Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі20,76 Kb.
#119021
  1   2   3

Мектеп директоры: ДТІЖО орынбасары:
__________ Е.У.Арыстанов _________Ж.К.Саркенова
« »______ 2023 ж « »______ 2023ж

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
2023 – 2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары


Сыныбы: 10
Сынып жетекшісі: Есқайырова Ботакөз Сапарғалиқызы


2023 – 2024 оқу жылы
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Тәрбие мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.


Міндеттері: 1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. 2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. 3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. 4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. 5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.


Күтілетін нәтиже
1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салтдәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.





Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары
10 –сынып





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет