Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
І жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.
Байқаудың шарттарымен таныстыру
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін таныстырады)
2. «Қыз еркем –өнерімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. Карвинг (қатысушылар жеміс немесе көкөністен мүсін жасап шығарады).
4. «Өнерлінің өрісі кең»
(Өз өнерлерін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(салт – дәстүр бойынша сұрақтар қойылады.)
ІІ жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе - елдің көркі" деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
І жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады.)
ІІ жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап,сайысқы қатысушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Бүгінгі сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.----------------------------------------------------------------------------------------------------
2.----------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |