Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4 (80), 2022 228 мрнти



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата10.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#135705
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
945-Текст статьи-7085-1-10-20230425

 
Зерттеу нәтижелері және талдау 
Жобаға бағыттап оқыту технологиясының міндеттерінің бірі ерекше білімді қажет ететін 
балалардың жобалық ойлау құзыреттілігін, танымдық дағдыларын дамыта отырып, білімді өз бетінше 
меңгеруіне және кәсіби міндеттерді шеше алу қызметтерін қалыптастыруды, сонымен қатар 
интеграциялық білім мен зерттеуді қажет етеді. Шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, 
тәуелсіз шешім қабылдау білім алушылардың жеке, топтық және жобалық зерттеу жұмыстарында іске 
асырылады. Топқа бөлу арқылы жобалық когнитивті оқытудың ақпараттық-коммуникациялық 
технологиясын игереді, әрі цифрлық сауаттылық тақырыптары бойынша жобалар әзірленеді. 
Зертханалық жұмыстарды, үй тапсырмаларын, жеке және топтық жобалық зерттеу тапсырмаларын 
ресімдеу кезінде жүзеге асырылады. Осылайша, ерекше қажеттілігі бар оқушыларға «Цифрлық 
сауаттылық» пәнін игеруде қолдау көрсету инклюзивті оқыту жағдайында оларды оқу процесінде 
ұйымдастырушылық-педагогикалық қолдау бойынша жүзеге асырылады.
Жобаға бағыттап оқыту технологиясы - білім алушыларға бір тапсырманы тұлғалық ерекшелігіне 
қарай топтастырып оқыту. Тиімділігіне тоқталатын болсақ, оқытуда оқушыға көзбен көріп, құлақпен 
естіп, есте сақтай отырып, оқушыны өздігінен ізденуге, қабілеттерін дамытуына жетелейді. Бұл 
теориялық зерттеулерден инкюзивті білім беруде «Цифрлық сауаттылық» пәнін жобаға бағыттап 
оқытуға болатындығы анықталды. Екінші міндет бойынша цифрлық сауаттылықты жобаға бағыттап 
оқытудың қолданыстағы тәсілдерін зерттеу және жағдайларын анықтау үшін еліміздегі бастауыш 
сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнінің оқыту мазмұнын қарастырамыз. 4-сыныптың «Цифрлық 
сауаттылық» пәнінің мазмұны төменде 2-кестеде көрсетілген және Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы 
№182
бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №
4
(80), 2022 г.
 
233 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып 
өзгертілді. 3-кестеде Ж.У. Кобдикова, Г.А. Көпеева, А.Г. Юсупова «Цифрлық сауаттылық» атты 
жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларына арналған оқулығынан алынған курс жоспары 
мен оған бөлінген сағат саны көрсетілген. 
Кесте 3. 4 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінің жоспары 
№ 
Тарау атаулары 
тақырыптары 
Оқу мақсаттары 
Сағат 
саны 
І тоқсан 9 сағат 

І БӨЛІМ. Программалау 
Айнымалыларды қолдану. Кірістірілген циклды жүзеге 
асыру. Логикалық операторларды пайдалану. Өз ойыным 
жобасын құру. Өз сценарийі бойынша ойын жасау. 

ІІ тоқсан 7 сағат 

ІІ БӨЛІМ. 
Робототехника 
Түс датчигін қолдану. Ультрадыбыс датчигін қолдану. Өз 
ойыным. Жоба құру. Кегль-ринг. Жоба құру 

ІІІ тоқсан 10 сағат 

ІІІ БӨЛІМ. 
Бейне жасау 
Бейнежазба. бейнеклиптерді жасау. Бейнені өңдеу. Жоба 
құру. Презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру 
10 
IV тоқсан 8 сағат 

IV БӨЛІМ
Болашақтың 
компьютерлері 
Болашақ компьютер жобасын құру. Электрондық 
пошта. Интернетке деректер жіберу.

«Цифрлық сауаттылық» пәнінің жоспары негізінде тұжырымға келетін болсақ: 

компьютерлік жүйелерге қолжетімділік;

қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар 
беру; 
 

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей 
білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату 
дағдыларын қалыптастыру; 
 

білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну 
дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

топта және жеке жұмыс істей білуге, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең 
ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
 
Инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес білім беру ұйымдары барлық білім алушылардың 
әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Яғни, педагогтар оқушылардың жеке ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдеу негізінде сараланған, вариативті 
әдістерді қолдана отырып көмек көрсетеді. Бақылау тобына Астана қаласы, «Абай Құнанбайұлы 
атындағы №87 мектеп гимназия» КММ, инклюзивті 4-сынып оқушылары алынды. Ерекше білімді 
қажет ететін балалардың робототехниканы топтық, инклюзивті және жеке оқытуды зерттеу 
ерекшеліктері көрсетілген. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша келесі тарауларға мынадай жобаға 
бағытталған тақырыптар таңдалды: 
1-Бөлім, Scratch –программалау ортасында жоба құру (2 жоба); 
2-Бөлім, LEGO Mindstorms EV3 оқу-жаттығу роботтарын программалау (4 жоба); 
3-Бөлім, VideoPad редакторы ортасында жоба құру (2 жоба) 
4-Бөлім, Болашақтың компьютерлері (2 жоба). 
Инклюзивті білім беруде пәнді жобаға бағыттап оқытудың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін 
оқушыларға педагогикалық және психологиялық қолдау көрсете отырып өздігінен жұмыс атқару, жеке 
тұлғалық дағдыларын дамыта отырып, мейірімді орта құруды көздейді. Сонымен қатар, сынып 
оқушыларын топқа бөліп командамен бірлесе жұмыс істеу арқылы білімді меңгерту, жобалық ойын 
түрінде өткізу. Жобалық оқытудың оқушының белгілі дәрежеде жетістікке жету мотивациясының 
қалыптасуына оң әсер беретіндігі көптеген зерттеу тәжірибелерінен көруге болады. 
Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға конструкторлармен жұмыс жасаудың маңызы зор. Мысалы, 
ерекше балалар LEGO конструкторымен жұмыс істей отырып, ұсақ бөлшектерден тұратын роботты 
құрастыруда логикалық түрде ойлау дағдысын қалыптастырады, модель құруды үйренді. Сабақтың 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №
4
(80), 2022
 
234 
тақырыптарына байланысты оқушылар берілген жобалық тапсырмаларда механизмдерді ғана 
инструкция бойынша құрастырып, әрі қарай дайын роботтың бейнесін құрастырып, жасап шығуы 
қажет. Мұндай жағдайларда мидың жұмыс істеуін дамытып, логиканы қосуға тура келеді. Демек, робот 
құрастыруда балалардың ойлау қабілеті жан-жақты дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет