Абай аудармалары Абай шығармашылығында өзіндік орны бар, Абайдың ақындық шеберлігінің биік белесін әйгілейтін саласы оның аудармалары.
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы-орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы-Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармалары негізінен екі топқа жіктеледі: Дәл аударма, ерікті аударма.
Орыс тіліндегі өлеңңнің буын ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз көбіне қарамай, бәрін де қазақтың 11 буынды, қара өлең ұйқастарымен аударады. Абайдың дәл аудармалары деп: «Онегиннің сипаты», «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз...», «Теректің сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл...», «Еврей күйі» атты өлеңдерін айтуға болады. Бәрі де буын сандарын сақтамағанымен, мазмұнын, образдарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған.
Екінші түрі-ерікті аударма. Бұған жататындар: «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары», қара сөзбен өлең еткен «Вадим» поэмасы.Бұлардың негізі ғана орысшы. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сзі, өз ұғынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Абайдың орыс классиктерінен аудармалары: И.А. Крыловтан 12 мысал, М.Ю.Лермонтовтан 27 өлең, А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан 7 үзінді .