Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Резюме 
Сансызбаева Гҥлзат – студент 3-курса института филологий КазНПУ им. Абая; 
Научный руковадитель: к.ф.н., и.о. ассоциативный профессор (доцент) С.А. Жиренов 
Художественные особенности языка произведении Шерхан Муртаза 
Стиль  письма  определяется  художественным  оформлением  описании  реалии  жизни  автором,  несравненным  с 
другими  особенностей  правописании.  Основа  художественного  произведения  -  это  слово.  Функции  сравнения
эпитета и метафора рассматриваем вместе с определением образа персонажа.  
Ключевые слова: стиль, метафора, метонимия, мастерство, национальный язык, художественный мир 
 
Summary 
Sansyzbayeva Gulzat – the student 3 courses of institute of philology of KAZNPU of Abay; 
Scientific head: Cand.Phil.Sci., associative professor S.A. Zhirenov 
Artistic features of language work Sherkhan Murtaza 
The  writing  style  is  defined  by  artistic  formalization  of  the  realities  of  the  author  of  life,  the  incomparable  with  other 
features  of  orthography.  The  basis  of  work  of  art  is  -  the  word.  The  functions  of  comparison,  epithet  and  metaphor  are 
considered together with the definition of the image of character. 
Keywords: style, metaphor, metonymy, skill, national language, artistic world 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
160 
ӘОЖ 811.93 
 
ҚАЗАҚ-ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ АУЫСЫМ 
(ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН ЖЫЛДАРДАН КЕЙІН ЕНГЕН КІРМЕ СӚЗДЕР) 
 
Ә.Жҧмалиева – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институты 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
мамандығының 3-курс студенті, 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. С.А. Жиренов 
 
Кӛрші елдермен мәдени қарым-қатынастың кез келген халықтың қалыпты дамуына қажетті екені бәріне белгілі. 
Соның  нәтижесінде  адамзат  тілдерінің  кез-келгені  басқа  тілдермен  ҥнемі  белгілі  бір  деңгейде  байланысқа  тҥсіп 
отырады.  Тілдік  қарым-қатынас  екі  немесе  одан  да  кӛп  тілдердің  ӛзара  байланысып,  бір-бірінің  қҧрылымы  мен 
сӛздік қорына әсер етеді. 
Кілт сӛздер: тілдік қатынас, мәдени қатынас, кірме сӛз, сӛздік қор, халқыаралық терминдер, аудармалар 
 
Қазақ тілі – қазақ халқының ҧзақ жылдар бойындағы басынан кешірген ӛмірінің, тарихының бейнесі. 
Кез-келген  тілдің  алтын  қоры  –  сол  тілдің  байлығы.  Сӛз  байлығы  –  халықтың  ҧзақ  ғасырлар  бойы 
басынан кешірген ӛмірінің, іс-әрекетінің, ақыл-ой жҧмыстарының тілдегі кӛрінісі.  
Лексиканы  кірме  сӛздермен,  терминдермен,  тіпті  есімдермен  ӛзара  молайту  заңды  қҧбылысқа 
айналды. Кірме сӛздер естіген қҧлаққа жат, айтуға онша ҥйреншікті болмаған, тосаң сӛз болуы мҥмкін. 
Олар, әсіресе әдеби тілдің сӛз байлығына айналғанда, жалпы халықтық сипат алып кетеді. 
Кірме  сӛздер  жайында  айтылған  пікірлер  сан-алуан.  Кірме  сӛздер  туралы  орыс  ғалымы  А.И. 
Смирницкий  мынадай  пікір  білдірген:  «Басқа  тілдер  жҥйесіндегі  сӛздер  келесі  тілдер  жҥйесіне  еніп, 
мағынасы  жағынан  дәл  сол  тілдің  ережелеріне  лайықталып  қолданылуда».  Орыс  ғалымдары  Ю.А. 
Жлуктенко  және  Л.И.  Ильиннің  еңбектерінде  «Кірме  сӛздердің  лексикалық  қолданылуының  шет 
тілдердегі ҥлгісін дәл солай қайталануы», - деп кӛрсетеді.  
Қазақ терминологиясының даму тарихында елеулі пікірлер айтып, пән атауларын жҥйелеуде маңызды 
ҥлес қосқан ғалымдардың бірі – Халел Досмҧамедов кірме сӛздерді, соның ішінде орыс тілі арқылы енген 
сздерді қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақталып айтылуын дҧрыс қҧбылыс деп есептеген. 
Мысалы: песір (писарь), жәрменке (ярмарка), ауылнай (волосной), сот (суд) т.б сӛздерді мысалға алып, 
олардың дыбыс жағынан ӛзгертіліп айтылуын дҧрыс деп санайды. 
Н.Тӛреқҧлов  «Жат  сӛздер  тҧралы»  деген  мақаласында  «қазақ  тіліне  кіретін  жат  сӛз  болса,  қазақтың 
тымағын киіп, жалпақ сӛзі болып кірсін» деген ой білдіріп, қарабайыр қазақтың жалпақ тілінің лексика-
сына жат сӛздердің енуіне қарсы болған.  
С.Ақаев болса «Кірме сӛздер келімсектерден де қауіпті» атты мақаласында « кірме сӛздер баяу әрекет 
етуші  «қопарлағыш» рӛлін атқарып қана қоймай, тілдің таралу ӛрісін  тарылтып, оның ішкі дамуы  мен 
сӛзден сӛз тудыратын лексикалық толығу мҥмкіндіктеріне балта шабады» деп, кірме сӛздер тілдің ӛмір 
сҥру ғҧмырын қысқартатынын айтады.  
Ғалым  Рәбиға  Сыздықова  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  атты  еңбегінде  «сӛздік  –  заман  айнасы»  дей 
отырып,  қазақ  даласына  келе  бастаған  жаңа  әлеуметтік,  экономикалық  қҧбылыстарға  байланысты 
кӛптеген  соны  сӛздердің  пайда  болуы  сияқты  процестер  қай  дәуірде  де  жҥріп  жататындығын  айтады. 
Қазақ  тілінің  лексикалық  қҧрамына  орыс  сӛздерінің  енуінің  себебі  Қазақстанның  кӛп  жерінің  Ресейге 
бағынуына байланысты халықтың кҥнделікті тҧрмыс-тіршілігінен бастап, әкімшілік, сот-заң т.б. салалар-
ға қатысты жаңа зат, ҧғымдардың пайда бола бастауында деп кӛрсетеді.  
А.Айғабылҧлы кірме сӛздердің ену себептерін екіге бӛліп қарастырады: «Тіл-тілде басқа тілден енген 
сӛздер ішкі және сыртқы себептерге байланысты болады. Сыртқы себептер дегеніміз сӛз алушы халық-
тармен байланысынан пайда болатын сӛз ауысу процестері. Мысалы, қазақ халқының россияға қосылуы 
қазақ тіліне кӛптеген сӛздің енуіне себеп болды» .  
Қазақ тілінің сӛздік қоры туралы сӛз қозғалғанда орыс тілінен енген кірме сӛздер мәселесінен аттап 
кете алмайтынымыз анық. Жалпы кірме сӛздердің енуі әртҥрлі факторларға байланысты. Мысалы: 
1.  Тарихи оқиғалар, яғни отарлау саясаты, жаулап алудың нәтижесінде; 
2.  Табиғи  фактор,  халықтар  арасындағы  байланыс,  мәдени  қарым-қатынас  нәтижесінде  тіларалық 
ауысым. 
Қазақ  тіліне  орыс  тілінен  енген  кірме  сӛздер  алғашқы  фактормен  байланысты.  Отарлаушы  елдің 
адамдарын сіңістіріп, ӛз мәдениеттері мен «кірме» адамдары арқылы ӛз тілдерінің ҥстемдігін жҥргізген 
саясаттың нәтижесінде қазақ тілінде орыс тілінен енген сӛздер жетіп артылады.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
161 
Ғалымдардың еңбектерінде орыс тілінен енген сӛздер шартты тҥрде екі топқа бӛлінеді: 
1.  Революцияға дейінгі енген сӛздер 
2.  Қазан революциясынан кейінгі кезеңде енген сӛздер.  
Әрине, бҧлайша топтастырудың ҥлкен маңызы бар. Революцияға дейінгі кезеңдегі сӛздер араб-парсы 
сӛздері  сияқты  ауызша  енгендіктен  фонетикалық  ӛзгерістерге  ҧшыраған.  Ал  революциядан  кейінгі 
сӛздердің айтылуы да, жазылуы да орыс тіліндегі қалпында сақталады.  
Революцияға дейінгі кезеңдегі сӛздерге ғалым А.Айғабылҧлы жәрмеңке/ярмарка, жәшік/ящик, жәмшік 
/яміцик, бӛтелке/бутылка, бӛрене/бревно, әшмӛшке/восьмушка, сіріңке/серняки, кәмпит/конфеты, божы/ 
вожжи,  бӛкебай/пуховой,  самауыр/самовар,  сӛмке/сумка,  ояз/уезд,  шен/чин,  болыс/волосты,  сот/суд, 
тҥрме/тюрьма,  әптекет/адвокат,  почтабай/почтовой,  кір/гир  т.б.  сӛздерді  жатқызады.  Бҧлар  бір  ғасыр 
бҧрын  енген  сӛздер  болса  да,  қазіргі  кезде  орыс  тіліндегі  тҥп  нҧсқасымен  қолданылып  жҥр  (конфет, 
адвокат, почта).  
Қазан революциясынан кейін енген сӛздер ӛте мол. Оның себебі әдеби тілге қоғамдық-саяси, мәдени, 
оқу, ғылым, техника, сауда, спорт, әскери ҧғымдарға тікелей байланысты болуы. Ол дәуірде бҧл сӛздердің 
қазақ тіліндегі баламасының болмауы себебінен мҧндай сӛздер орыс тіліндегі тҥпнҧсқа тҥрінде енген: 
1.  Ғылым және техникаға байланысты сӛздер: физика, химия, география,  радио, кран,  эксперимент, 
коммуникация т.б. 
2.  Мәдени-ағарту жҧмыстарына байланысты сӛздер: опера, балет, театр, концерт, кино, музыка т.б. 
3.  Әскери іс пен физкультура, спорт терминдері: солдат, сержант, офицер, танк, футбол, волейбол т.б. 
4.  Сауда-саттыққа байланысты сӛздер: магазин, гастроном, универмаг, буфет, аванс, кредит т.б. 
5.  Азық-тҥлікке байланысты сӛздер: лимонад, вермишель, макарон, картошка, кофе т.б. 
6.  Киім-кешекке байланысты атаулар: кофта, шарф, костюм, пальто т.б. 
Қазіргі  кезде  орыс  тілінен  енген  кірме  сӛздерге  байланысты  баспасӛзде  екі  тҥрлі  кӛзқарас  пайда 
болған. Бірі қазақ тілінің «таңғы шықтай таза болсын» деген ҧстанымды ҧстанып, қазақ тіліндегі кірме 
сӛздер немесе варваризмдерден қҧтылу керек деген кӛзқарас болса, екіншісі орыс тілінен немесе орыс тілі 
арқылы  енген  сӛздерді  аударып  қолдану  нәтижесінде  бей-берекетсіздікке  жол  бермеу  керектігін  алға 
тартады. Алдыңғы топ авторлардың ҧсынысы орынды болғанымен, тәуелсіздікке ие болып, егеменді елге 
айналған тҧста тілді дамытудың орнына, оның дамуын ішкі мҥмкіндіктермен ғана шектеп, басқа да даму 
кӛздерін  ескермеу  тілді  кері  кетіретін  ӛзгеріс.  Бҧл  туралы  ғалым  Сейдін  Бизақов  «  бҧл  бағыттың  тіл 
мәдениетін кері кетіретін жағымсыз тҧстары анықтала тҥсетінін тәжірибе байқатып отыр» дейді. Демек, 
жаппай қазақыландыру арқылы тіл дамуына шектеу салу тілді кері тартпаса, дамыта алмайды. Бҧл орайда 
Ісмет  Кеңкесбаевтың  «орыс  тілінен  енген  сӛздерді  ӛзгертпей  жазу  ҧстанымының»  маңыздылығы  арта 
тҥседі. Ӛйткені, жаппай бҥкіл терминдер мен кірме сӛздердің қазақша баламасын табу олардың мағына-
сының бҧрмалануына әкеп соғады. Бҧл қазақ тілін қолданушыларды сауатсыздыққа итермелейді.  
Не дегенмен, орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы сӛздердің ену процесі бір дәуірге, кезеңге ғана тән 
қҧбылыс емес. Ол ӛте баяу жҥретін процесс. Сондықтан бҧл мәселеге ат ҥсті қарау дҧрыс емес. 
Басқа тілден сӛз алу екі тҥрлі жолмен іске асады: 
1.  Тікелей сӛз алу; 
2.  Калькалау жолымен алу. 
Қазақ тіліне орыс тілінен енген сӛздер кӛбінесе алғашқы жолмен енген. 
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін терминология мәселесі кӛтерліп, қолға алынған соң, қазақ тілінде 
тікелей сӛз алу процесі әсіресе терминжасам мәселесінде байқалады. Орыс тілінен енген термин сӛздері-
нің басым бӛлігі спорт және техника саласына қатысты термин сӛздер мен кәсіби сӛздер болып келеді. Ал 
қалғандары заң, әскери іс, сәулет, астрономия, биология, геология, зоология, тарих, математика, полигра-
фия,  журналистика,  әдебиет,  ауыл  шаруашылығы,  баспа  ісі,  физика,  филология,  философия,  химия, 
экономика,  электроника  салалары  мен  ғылымдарының  атау  сӛздері  болып  табылады.  Қазақ  тіліне 
халықаралық терминдерінің басым кӛпшілігі орыс тілі арқылы ағылшын, латын, грек, т.б. тілдерден енеді.  
Қазіргі қазақ тілінің сӛздік қоры тек ішкі факторлар арқылы ғана емес, лексикалық қорды дамытудың 
сыртқы  факторларын  да  пайдалану  арқылы  толысып  жатыр.  Барлық  тілде  кірме  сӛз  бар.  Бҧл  –  заңды 
қҧбылыс. Орыс тілінен енген кірме сӛзде ӛз тіліміздің қҧрамына кіріп, біте қайнасып кеткен, тіпті оларды 
ӛзге тілден енген деуге де қимаймыз. Қолданыста бар тіл ҥнемі дамып отырады. Жаңа сӛздер еніп, тілара-
лық  алмасулар  жҥреді.  Қай  тілдің  болмасын  табиғаты  кірме  сӛздерді  шеттетіп  тастай  алмайды.  Бҧл 
барлық тілдердің лексикасына тән қҧбылыс. Мемлекеттер ӛзара қарым-қатынаста болған соң, халықтар 
арасындағы  мәдени,  экономикалық,  саяси  байланыстар  арқылы  бір  тілден  екінші  тілге,  тіпті  аралық 
тілдер арқылы ҥшінші, тӛртінші тілдерге кірме сӛздер ауыса береді. Бҧдан шығар қорытынды, сӛйлеушісі 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
162 
бар тіл әрқашан даму ҥстінде болады. Қазақ-орыс тілдерінің қарым-қатынасын зерттей отырып мынадай 
тҧжырымдар жасауға болады: 
1.  Мемлекеттердің  географиялық  немесе  қоғамдық-әлеуметтік  тҧрғысынан  араласуы  тілдік  қарым-
қатынасқа да әсер етеді. Тарихта болған Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ халқында 
бҧрын  соңды  болмаған  жаңа  атаулар  пайда  бола  бастады.  Қарапайым  тҧрмыс-тіршілікте  халық  ӛзіне 
ыңғайлы  болу  ҥшін  орыс  тілінің  лексикасындағы  сӛздерді  қазақ  тіліне  бейімдеп,  бірқатар  заттардың 
атауларын қалыптастырған.  
2.  Тіларалық  ықпалдастыққа  мәдени,  саяси,  экономикалық,  діни,  психологиялық,  географиялық, 
әлеуметтік  факторлар  ықпал  етеді.  Тіпті  тіларалық  ықпалдастық  пайда  болу  ҥшін  елдердің  кӛршілес 
болуы  басты  шарт  емес.  Аралық  тілдердің  кӛмегі  арқылы  тіл  лексикасының  шет  тіл  сӛздерімен  даму 
мҥмкінгді  бар.  Бҧл  тҧрғыда  орыс  тілі  арқылы  латын,  грек,  ағылшын,  француз,  т.б.  тілдердің  кейбір 
терминдері қазіргі қазақ тілінің сӛздік қорында да қолданыс табуда.  
3.  Қазақ  тілінің  лексикасын  байытудың  сыртқы  кӛздерінің  бірі  –  орыс  тілінен  енген  кірме  сӛздер 
екендігінде дау жоқ. Осыған дейін қазақ тіліне араб, парсы, моңғол тілдерінің де сӛздері еніп, «жат» деген 
статусқа ие болмай-ақ қолданыста жҥр. Десек те, орыс тілінен енген кірме сӛздердің қазақ тілі лексика-
сында  алатын  орны  зор.  Бҧл  қазақ  тілінде  ол  сӛздерге  тең  келер  балама  атаудың  жоқтығынан  деп  ҧғу 
қателік.  Жаппай  «қазақыландыру»  саясатын  жҥргізетін  болсақ,  сансыз  қатар  жҥрген  аудармалардан 
тілімізді қолданушылар арасында сауатсыздық белең алуы мҥмкін. Сондықтан сіңісіп кеткен терминдер 
мен кірме сӛздерді қаз қалпында қалдырған абзал.  
4.  Кірме сӛздер сӛз қабылдаушы тілдің фонетикалық, грамматикалық, семантикалық заңдылықтарына 
сәйкес  бейімделіп  кетеді.  Бҧл  уақытты  қажет  ететін  қҧбылыс.  Қазіргі  жаһандану  ҥдерісінде  кҥн  сайын 
жаңа техникалар ойлап табылып жатыр. Олардың барлығы да жаңа атауларды қажет етеді. Осы тҧста тіл-
дер бар, бірақ қолданыстан шыққан кӛнерген сӛздерді активтендіру немесе шет тілдерден сӛз алу арқылы 
заттарға атау беру ӛте орынды болмақ. Шет тілдерден енген сӛздерді алғашқыда жатсынуымыз мҥмкін, 
десек де уақыт ӛткен сайын олар қазақ тіліне бейімделіп, тӛл сӛзіміздей болып кететініне кҥмән жоқ.  
Жҥргізілген  зерттеудің  маңыздылығы  кірме  сӛздердің  теориясы  мен  практикасымен  байланысты 
мәселені қарастыру, әсіресе қазіргі заманда маңызды, ӛйткені қазақ тілінің қҧнсыздануына әкеп соқтыру 
қаупі бар кірме сӛздердің ӛте кӛп пайда болуы туралы пікірлер айтылып жҥр. Бірақ тіл ӛздігінен дамитын 
механизм, ол ӛзін-ӛзі қорғай алады, қажет емес артық дҥниелерден арыла алады. Десек те, шет тіл сӛзде-
рін  қолдануды  сәнге  айналдырудың  қажеті  жоқ.  Ӛзіміз  де  кӛріп  жҥргендей,  кӛшелерде,  жарнамаларда, 
газет, журналдарда, қаптамаларда ағылшын, орыс т.б. тілдеріндегі атауларды пайдалану сәнге айналған. 
Олай болды екен деп тӛл тіліміздегі әдемі, әуезді сӛздерді шеттестіріп қою ҥлкен қателік болады. Таяқтың 
екі ҧшы бар емес пе, бҧл да келер-кетер қызығушылықтан болар. Не де болса, қазақ тіліндегі «жаңа кірме 
сӛздер» мәселесі жіті зерттеуді қажет етеді. Ӛйткені бҧл бӛтен емес, тӛл тіліміздің сӛздік қоры.  
 
1 Бизақов С. Қазақ тілі қандай тіл? – Алматы: «Арыс», 2010 - 320-335 б.  
2 Айғабылҧлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы – Алматы: «Қазақ университеті», 2006 – 30 б. 
3 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы: «Ана тілі», 1993 - 79-81 б. 
4 Досжанова Г. Кірме сӛз – тіл лексикасын байытудың басты жолы – Тіл және қоғам, 2007. - №1. – 51-56 б. 
5 Ақаев С. Кірме сӛздер келімсектерден де қауіпті – Ана тілі, 1994 - 13қазан. – 7 б. 
6 Ахметқазиев А. Кірме сӛзінің де кӛңілге қонатыны бар – Ана тілі, 2014 - №30. – 4 б. 
 
Резюме 
Жҧмалиева Әсем - студент 3-курса института филологий КазНПУ им. Абая; 
Научный руковадитель: к.ф.н., и.о. ассоциативный профессор (доцент) С.А.Жиренов 
Межязыковая смена казахского и русского языков (Взаимствованные слова после лет Независимости) 
Необходимость общения с соседними странами в стабильном развитии каждого народа всем известно. В резуль-
тате чего любой язык человечества постоянно связан с другими языками в определенном уровне. Связь языковых 
отношении с двумя и более языками влияет на конструкцию и словарной запас друг друга.  
Ключевые слова: языковое общение, культурное общение, взаимствованные слова, словарный запас, переводы 
 
Summary 
Zhumalieva Asem – the student 3 courses of institute of philology of KAZNPU of Abay; 
Scientific head: Cand.Phil.Sci., associative professor S.A.Zhirenov 
Interlingual change in the Kazakh and Russian languages (Vzaimstvovannye words after years of Independence) 
The need to communicate with the neighboring countries in the stable development of each people all know. As a result, 
every language of mankind is constantly associated  with other languages to a certain level. Communication language  with 
respect to two or more languages affects the structure and vocabulary of each other.  
Keywords: linguistic communication, cultural communication, vzaimstvovannye words, vocabulary, translations 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
163 
ӘОЖ 801.61 
 
«ҚАРА» СӚЗІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӚРІСІ 
 
Б.Тҥймебай – Абай атындағы ҚазҦПУ, Филология институты 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
мамандығының 3-курс студенті, 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Қасым Балқия  
 
Семантикалық  ӛрістерде  тілдік  бірліктердің  жҥйелік  қатынастарын  семасиология  зерттейді,  ӛйткені  суреттеу 
сӛзден ҧғымға апарады. Егер сӛз ішкі байланыстар жағынан қарастырылса және суреттеу ҧғымнан сӛзге бағытталса, 
онда бҧл ономасиологияның зерттеу аймағы.  
Кілт сӛздер: сема, семантикалық ӛріс, лексика, лексикалық бірлік 
 
Жалпы тіл біліміне толықтай еніп, оның ішінен ӛз орнын алған семантикалық өріс теориясы қазақ тіл 
білімінде  маңызды  мәселе  болып  табылады.  Семантикалық  ӛріс  теориясының  негізін  салушы  неміс 
ғалымы Иост Трир. Ол лексиканы жҥйеге келтірудің жаңа ҧстанымдарын жете зерттеп, 1931 жылы алғаш 
рет  ӛріс  теориясы  ҧғымын  қолданып,  осы  теорияның  лексикалық  зерттеулерге  қажеттігін  кӛрсетеді. 
И.Трир ӛзінің жҧмысында ҧғым жағынан бір-бірімен байланысты бір топқа жататын сӛздерді зерттейді. 
Автор  еңбегінде:  ―Сӛз  тек  біртҧтас  бҥтіндік  және  сол  тҧтастық  арқылы  ғана  мағынаға  ие  болады‖ 
[НТС.12], - деген қорытынды жасайды. 
Семантикалық  өріс  белгілі  бір  сӛздер  мағыналарының  жиынтығы,  ӛрісі  ретінде  қабылданып,  сол 
бағытта дамыды. Семасиологияда, тіпті лексикологияда тақырыптық топтарға қарама-қарсы ағым болып 
қалыптасты,  оның  ӛзінің  тарихи  ӛзгермелігімен,  жылжымалығымен,  икемділігімен  тез  ӛзгешеленді. 
Тақырыптық топтарды еске алсақ, мысалы: адам аттары, киім-кешек, ӛсімдік атаулары, жан-жануарлар, 
кӛңіл-кҥй т.б. ӛздерінің қатып қалған қасиетімен бӛлектенеді. Сондай-ақ, тақырыптық топтардағы сӛздер 
кӛбіне зат есімдер болатыны мәлім. Ал семантикалық ӛрістің бір қасиеті ол ӛз бауырына әртҥрлі сӛздерді 
тарта береді [1. 164]. 
Семантикалық ӛріс – ең ірі лексика-семантикалық парадигма. Семантикалық ӛріс тҥрлі сӛз таптарына 
қатысты сӛздерді біріктіреді. Бҧл сӛздер болмыстың бір фрагментіне сәйкес келуі керек. Олар лексикалық 
мағынасына жалпы ортақ белгіге ие болуы тиіс. «Трир доктринасы» бойынша:  
1.  Тіл ӛздігінен семантикалық ӛрістерге бӛлінеді; 
2.  тілдің  мазмҧндық  жығы  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  қҧбылыстардан  толығымен 
абстракцияланады; 
3.  тіл танымның негізі ретінде қарастырылады; 
4.  тіл  белгілі  бір  халықтың  рухы  мен  зияткерлік  ерекшеліктерін  анықтайды.  Зерттеушінің  пікіріне 
сәйкес адам жеке сӛзді тҥсіну ҥшін оның санасында бҥкіл «тілдік ӛріс» кӛрініс табуы керек.  
Семантикалық  ӛрісті  анықтаушылар  ӛте  кӛп.  Сонымен  қатар  әртҥрлі  анықтамаларды  топтастырып, 
ғалымдарың  пікірлерін  қарастырдым.  Белгілі  ғалымдар  Е.В.  Гулыга  мен  Е.И.  Шендельс  лексика-
грамматикалық ӛрісті зерттеп, оның негізгі белгілері ретінде мыналарды атайды:  
1)  ӛріс  жҥйелі  қатынастар  арқылы  бір-бірімен  байланысқан  әр  тҥрлі  тіл  деңгейлік  қҧралдардың 
жиынтығы болып табылады;  
2) бҧл қҧралдардың ортақ мағыналары болады;  
3) ӛріс бір-біріне қарама-қарсы ең кемінде екі мағынадан тҧрады;  
4) ӛріс кӛлденең және тік кесінді тҥрінде кӛрсетуге болатын кҥрделі қҧрылымға ие. Ӛрістің кӛлденең 
кесіндісі  бойында  оның  семантикалық  тҥрлері  -  микроӛрістер,  ал  тік  кесіндісі  бойында  оны  қҧрайтын 
тілдік қҧралдар орналасады [2.97]. 
Ғалымдардың  ӛріске  анықтама  берудегі  пікірлеріндегі  ортақтық  –  лексика-семантикалық  ӛрістің 
мағыналық  қҧрылымындағы  ортақ  бір  семантикалық  компоненттің  негізінде  біріккен  қандай  да  бір 
тақырыпты қамтитын сӛздердің жиынтығынан тҧруы. И.М. Кобозева «семантикалық ӛріс деп айқындала-
тын  қҧбылыстың  ҧғымдық,  заттық  және  қызметтік  ҧқсастықтары  мен  мазмҧнының  жалпы  болуымен 
біріктірілген  тілдік  бірліктер  жиынтығын»  айтады.  Автордың  пікірінше  семантикалық  ӛріс  тӛмендегі 
қасиеттерге ие: 1) сӛздердің белгілі бір семантикалық қатынастарға тҥсуі; 2) осы қатынастардың жҥйелілі-
гі;  3)  лексикалық  бірліктердің  ӛзара  байланыстылығы  мен  ӛзара  тәуелділігі;  4)  ӛрістің  дербестігі;  5) 
ӛрістің ҧғымдық сипатын таңбалаудың тҧрақтылығы; 6) семантикалық ӛрістің бҥкіл лексикалық жҥйедегі 
ӛзара байланыстылығы [3.28]. 
Ӛріс  теориясын  қазақ  тіл  білімінде  алғашқылардың  бірі  болып  қарастырған  М.Оразов  болатын. 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
164 
Зерттеуші  ӛзінің  монографиясында  терминді  алғаш  қолданғандар  И.Трир,  В.Порциг,  Г.Ипсон  сияқты 
ғалымдардың пікірлеріне сҥйенген.  
Тҥбірлес  сӛздер  жан-жақты  дами  отырып,  бастапқы  мағынасы  кҥрделенген  соң  ӛзінің  дыбыстық 
жамылғышын  да  ӛзгертеді.  Пайда  болған  фоно-семантикалық  дамудың  кӛрсеткіші  тілдік  бірлік  тҥзіп, 
нәтижесінде  тҥбірлес  сӛздердің  қатары  кӛбейеді  [4.18].  Мысалы:  Қара  1.  Назар  аудару,  кӛз  жіберу.  2. 
Іздестіру, қарастыру. 3. Кӛру, тексеру, аңғару, бағу, байқау, бақылау. 4. Ескеру, елеу, ден қою. 5. Кҥту, 
тосу, бӛгелу. 6.Бағып-қағу, кҥту, баптау. 7. Біреудің қол астында болу. 8. Есептеу, санау, ойлау. 9. Ауу, 
ӛту, қадам басу. 10. Арнайы сӛз ету, талқылау [ҚТС, 377]. Бір сӛзжасамдық ҧяға кіретін тҥбірлес сӛздер-
дің ӛз ішінде бірнеше сӛзжасам негізі болуы мҥмкін. Мысалы: қара сӛзінен жасалған қарайлас, қарайласу 
т.б. Қара сӛзінен пайда болатын бірнеше туынды сӛздердің ретін А.Ибатов ―Қазақ тілінің туынды сӛздер 
сӛздігі‖[ҚТТСС, 65] еңбегінде кӛрсетеді:  
Бҧл  сӛзжасамдық  ҧядағы  тізбектер  мен  қатарлар  бірігіп  тҥбірлес  сӛздерді  қҧрайды.  Туынды  сӛздің 
мәселелері  тҥбірлес  сӛздерге  де  тікелей  қатысты  болып  келеді.  Тҥбірден  жҧрнақтар  арқылы  жасалған 
туынды сӛздердің номинациялық қасиетке ие болуы жҧрнақтың мағына тудыру ерекшелігіне байланыс-
ты.  Жҧрнақтар  тҥбірге  жалғанып,  жаңа  лексикалық  мағына  тудыруы  да  мҥмкін,  сол  сияқты  лексика-
грамматикалық  сӛз  жасауы  да  мҥмкін.  Туынды  сӛздің  тҧлғалық  қҧрамына  да,  мағыналық  жағына  да 
жетекші рӛл атқаратын тҥбірлер, ал жҧрнақтар мағынаны әрі қарай дамытып, кӛмекші қызмет атқарады. 
Негіз де, тҥбірлес сӛздер кең мағынадағы туынды сӛздердің аумағына кіріп кетеді. Ӛйткені, біріншіден, 
тҥбірлес сӛздер де, негіздер де тҥбірдің негізінде жҧрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Екіншіден, 
мағыналық  байланыс  ҥзілмей,  бір  семантикалық  ӛрісте  жатады.  Ал  тҥбірлес  сӛздер  дегеніміз  –  тілдік 
жҥйедегі белгілі бір макросемалы тҥбірдің жан-жақты дамуынан пайда болған, бір семантикалық ӛрісте 
жататын ортақ семалы туынды сӛздер [4.21]. 
Тҥркі  тілінде  тҥбір  ретінде  танылатын  қаrа:қара  тҧлғасынан  қазіргі  қазақ  тіліне  тән  тҥбірлес  сӛз 
жасауға негіз болғандығын айтуға болады. Тҥркі тіліндегі қаrа формасының дамып, жетілуі негізінде қара 
сӛзінің  қазақ  тіліндегі  қолданысы  біршама  артқан.  Яғни,  қара  сӛзінің  семантикасы  ӛте  кең  болып 
табылады. Оған дәлел келтіретін болсақ:  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет