4-сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің базалық мазмұны: 1)«Компьютер»:компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу;
ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу);
электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4) «Есептей білу»:алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шектік көлемі: 4-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат.
Цифрлық сауаттылық пәні, 4сынып
Аптасына: 1сағат, барлығы: 36сағат