Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4 (80), 2022 228 мрнти



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата10.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#135705
1   2   3   4   5   6   7   8
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №
4
(80), 2022 г.
 
231 
тілде жазылған мысалдармен егжей-тегжейлі мәтіндерді дайындаған жөн және өздігінен дайындалу 
барысында олар бұл мәтінді арнайы аудио жазбалар, электронды оқыту құралдарын қолдана отырып 
тыңдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, теориялық материалдар келесі түрде дайындалуы мүмкін: 
мәтіндік құжаттар, презентация, құрылымдық-логикалық, web-беттер немесе сайттар, бейнероликтер, 
анимациялық сюжеттер т. б.
Төменде келтірілген шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріндегі анықтамаларға көңіл 
бөлсек (1-кестеде). 
Кесте 1. «Инклюзивті білім беру» анықтамалары. 
Автор
 
Инклюзивті білім беру анықтамасы
 
Voltz D. L. 
 
мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп кеңістітігінде басқа оқушылармен бірге 
толық ынтымақтастықта араласуы және сыныптан тыс іс-шараларға бірге 
қатысуы [7].
 
RyndakD. L. 
 
ерекше қажеттіліктері бар балаларды бір оқу жоспарына қосу, олардың мектеп 
ұжымына кірігуіне көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу, жағымды ахуал құру [8]. 
Bakke T. W. 
 
жалпы білім беру үдерісіне мүгедек балаларды да толық қамту үшін жағдай жасау 
[9]. 
Мовкебаева З. А. Жалпы білім берудің қолжетімділігін және барлық балалардың, соның ішінде 
мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне бейімделуін 
білдіреді [10]. 
Адаева Н.А. 
Инклюзивті білім беру дегеніміз – даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың барлық 
қалыпты тұлғалармен бірдей деңгейде білім алуына қол жеткізуі және бұл процесс 
білім берудің барлық деңгейлеріне қатысты болу қажет» - деп түсіндіреді [11] . 
Шетел авторларының еңбектерін негізге ала отырып, инклюзивті білім беруде ерекшелікті қажет 
ететін оқушыларға ерекше оқыту әдістерін қолдану маңызды екендігі байқалды. Сонымен қатар, 
ерекше қамқорды қажет ететін білім алушылардың оқыту әдістерін келесі импакт-факторы жоғары 
журналдардағы ғалымдардың еңбектерінен көруге болады: 

Campa-Álvarez, R.D.L.Á., Valenzuela, B.A., Guillén-Lúgigo, авторларының «Мексика, Сонора 
қаласындағы ерекше бастауыш топтарға арналған оқыту әдістері және инклюзивті мәдениет» [12]. 

Vigo Arrazola, B., Bozalongo, J.S. авторларының «Инклюзивті ауыл мектептеріндегі топтық 
шығармашылық тәжірибені оқыту тәжірибесі және мұғалімдердің қабылдауы» [13]. 
Шетелдік түрлі тәсілдерді зерттеу нәтижесі «Инклюзивті бағдарланған білім беруде басты рөл 
ерекше қажеттіліктері бар балаға беріледі» деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, 
инклюзияны білім беру үдерісімен емес, қоғамдағы баланың жағдайымен тікелей байланысын таныған 
дұрыс деп саналады. Елімізде инклюзивті үрдіс жаңа бағыт ретінде 2011 жылдaн бacтап қолданыла 
бастады. Ерекше білімді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен кіріктіріп оқыту мәселесі 
бoйыншa теориялық еңбектер жазған ғалымдар: Мoвкебaевa З.A., Cүлейменoвa P.A., Еpcapинa A.М. 
авторлардың еңбектерінде инклюзивті білім беpуді ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік 
ерекшеліктері, тарихи-педагогикалық алғышарттары хронологиялық кезеңдердің тоғысында 
зерделенген [14]. 
Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Инклюзивті және арнайы білім басқармасының 
басшысы Ә. Кудеринова: «Білім туралы заң бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 
санатына, денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған балалар санаты жатады. Бүгінгі таңда 
олардың саны 161 мыңнан асады. Өкінішке қарай, бұл санаттағы балалардың саны жыл сайын 3 
пайызға өсіп отыр. Арнайы жағдайлар жасауды талап ететін, ерекше білім беруді қажет ететін 
балалардың санаттарына қарасақ, ең көп балалардың саны психикалық дамуы тежелген балалардың 
саны 50 мыңнан асады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың саны 47 мыңнан асып отыр. Нашар 
көретіндер – 8 004, нашар еститіндер – 3 857, ақыл-есі кем – 25 045, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы 
– 18 841, аутизм спектрінің бұзылуы – 5 193, естімейтіндер – 2 054, көзі көрмейтіндердің саны – 313-ті 
құрайтындығын баяндады.
Астана қаласы, білім беруді жаңғырту орталығының есебіне сәйкес, соңғы екі жылдық 
салыстырмалы көрсеткіштерге назар аударсақ (кесте-2). 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №
4
(80), 2022
 
232 
Кесте 2. Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының есебі 
Жалпы 
білім 
беретін 
мектептер 
Жалпы білім 
беретін 
мектептердің 
саны 
Жалпы білім беретін 
мектептердегі ЕБҚЕ 
балалар саны 
Жалпы білім 
беретін 
мектептердегі 
арнайы топтар 
саны 
Жалпы білім 
беретін 
мектептердегі 
арнайы топтағы 
балалар саны 
2020-2021 
оқу жылы 
92 
837 
22 
410 
2021-2022 
оқу жылы 
96 
1685 
22 
312 
Қазіргі таңда, жалпы оқушылардың әр сала бойынша нақты өмірде қолданбалы мәселелерді шешу 
үшін сауаттылық саласындағы жетістіктерін зерттейтін көптеген халықаралық зерттеу орталықтары 
бар. Атап айтқанда, мектептен тыс бағалаудың PISA-D, олардың тиімділігі туралы және инклюзивті 
барлығына тең сапалы білімді қамтамасыз етуге бағытталған саясаттың жетістігі туралы деректерді 
талдау нәтижесінде құнды ақпараттармен бөлісіп отырады. 
Инклюзивті білім беруді қамтамасыз етудегі, яғни қолдаудағы білім беру жүйесінің инклюзивті 
жағдайларда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды цифрлық оқу ресурстарын қолдана отырып оқыту 
(EADSNE, 2013) оқу барысында өзара қарым-қатынасты (мысалы, оқушыға жазуға көмектесу, мәтінді 
арнайы бағдарламалық жасақтамаға жазу т.б.). әрекеттерін жеңілдететіндігі, жаңа ортаны қамтамасыз 
етуге мүмкіндік беретін, оқушылардың білім алуда дамуына зор мүмкіндіктер туғызатындығы 
айтылған[15].
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау. Осыған байланысты екінші сипаттама - «арнайы 
мұғалімнің» рөлі. Финляндия өзінің адалдығымен мақтанады. Инклюзивтілік Финляндияда 
балалардың 8% -ын ерекше білім беруде қажеттіліктері бар деп есептесе, олардың жартысы ғана 
арнайы мектептерге орналастырылған. Финляндия мұғалімдері «Егер мектептер ерте назар аударса, 
диагностика және араласу арқылы оқушылардың көпшілігіне қалыпты сыныптарда табысқа жетуге 
көмектесуге болады»,- деп санайды. Оның негізі қиындыққа тап болған оқушыларды уақтылы қолдау 
тетігі –арнайы оқытылған мұғалім. Олардың жұмысы қосымша көмекке мұқтаж білім алушыларды 
анықтау үшін сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болу, осы оқушылармен жеке немесе шағын 
топтарда жұмыс істеуі, оларға қосымша көмек пен қолдау көрсету үшін қажет екендігі айтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет