəнге ие ұғымдар
жоғары рөл атқарған. Халықты, ру-тайпаны аса маңызды іске, мақсатқа жұмылдыру үшін жігерлен-
діре, рухын көтеру мақсатында жар сала айтылатын дабыл сөзді ұран деп атайды. Өйткені, ұран тұтас
қауымды біртұтас етіп, ортақ мақсатқа жұмылдырып, күш-жігер қосатын, патриоттық сезімін
оятатын, рух беретін ерекшеліктерге ие қасиетті ұғым. Бұл жөнінде Орынбор Шекара Комиссиясы-
ның чиновнигі Л.Баллюзек қырғыздар (қазақтар) үшін əдет-ғұрыптардың бірде-бірі дəл ұран сияқты
қасиетті бола алмайтындығын айрықша атап өтеді [1, с. 245]. Л.Баллюзектің айтуынша, ұран бүкіл
руластарды, тіпті олардың дос-жарандарына да, басқа рудағы құда-жекжаттарына да қарсы шапшаң
түрде жұмылдыра алатын күшке ие. Өйткені, қазақ өзіне таныс ұранды естіген бойда-ақ өзге дүниені
ұмытады.
Дəстүрлі қазақы ортада, негізінен, ел басына қиын-қыстау заман туғанда ақылымен, ерлігімен
көзге түскен тұлғалардың есімдері мен атамекен атаулары ұранға айналған. Əсіресе, қазақ халқы
үшін ауыр қасірет əкелген жоңғар шапқыншылығы тұсында атқа мінген көптеген қазақ батырлары-
ның есімдері бір ғана емес бірнеше рулардың да ұрандарына айналып отырды. Мысалы, сол тұста
Жетісу өлкесінде қол бастаған Райымбек батыр есімі өзінің шыққан руы Албан руларынан өзге осы
өлкені мекен еткен Суандардың да ұран салу дəстүрінде кездеседі.
Ұран ұғымының тарихи бастауларын түрік халықтарының шежірелік дəстүрінде Шыңғыс ханмен
байланыстыратын аңыздар көп. Бұл жөнінде татар оқымыстысы Ибрагим Хальфиннің 1822 жылы
қазанда жарық көрген «Ахуал Шыңғыс хан уа Ақсақ Темір» атты еңбегінде Шыңғыс хан
династиялық əулеттің негізін салушы ретінде қарамағындағы бағынышты ру-тайпалардың билерін
тағайындап, руларға рəміздік белгілерді – таңбалар, ұрандар, ерекше құстар мен ағаштарды белгілеп
бергендігі туралы баяндалады [2]. Мəселен, Қоңырат би оғлы Сеңлеге «Қоңырат», Үйсін Майқы биге
«Салауат», Қыпшақ биге «Тоқсаба» ұран ретінде берілген. Осы тектес аңызды Ш.Құдайбердіұлы да
өз шежіресінде келтіріп, қазақ халқындағы ұран ұғымының түп қазығын Шыңғыс ханмен
байланыстырады [3, 16 б.].
Дəстүрлі қазақы ортада ұранның əрбір ру-тайпаның, халықтың функционалдық мəні үлкен
атрибуты болғандығын əз Тəуке ханның (1680 – 1715-18 жж.) əйгілі «Жеті Жарғы» заңдар жинағынан
да байқауға болады. «Жеті жарғының» Саққұлақ би нұсқасында «Dр руды! Gраны, та!басы болсын», –
деген арнайы бап (113-бап) кездеседі [4, 313-389 б.]. Бұл ұранның мемлекеттік идеологиялық күш
ретінде жұмыс атқарғандығын көрсетеді.
Қазақ қоғамында əр ру-тайпаларының өзіне тəн ұраны болғаны секілді (караңыз кесте), төрелер-
дің де, қожалардың да жəне өзге де жүзге кірмейтін рулардың өз ұрандары болған. Оны қазақ
халқында кездесетін «Ар-ар Gранды тFре», «Алла Gранды -ожа», «Алаш Gранды -аза-» деген сөз
тіркестерінен көре аламыз.
Қазақ ру-тайпаларының ұрандары халықтық, жүздік, рулық болып жіктеліске түседі. Ең алдымен
жалпы қазақ халқына ортақ Алаш ұранына тоқталсақ. Бұл туралы Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы келтірген
«Бұл қазақ қай уақытта «Үш жүз» атанған?» атты аңызда: «БGрынғы заманда -аза-ты! «ЖEз» деген
аталарыны! аты болса керек. «Алаш» деген де аталарыны! аты болса керек. «ЖEз» деген атты
руға, «Алаш» деген атты Gранға -ойып, жауға шап-анда, «Алаш, Алаш» – деп шабы!дар!. «Алаш,
Алаш!» – демегенді əке! де болса, Gрып жы-!» – деп бата -ылысыпты» [5, 131-135 б.], – деген
жолдар кездеседі.
Ұлы жүз ұрандары – Бақтияр, Қабылан, Орта жүз ұраны – Ақ жол, Кіші жүз ұрандары – Алшын,
Алдияр, Тұлпар тəрізді ұрандар қазақтың жүздік құрылымдарына тəн. Бұл жүздерге тиесілі ұрандар
Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж.
188
кейбір ру-тайпалардың да жекелеген ұрандары болып табылады. Сондай-ақ, шежіреде түп атасы бір
болғандықтан кейбір ру-тайпалардың ұрандары да бірдей болып келеді. Мысалы, Дулат, Жалайыр,
Ошақты руларының ұраны – Бақтияр болса, Қаңлының ұраны – Бəйтерек. Бұл қазақ ұрандарының
шежіремен шендесіп жатқандығының айғағы. Шежіреде Қаңлы мен Шанышқылы Бəйтеректен
тараса, өзге Ұлы жүздің руларын Бақтиярдан таратылады [6, 111-120 б.].
Жалпы қазақ халқында ұрандардың қолданысқа шығу негізі рулардан бастау алады. Белгілі рудың
батыры ең алдымен, ерлігімен көзге түсіп өз руының ұранына айналса, кейіннен даңқы үш жүзге
тараған тұлғаға айналғанда есімі жүздік немесе халықтық ұрандарға айналып жатады. Мəселен,
жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастар барысында қол бастаған хандардың, батырлардың
есімдерін бүкіл қосын ұрандатып, атой салған.
Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы Үйсін Төле бидің түйесін баққан Сабалақтың қалай Абылай
атанғандығы туралы аңызда елеусіз жүрген Сабалақ жоңғарға қарсы жорықта «Абылай, Абылайлап»
ұрандатып шапқан. Осы шайқаста ерлік көрсеткендіктен, Абылай атанып, есімі ұранға айналған [7,
17-20 б.].
Ел аузындағы аңыздардың бірінде шайқаста хан Абылай өзін құтқарып қалған Тоғанас батырды
шақыртып: «Сені! есімі! – елде жо- есім екен, елде жо- есімді иеленген адам бір тайпаға кFсем
болуға лайы-. Лайы-тығы!ды ісі!нен кFрдім. Аты! бір рулы елге Gран болатындай-а- ер екенсі!.
КFп жаса, шырағым», – депті. Аузы дуалы Абылайдың сөзінен соң, кейін Тоғанастың аты күллі
Сіргеліге ұран болып қалыптасыпты [8, 155-158 б.].
Кесте
Ұлы жүз ру-тайпаларының ұрандары
№
Ру атауы
%раны
№
Ру атауы
%раны
1.
Албан
Райымбек
7.
Сарыүйсін
Байтоқ
2.
Суан
Байсуан, Райымбек
8.
Шапырашты
Қарасай, Бақтияр
3.
Жалайыр
Бақтияр, Қабылан
9.
Қаңлы
Айырылмас, Бəйтерек
4.
Дулат
Бақтияр
10. Ысты
Жауатар
5.
Ошақты
Бақтияр
11. Шанышқылы
Айырылмас, Бəйтерек
6.
Сіргелі
Тоғанас
Орта жүз ру-тайпаларының ұрандары
№
Ру атауы
%раны
№
Ру атауы
%раны
1.
Арғын
Ақжол, Қарақожа
5.
Қыпшақ
Ойбас
2.
Найман
Қаптағай, Қабанбай
6.
Қоңырат
Алатау, Мүкəмал
3.
Уақ
Бармақ, Жаубасар
7.
Тарақты
Жаубасар, Жауқашар
4.
Керей
Ақжол, Жаубасар, Ошыбай
Кіші жүз ру-тайпаларының ұрандары (Он екі ата Байұлы)
№
Ру атауы
%раны
№
Ру атауы
%раны
1.
Шеркеш
Шағырай
7.
Тана
Тана
2.
Ысық
Бəйтерек
8.
Жаппас
Баймұрат, Бақтыбай
3.
Байбақты
Дəуқара
9.
Беріш
Ағатай
4.
Масқар
Қаратай
10. Адай
Бекет, Тегелен
5.
Алаша
Алтыбас, Байбарақ
11. Есентемір
Алдоңғар
6.
Қызылқұрт
Жиенбай
12. Таз
Бақай, Төремұрат
Кіші жүз ру-тайпаларының ұрандары (Алты ата Əлімұлы)
№
Ру атауы
%раны
№
Ру атауы
%раны
1.
Кете
Майлыбай
4.
Төртқара
Айыртау
2.
Шекті
Айыртау, Бақтыбай, Жанқожа
5.
Қарасақал
Алдажар
3.
Қаракесек
Ақпан
6.
Шөмекей
Дөйт
Кіші жүз ру-тайпаларының ұрандары (Жетіру)
№
Ру атауы
%раны
№
Ру атауы
%раны
1.
Телеу
Арғымақ, Тұлпар, Ханзада
5.
Керейт
Ақсақал, Үнтүм
2.
Рамадан
Дулат, Қайғұлым
6.
Табын
Алаш, Серке, Тостаған
3.
Тама
Қарабура
7.
Жағалбайлы
Манатау
4.
Кердері
Қожахмет
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г.
189
Шежірелік аңыздарда батырлардың шайқаста көрсеткен ерлігі үшін өз руының ұранын сұрап
алған оқиғалар да кездеседі. Сондай аңыздардың бірінде жас батыр Ағатайдың өзі руға ұран болуын
қалап сұрап алғандығы баяндалады: «Ағатайды! жасы он алтыға толғанда, елді жау шауып кетіп,
ауыл адамдары жауды -ума-шы болады. Ағатай бірге барғысы келсе де, əкесі жібермейді. ЖGрт
кетіп -алғасын -олына бір -ылыш алып, Ағатай тай мініп -уып жетеді. ЖGрт оған: «-ал» дейді.
«Орталары!а бір есер керек, мені -ума!дар» – дейді. Сонымен жауды -уып жетіп соғыс болғанда,
Беріш жағы же!іліп -алады. Жау арасында -алып -ойған Ағатай жауды! артында шауып отырып
бір-бірлеп -Gлата береді. Жауды! саны азайып кейін шап-анда, Ағатай «Ағатай, Ағатайлап» ай-ай
салып, -уа жFнеледі. Берішті! адамдары да -уып, жауды! -алғанын тGт-ынға алады. Осы жолы
Ағатай олжа алмайды. Енді не керек дегенде: «Берішті! Gранын берсе!дер болады» – деген екен [8,
293-294 б.]. Сонымен Беріштің ұраны жас батыр Ағатайдың атымен аталатын болады.
Жауынгерлік ерліктен өзге дін жолында рухани ұстаз болған əулиелердің де есімдері ұранға
айналған. Мысалы, қожаның ұраны – Қожа Ахмет, таманың ұраны – Қарабура. Қожа Ахмет Ясауи
туралы аңыздардың бірінде, ол өлерінің алдында өзін қара бура мініп келген кісі алып кетіп,
жерлейтіндігі жөнінде айтады. Сол айтқандай, Сұлтанның денесін алып кетуге келген Тама өзін
диуана, шейх етіп көрсетіп, Сұлтанның мүрдесін Қара бураға өңгеріп алып кетіп, Қожа Ахмет
Ясауидің аманатын орындаған. Кейіннен халық Таманы «Қара Бура Əзі» атап кетіп, есімі бүкіл тама
руына болған [8, 323-324 б.].
Қазақ халқында есімі ұранға айналған əйел адамдар да кездеседі. Бəйдібектің Нұриладан туған
қызы Қызайым он жеті жасында найман еліне ұзатылады. Барған жерінде тəрбиелі мінезі, тəлімгерлік
ісімен елге танылып, ел ішіндегі даулы істерге араласып, əділ шешімдерімен халықтың анасына
айналады. Ұрпақтары есімін ұранға алып, Найманның ішіндегі Қызай руы атанады [9, 17 б.].
Көшпелі ортада жер-су атаулары да ұран ретінде қолданылған. Мəселен, қоңыраттардың Алатау
ұранын атап өтуге болады. Бұл жөнінде ел аузында аңызда сақталған. Аңыз желісі бойынша,
-о!ыраттар Шы!ғыс ханны! жорығына -атты -арсылы- білдіргендіктен, «-о!ырат» дегенді
Fлтіре беріпті. Солай бола тGрса да, -о!ыратты! бір -ызын алады. Ол кісі 7 жасар Мейрамды
(інісі) санды--а салып жасырып жEреді. Шы!ғыс ханны! бір кF!ілді кезін пайдаланып: «Сіз Eлкен
-ателесті!із, Fзі!із -айынсыз, бала!ыз нағашысыз, əйелі!із, мен тFркінсіз -алды-», деген екен.
Сонда Шы!ғыс хан «$о!ыраттан Gрпа- болса, Алатаудан асыра кFтерер едім» деген сFзі деген
екен. Сонда санды-тағы Мейрамды шығарып кFрсеткен екен. $о!ыратты! «Алатаулап» Gран
ша-ыратыны содан -алған екен [8, 248-249 б.]. Бірақ, Алатау ұранын тек қана жер-су атауынан
шыққан десек, Қаратаудың етегін мекен еткен қоңыраттардың Алатау деп ұрандатуы қисынға
келіңкіремейді. Демек, аталмыш ұран адамның есімінен шыққандығы даусыз. Өйткені, қоңыратта
Тəуекел хан тұсында ерлігімен көзге түскен, Есім хан тұсында бас қолбасы болған Алатау (шын есімі
Əз-Ғараб) батыр Бесайдарұлы атты батыр даңқы Үш жүзге тараған. Демек, қоңыраттардың Алатау
ұранын жер-су атауына да, кісі есіміне де жатқызуға болады.
Жер атауына байланысты қалыптасқан келесі бір ұран Кіші жүздің Төртқара руына тиесілі. Бұл
жөнінде, шежірелік аңызда Əлімнің балалары Қаратаудың солтүстігіндегі, Ұлытауға жақын
«Айыртау» жайлауында мекендеген екен. Сол тұста Қарамашақ 21 жасында қалмақтармен соғыста
шейіт болып, Айыртауға жерленіпті. Қарамашақтан қалған төрт қара бала Жаманақтың қамқорлы-
ғында, тəрбиесінде өсіпті. Ал Жаманақ болса осы төртеуіне: «Сен, тFрт балам, $арамаша-ты!
баласысы!дар, əке! – $арамаша-, əке! осы жерде соғыста -айтыс болды, əке! $арамаша- екенін
Gмытпа!дар, Fскен со! «Айыртаудағы» əке!ні! бейітіне келіп зиярат етіп, дGға о-ып тGры!дар,
мен сендерді – «тFрт -арамды» ер жеткізіп, ел -атарына -осып жіберсем, арманда жастай
мар-Gм болып кеткен інім $арамаша-ты! рухы риза болып, оған деген туысты-, ағалы- борышым-
ды а-таған болар едім» – деп күніне бір рет айтып, санасына сіңіре берген екен дейді. Ел қатарына
қосылған төрт бала Қарамашақтың баласымыз деп өсіпті. Жауға шапқанда əкесі Қарамашақтың
бейітіне барып дұға оқып шыққан соң, «Қарамашақ», «Қарамашақ», «Айыртау», «Айыртау», деп
ұрандап, атой салады екен. Осыдан тараған ұрпақтар Төртқара атанып, Қарамашақтың жерленген
жері «Айыртау» олардың ұранына айналыпты [8, 313-314 б.]. Айыртау деген кісінің аты Төртқара
руының шежіресінде кездеспейді.
Жоғарыда көрсетілген аңыздарды қорыта келе, қазақ ру-тайпаларының ұрандарын кісі есімдеріне,
жер-су атауларына жəне жер-су атауына да, кісі есіміне де жататын ұрандар деп үш топқа жіктеуге
болады. Кісі есімдеріне Бақтияр, Райымбек, Қарасай, Бекет т.б., ал жер атауларына Айыртау, Алтай
ұрандары жатады. Қоңыраттың Алатау ұранын кісі есіміне де, жер атауына да жатқызуға болады.
Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж.
190
Бұдан өзге «Аруақ», «Аттан» сынды ұран салу үлгілері қалыптасқан. Атап айтқанда, қазақ халқы ел
ішіне жау шапқанда «Аттан» салып ұрандатса, шайқастар мен жекпе-жек ұрыстарда «Аруақ» деп
ұран шақырған.
Қазақ халқын «туған жер», «ата-баба» сынды қасиетті ұғымдар біріктіре түседі. Демек, ру-
тайпалардың ұрандары қазақ халқының ұлт болып ұйысуында өзіндік символикалық жоғары мəнге ие
болғандығы даусыз. Өйткені, қазақ ру-тайпаларының ұрандарын əйгілі тұлғалардың есімдері мен
жер-су атаулары құрайды.
1
Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой киргизской орде силу
закона // $аза-ты! ата за!дары: -Gжаттар, деректер жəне зерттеулер. 6-том. – Алматы: Жеті жарғы,
2005. – С. 205-246.
2
Хальфин И. Жизнь Джингизъ-хана и Аксакъ-Тимура. – Казань: Университетская типография, 1822.
3
$GдайбердіGлы Ш. ТEрік, -ырғыз--аза- Məм хандар шежіресі. – Алматы: Сана баспасы, 1991. – 80 б.
4
Са--Gла-Gлы Е. Есім ханны! ескі жолы // $аза-ты! ата за!дары: -Gжаттар, деректер жəне
зерттеулер. 4-том. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. –145-152 б.
5
КFпейGлы М.Ж. Шығармалары. Т.8. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. – 312 б.
6
БейсенбайGлы Ж. $аза- шежіресі (ғылыми дəйектер мен «Ана тілі» газетіне келіп тEскен -алы!
шежірелік мəліметтер негізінде жасалған). – Алматы: АтамGра, 1994. – 160 б.
7
КFпейGлы М.Ж. Шығармалары. Т.9. – Алматы: Ел-шежіре, 2009. – 352 б.
8
Бабалар сFзі: ЖEз томды-. Т.83: Шежірелік а!ыздар / Томды -Gрастырып, баспаға дайындағандар:
Dлбеков Т., Орынғали $., Елесбай Н. – Астана: «Фолиант», 2012. – 448 б.
9
Суан шежіре: %раны – Байсуан, Та!басы – Аба- / $Gрастырушы: С.ЕшмGхамбетов. – Алматы: Жалын,
1993. – 144 б.
Резюме
В статье рассмотрен родо-племенной боевой клич союза казахских племен – собственно национальная
символика казахского народа, сыгравшая значительную роль в период формирования казахской нации. Автор,
акцентируя внимание на смысловом значении боевого клича, историю формирования различных его типов,
основываясь на трудах исследователей, дает полный его анализ. В связи с тем, что казахский родо-племенной
боевой клич тесно увязан с родо-племенной летописью, не остались вне поля зрения исследователей и летописи
и легенды. Ибо, в устах народа сохранилось множество легенд о том, как имена батыров превращались в
родовой боевой клич.
Ключевые слова: Алаш, аттан, жети жаргы, жуз, род, племя, торе (чингизид), ходжа, клич.
Summary
The article reviewed the battle cry of Kazakh tribasl alliance – their own national symbols of the Kazakh people,
who played a significant role during the formation of the Kazakh nation. The author, focusing on the semantic meaning
of a rallying battle cries, the story of the formation of its various types, based on the work of researchers, provides a
complete analysis of it. Due to the fact that the Kazakh tribal battle cries closely linked to tribal chronicle, did not
remain outside the purview of researchers and chronicles and legends. In the memory of the people survived many
legends about how the names of the warriors turned into a generic battle cries.
Key words: Alash, attan, seven establishment, juz, race, tribe, tore (shingizid), kodja, battle cry.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г.
191
ƏӨЖ 39:745.5
ДƏСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
(ҚР Мемлекеттік Орталық музей коллекциялары негізінде)
Қоғабаева Г. - $Р Мемлекеттік Орталы- музейі, этнология жəне антропология орталығыны!
жоғары категориялы жоғары дəрежелі -ор са-таушы маманы
Мақалада ҚР МОМ қорындағы киім-кешек коллекциясы негізінде дəстүрлі киім-кешек тігуде пайдаланыла-
тын негізгі материалдар туралы сөз болады. Коллекциядағы ұлттық киім-кешек негізінде төрт түліктен алын-
атын тері, жүн өңдеуді іске жарату əдіс-тəсілдері, сапасы этнографиялық тұрғыдан талданылады. Сондай-ақ
көршілес елдермен сауда-саттықтың дамуы нəтижесінде сырттан əкелінген маталар да қарастырылады.
Тірек сөздер: тері, былғары, пұшпақ, күдері, жүн, сақтиян, тарамыс, шегірен, шыт, миткаль, барқыт, атлас,
парша, қамқа.
Киім-кешек – мəдениеттің үлкен бір компоненті жəне өнеркəсіптің даму көрсеткіші болып
табылады. Оның сəнделуі мен эстетикасындағы өзіндік ерекшеліктер белгілі бір мəдениеттің
төлтумалығынан, сондай-ақ қоғамның əлеуметтік құрылымынан хабар береді.
Дəстүрлі мəдениетте қазақтың ұлттық киім-кешегінің сəні мен эстетикалық құндылығы оның
дайындалатын материалына жəне сəнделіп əшекейленуіне байланысты болғанымен, бұл тақырыпта
жазылған ғылыми зерттеулер саны мардымсыз. Алайда дəстүрлі қазақ киім-кешегінде пайдаланылған
материалдар туралы деректерді орыс жəне шет ел саяхатшыларының экспедиция барысында
жинақтаған музейлік коллекциялар қорынан табуға болады. Ғасырлық тарихы бар дəстүрлі киім-
кешектер туралы құнды ақпарат беретін музейлік коллекцияларға толы ҚР Мемлекеттік Орталық
музейі (əрі қарай ҚР МОМ) солардың бірегейі болып табылады. Сондықтан да ҚР МОМ қорындағы
баскиім, бойкиім, сырткиім жəне аяқкиім тігуге пайдаланылатын материалдардың типтік түрлері,
олардың сапасы, пішілуі, тігу техникасы, сəнделуі сияқты мəселелерге этнографиялық тұрғыдан
талдау жасаудың ғылыми-практикалық мəні зор.
Қазақтың ұлттық киім-кешегі жылдың төрт мезгіліне сай көшіп-қонуға ыңғайлы етіліп тігілді.
Дəстүрлі ортадағы киім-кешектер негізінен төрт түліктен алынатын жүн, түбіт, қыл, тері сияқты
шикізаттың алуан түрлерін əртүрлі технологиялық тəсілдермен өңдеу арқылы алынған жіп, киіз,
қырым, былғары, өңделген тері, елтірі түрлері өнімдерінен жасалды. Сондай-ақ шаруашылықтың
қосалқы түріне жататын аңшылық кəсіптен түскен аң, құс терілері, қауырсын, пұшпақ сияқты
өнімдері киім-кешекті сəндеуге кеңінен қолданылды [1, 566-568; 2, 345; 3, 93-144].
Қазақ жеріне саяхат жасаған жиһанкездердің жолжазбалары мен қытай жылнамаларында Орта
Азияны мекендеген көшпелілер тері, жүн жəне бағалы аң терілерінен дайындалған киім-кешекті кең
қолданғандығы туралы жиі айтылады. Солардың арасында Сейфидің 1582 жылы жазылған
шығармасында қазақтардың киімі туралы қызықты мағлұмат бар. Ол былай деп жазады: «...олардың
күртелері қойдың терісінен жасалған, əртүрлі түске боялады да, атласқа ұқсайды, оларды Бұқараға
əкеліп, атлас шекпеннің құнымен бірдей бағаға сатады» [4, 56-62]. Яғни бұдан, киім-кешек тігуде кең
пайдаланылған малдың иленген терісі, былғары, жұқа киіз, түйе, қой, ешкі жүні, түбітінің жоғары
бағаланғандығын, құндылығын байқауға болады.
Қазақтың көшпелі шаруашылығынан алынатын малдың терісі мен жүні негізгі тұрмыстық
қажеттіліктерді толық өтеп отырған. Қолдану аумағы жағынан шикізат ретінде теріден тігілген киім-
кешек түрлері басты орында тұрды. Əсіресе, төрт түлік малдың терісі өте қымбат шикізат болып
табылады. Соның ішінде ірі қараның терісін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп
топтастырылады. Ал жылқы терісін – бие терісі, жабағы жəне -Gлын терісі деп, түйе терілерін атан
жəне бота терісі, ешкі терілерін жEндес тері, та-ыр тері, тEбітті тері, серке терісі, ла-, мари терісі
деп бөледі.
Дəстүрлі мəдениетте жылу сақтайтын сапалы материал ретінде теріні қолданудың алуан түрлі
техникалық əдіс-тəсілдері қалыптасқан. Терінің түгін алмай илеуден өткізіп, оны көбіне сырткиім
тігуде қолданған, сонымен қатар, түгі алынған (былғары, -ырым, жарға-, кEдері) терілер де
пайдаланылған. Теріден баскиім түрлері, ішік, тон, дақы, қыстық шалбарлар тігілген. Ал аяқкиім
тігуде сиыр терісі таптырмас материал болып саналған екен. Қойдың, ешкінің, тайлақтың
пұшпақтарынан құрап ішіктер тігілген. Сондай-ақ С.Паллас XVIII ғ. кедей қазақтар киіктің терісінен
Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж.
192
киім тіккен деген деректерді айтады [5, 567]. Расында да қазақы ортада киік, бөкен, құлан, тауешкі
сияқты қазақтар «-о!ыр а!» деп атаған аңдар терілерін өңдеу мал терісіне қарағанда қиындық
тудырмаған. Яғни, əлеуметтік деңгейге байланысты киім тігуде қолданылатын материалдар мен мата
түрлері де сан алуан болғандығын көруге болады.
Малдың терісі жалпы Eш қабаттан тұрады: сыртқы жүні, негізгі тері бөлігі, ішкі майлы көк ет пен
шелді бөліктері. Терінің жүнін пайдаланылатын өніміне байланысты кейде жүнін сылып қырып
алады немесе жидітіп түсіріп илейді. Ел арасында мал терісін илеудің екі əдісі бар: біріншісі – теріні
толық малмаға малып батырып илеу, екіншісі – иді терінің шел жағынан бетіне əлденеше рет жағып
«иі жағып илеу». Теріні сырт киімдерді тігуге қолдану үшін терінің жүнін алмай өңдеуден өткізген.
Сондай-ақ терінің қай малдан алынғандығына байланысты оның түр-түсі де жүні мен қылшығының
жуан-жіңішкелігіне қарай əр түрлі болып келеді. Ал терінің сапасы малдың жасы ұлғайған сайын
қалыңдап, төмендейді, ұрғашы малдың терісі еркек малға қарағанда биязы əрі сапасы жоғары болып
келеді.
Сондай-ақ қазақ киім-кешегінің ішінде аң терілерінен тігілген киім үлгілері ерекше бағаланған.
Əсіресе, түлкі, сусар, құндыз, күзен, қарсақ, қоян терілері көбінесе жағалы киім мен баскиім түрлерін
тігуге жəне сəндеуге қолданылған. Тіпті аң терілерінен дайындалған киім үлгілері қыз жасауының
құрамында, сондай-ақ құдандалық салтта, сый-сияпат тартуда (киіт, тарту-таралғы) құнды тарту-
таралғы болып саналған.
Жалпы, мал терілері пGшпа-, мойын, жонды-, бауыр, сауыр, Eйектік деп бөлінеді. Əсіресе,
малдың немесе аңның сирақ терісі – пұшпақ жұмсақ, жеңіл əрі жылуды жақсы сақтайтын қасиетіне
байланысты балалардың киіміне жəне ауақаттылар арасында кең қолданылған. Сондай-ақ жабайы
аңдардың пұшпақтарынан тігілген пGшпа- ішік пен пGшпа- бFріктер үлкен сұранысқа ие болған.
Мұндай пұшпақ ішіктер мен бөріктер ҚР МОМ қорында сақталған.
Сурет 1. ПGшпа- ішік. $Р МОМ -орынан (КП 12785)
Солардың бірі – түлкі пұшпағынан құрап тігілген пұшпақ ішік (КП 12785). Ол сұр түсті жай
матамен тысталған. Жон жағына 20 х 50 см көлемді тауешкінің терісі күсілген. Тері мен тыс арасына
жұқалап бидайы салынған. Астар мен тысы біріктіріле алшақ тігілген. Жаға, етек, жеңі айналдыра
құндыз терісімен жұрындаған. Ерекше бағаланатын мұндай ішік біркиер киімдердің, яғни сəнді,
салтанатты киім қатарына жатқызылады [6, 90]. Сондай-ақ Жетісу мен Алтай өңірлерінде сусар
терісінен тігілген сусар ішік, сусар бFрік, сусар жағалы тондар құдалықта киітке, қыздың жасауына
берілетін қымбат бұйымдар қатарына жатқызылған. Көшпелі ортада аса жоғары бағаланатын сусар
терісімен жұрындалған бөрік кию бекзадалар мен бектердің қоғамдық мəртебесін білдіретін
көрсеткіш іспетті болған.
Сурет 2. Сусар терісінен тігілген пGшпа- ішік. $Р МОМ -орынан (КП 9247)
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г.
193
ҚР МОМ қорында КП 9247 нөмірлі cусардың пұшпағынан тігілген пGшпа- ішік сақтаулы. Оның
жағасы, жеңі, өңірі мен етегі құндыз терісімен жұрындалған. Ішік өрнек бедерлі, күрең қызыл қытай
жібегімен тысталған. Сусар терісінен тігілген ішік жағаларына қырау тұрмайтындықтан жоғары
бағаланған [6, 246-247].
Сонымен қатар дəстүрлі қазақ мəдениетінде бас киім мен сырт киім тігумен қатар аяқ киім тігуде
пайдаланылатын материалдар да жануарлар мен аңдардың түрлеріне, шикізаттың илену тəсіліне
байланысты түрлері мен атаулары бірнеше топқа бөлінеді. Етікшілер қолданатын өңделген материал
атаулары мынандай: тайынша терісінен жасалғаны опайке, жылқы, ешкі терісін – көзел, қой терісін –
шегірен, сиыр терісінен былғары, боялғанын құрым, өңделген жұқа теріні – сақтиян деп атаған екен
[7,57]. Шегірен, са-тиян, кEдері деп аталатын былғарының түрлері өндірістік негізде алынып,
қолданылады. Қазақ арасында етік тігуді кəсіп еткен шеберлер аталмыш материалдардан өкшелі жəне
өкшесіз аяқкиім үлгілерін тіккен. ҚР МОМ қорында аталмыш материалдардан тігілген кебіс, етіктер
сақталған. Əсіресе былғарыдан тігілген кебістер саны басымырақ. Сондай-ақ қазақ қолөнерінде
əсіресе аяқкиім тігуде «тарамыс» деп аталатын ірі қараның сіңірінен алынатын берік жіп – таспа қең
қолданылған. Тарамысты əзірлеу үшін ірі қараның желке, жіліншек сіңірлерін сылып алып, көлеңкеге
іліп қойып кептіріп дайындайды. Кепкен тарамысты ағаш балғамен жаныштаса, ол тарамдалып,
шашақтана жұмсарады. Кейін оны тарақпен тарап, оны біркелкі жіңішке талшықтарға айналдырады
[8, 56]. Тарамыс жіп басқа жіптерге қарағанда берік болып келеді жəне шірімейді.
Келесі материал киім-кешек, əсіресе шалбар тігуде кең қолданылатын бұғы, ешкі, елік терілерінен
май сіңдіре өңделген былғары қанықпасы – кEдері. Оның сəндік үшін оның сыртқы жүн жағын емес,
астыңғы жұмсақ барқыт тəріздес түкті жағын пайдаланады. Пайдаланар алдында оны əбден ысқылап
уқалап алу керек (9, 56-62). Маймен илеп өңдеу жолымен алынған күдеріні, сəнді шалбарлармен
қатар, жылы уақытта киетін бағалы сырткиім тігуге жиі пайдаланған. ҚР МОМ қорында сақталған
ашыққоңыр (КП 7199) жəне сары түсті күдеріден (КП 627) тігілген, ала шытпен астарланған ер
адамның күдері жарғақ шалбарларының балақтары төртбұрыш пішінді күдері қиықтарынан құралып,
беттестіріліп тігілген. Күдерінің өте жоғары сапалысын ма-пал кEдері немесе кEдері ма-пал деп
атаған. Күдерінің жай түрін лақ жəне тоқтының, сонымен қатар сүт емген бұзаудың терісінен, ал
мақпал күдеріні киік, елік, қарақұйрық сияқты қоңыр аңның терісінен дайындаған.
$Р МОМ -орынан. КП 7199 жарға- шалбарлар $Р МОМ -орынан. КП 627.
Күдері илеудің негізгі ерекшелігі – майы, шелі кетіріліп, ақ жем болған шикі теріге май сіңіру
арқылы жасалуында. Күдеріге тəн ерекше қасиет – оның барқыт сияқты мақпал түктілігі, сонымен
қатар өте жұмсақ болса да жыртыла қоймайтын мықтылығы. Тіпті, сабынды сумен жууға да жарамды
болып келеді. Күдеріге су тисе құрысып қалмайды, жұмсақ жəне түсі қошқыл сарыдан қоңырға
дейінгі аралықта болады [10, 245-247].
Сонымен қатар ертеден бері ата-бабаларымыз төрт түлік малдың жүнін кəдеге жаратып отырған.
Жүннен киім-кешек дайындап қана қоймай, бау-шу ескен. Əсіресе, қойдың «жабағы», «күзем жүні»,
«қозы жүні» жəне «өлі жүн» мен түйенің «шуда», «жабағы», «боздақ» жүні кең қолданыста болған.
Жүннен бұйым дайындау үшін алдымен жүнді тазалап, түтіп, ұршықпен иіреді. Иірілген жіпті
домалақтап орап, майын кетіру үшін ыстық суға салып алады. Кейін осы дайын жіпті өрмекке салып
бұйым тоқиды.
Қазақ қолөнерінде түйенің шуда жүнінен иірілген жіптен тоқыма өрмегінде шекпен деп аталатын
мата түрі өте мол мөлшерде тоқылып қана қоймай Ресейге көп мөлшерде экспортталып отырды [11,
694-695]. XIX ғ. аяғында Торғай өңірінің түйе шаруашылығын зерттеген А.И. Добромысловтың
деректері бойынша бір түйеден шамамен 8-10 фунд, яғни 4-5 кг шуда жүн алынады екен [12, 26-29].
Түйенің жүнінен тығыз тоқылған матадан құрастырылып тігілген шекпенді Маңғыстау, Атырау
өңіріндегі жəне Түркіменстандағы қазақтар ағима, има шекпен деп те атайды. ҚР МОМ қорында
Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж.
194
сақтаулы ер адамның ағима шекпені (КП 21062-а) ашық қоңыр түсті түйе жүнінен жұқа етіп
тоқылған матадан құрастырылып тігілген. Іші қызыл жəне сарғыш түсті жолақ матамен астарланған.
Бұндай шекпен жаңбыр жəне қар суын өткізбейтіндіктен жəне аңызақ желден жақсы
қорғайтындықтан малшылар мен жолаушылар қыстың суық, аязды күндері тон сыртынан қабаттап та
киген. [12, 694-695 бб.]
Сурет 5. Ағима шекпен. $Р МОМ -орынан (КП 21062-а)
Көршілес елдермен сауданың қарқынды дамуына байланысты дəстүрлі мəдениетте киім-кешек
тігуде пайдаланылатын материалдардың түрлері де өзгере бастады. Осы кезде ауқаттылар мен
кедейлер арасындағы əлеуметтік бөлініс айқын көрініс алды. XVIII ғ. дейін қазақ даласын Шығыс
Түркістаннан əкелінген маталар жаулап алды, ал XVIII ғ. ортасында шығыстан əкелінген мата
түрлері көбейе бастады. Қазақстанның шығыс аймақтарында осы елден əкелінген жібек, мақта мата,
жүн маталар кең тарала бастады. Ал XVII ғ. Ресейден орыс көпестері қазақ хандарына сыйлық
ретінде қымбат, бағалы мата түрлерін əкеліп отырған. 1740 жылы Кіші жəне Орта жүз өкілдерімен
келіссөз жасауға Орынбордан келген орыс князі Урусов қазақ ақсүйектеріне матаның ең сапалысы –
шұға, қамқа, паршаны – тарту еткен. XIX ғ. алғашқы он жылдығында Ресейден əкелінетін мақта мата
түрлері қазақ даласына мол импортталды. Сөйтіп қазақ ауылдарына Ресейден келетін мата түрлері
ортаазиялық жəне қашғар маталарымен бəсекеге түсе бастады. Тіпті орыс саудагерлерінің қазақ
ауылдары тұрғындарының талғамына сай мата түрлерін жеткізіп отыруға көше бастауы осының
дəлелі болып отыр.
Осындай себептерге байланысты тұрғындар ендігі кезекте жүн мен теріден жасалған өнімдерді
тұтынуды азайтып, киім-кешекке дайын фабрикалық мата түрлерін пайдалануды дағдыға айналдыра
бастады. Сөйтіп, мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді матаға айырбастай бастады. Осыған
байланысты күнделікті тұрмыста жүн, тері, киізден жасаған бұйымдар бірте-бірте қолданыстан шыға
бастады. А.Левшиннің XIX ғ. 20-ж. мəліметтері бойынша киізден жəне түйе жүнінен тоқылған
бұйымдарды кедейлер кең қолданған [13, 344], себебі олардың орыс саудагерлерімен айырбас
жасауға мүмкіншіліктері бола бермеген.
XIX ғ. соңы – XX ғ. басында қазақтар арасында көбінесе фабрикалық мақта матадан, яғни шыт,
биязы, миткальдан тігілген киім-кешектерді кию кең өріс ала бастады. Ауқатты адамдар барқыт,
атлас, парша жəне шұғадан киім-кешек тігу үрдісін қалыптастырса, сырттан келетін импорт
тауарларына қол жеткізе алмаған қарапайым тұрғындар тері, жүн материалдарын кең пайдаланды.
Мақалаға негіз болып отырған ҚР МОМ музейлік коллекциясында барқыт, атлас, шұға, паршадан
тігілген көйлектер, шапан, бешпенттердің түпнұсқалары сақтаулы.
Қорыта айтқанда, ұлттық киім-кешек – мəдениетіміздің, өнеркəсібіміздің даму көрсеткішінің
айнасы, заттық – тұрмыстық мəдениеттің бір көрінісі. Сондықтан да көне жазба деректер мен
ғалымдар мен саяхатшылардың белгілеулері мен сызбалары, ауыз əдебиет үлгілері мен тілдік
деректердегі мəліметтер, көркем шығармаларда аталмыш тақырыпта сақталған жазба деректер аз
болғанымен, бүгінгі таңда музей қорында сақталған киім-кешектердің түпнұсқалары арқылы ерекше
құнды дерек алудың маңызы өте зор.
1
Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российского государства. Ч.2. Кн.2. – СПб.: Тип.
Импер. АН, 1786. – 571 с.
2
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. В 3-х частях. Часть
этнографическая. – СПб.: Тип. Карла Крайя, 1832. – 940 с.
3
Барданес Х. Киргизская или казацкая хорография // История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ
веков. Первые историко-этнографические описания казахских земель. XVIII век. Т. IV. Сост. И.В. Ерофеева. –
Алматы, Дайк-Пресс, 2007. – С. 93-194.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г.
195
4
Жəнібеков H. Уа-ыт керуені. - А., 1992. - 192 б.
5
Захарова И.В. Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: XIX – начала XX вв. – Алматы: Наука,
1964. – 178 с., 26-27; Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российского государства. Ч.2. Кн.2. –
СПб.: Тип. Импер. АН, 1786. – 571 с.,
6
$аза-ты! этнографиялы- категориялар, Gғымдар мен атауларыны! дəстEрлі жEйесі. Энциклопедия. H-
Я. 5-том. Ғылыми редактор жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. – Алматы: Азия арна, 2014. – 840 б.
7
Р.Н. Шойбеков. Етікшілік Fнеріне байланысты кейбір атаулар // Тілтаным. 2006, №3. – 57 б
8
Dмірғазин $. $аза- -олFнері. – Алматы: Дайк Пресс, 2004. – 287 б.
9
$айыртай D. $аза- -олFнері. - А.: Дайк Пресс, 2004. - 55-62 бб.
10
$аза-ты! этнографиялы- категориялар, Gғымдар мен атауларыны!
11
дəстEрлі жEйесі. Энциклопедия. К-$. 3-том. Ғылыми редактор жəне жоба
12
жетекшісі НGрсан Dлімбай. – Алматы: Слон, 2012. – 736 б.
13
$аза-ты! этнографиялы- категориялар, Gғымдар мен атауларыны! дəстEрлі жEйесі. Энциклопедия. H-
Я. 5-том. Ғылыми редактор жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. – Алматы: Азия арна, 2014. – 840 б.
14
Добросмыслов А.И. Верблюдоводство в Тургайской области. – Оренбург: Типография П. Жаринова,
1895. – 45 с.
15
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. В 3-х частях. Часть
этнографическая. – СПб.: Тип. Карла Крайя, 1832. – 940 с
Достарыңызбен бөлісу: |