Абай аудармасы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі227,17 Kb.
#6386

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИВАН КРЫЛОВ

 

 



МЫСАЛДАР

 

 

 

Абай аудармасы 

 

Sauap.org 



Шегіртке мен құмырсқа 

 

Шырылдауық шегіртке 

Ыршып жүріп ән салған. 

Кӛгалды қуып гӛлайттап, 

Қызықпен жүріп жазды алған. 

 

Жаздыгүнгі жапырақтың 



Бірінде тамақ, бірінде үй, 

Жапырақ кетті, жаз кетті, 

Күз болған соң кетті күй. 

 

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, 



Ӛкінгеннен не пайда? 

Суыққа тоңған, қарны ашқан 

Ойын қайда, ән қайда? 

 

Оныменен тұрмады, 



Қар кӛрінді, қыс болды. 

Сауықшыл сорлы бүкшиді, 

Тым-ақ қиын іс болды. 

 

Секіру қайда, сүрініп, 



Қабағын қайғы жабады. 

Саламда жатып дән жиған 

Құмырсқаны іздеп табады. 

 

Селкілдеп келіп жығылды, 



Аяғына бас ұра: 

–Қарағым, жылыт, тамақ бер, 

Жаз шыққанша асыра! 

 

–Мұның, жаным, сӛз емес, 



Жаз ӛтерін білмеп пе ең? 

Жаның үшін еш шаруа 

Ала жаздай қылмап па ең? 

 


Sauap.org 

–Мен ӛзіңдей шаруашыл, 

Жұмсақ илеу үйлі ме? 

Кӛгалды қуып, ән салып, 

Ӛлеңнен қолым тиді ме?.. 

 

Қайтсін, қолы тимепті, 



Ӛлеңші, әнші есіл ер! 

Ала жаздай ән салсаң, 

Селкілде де, билей бер! 


Sauap.org 



Қарға мен түлкі 

 

Боқтықта талтаңдап, 



Жан-жаққа жалтаңдап, 

Бір қарға жүр еді. 

Бір жатқан ірімшік 

Кӛзіне түседі, 

Кӛңілі ӛседі. 

Ірімшікті кӛрінген 

Тістеп ап, ұшады. 

Бір ағашқа қонды да, 

Асықпай жемек болды да, 

Мазатсып қарады 

Оңына, солына. 

Ағашқа қонып, қаранып, 

Қанатын, жүнін таранып, 

Болмақшы еді мәз-майрам 

Дейтін емес қу қайдан, 

Жем іздеген бір түлкі 

Кездей келді сорына. 

Ағаштан тӛмен түспеген, 

Ірімшікті тістеген 

Қарға түсті кӛзіне. 

Қу құмар ақымаққа 

Алдап, арбап соқпаққа 

Кеңеседі ӛзіне. 

Жуасып, жабырқап, 

Таң қалып, таңырқап, 

Қарады жүзіне. 

Қарашы залымның, 

Бұл жұртқа мәлімнің 

Алдаған сӛзіне: 

«Есен-сау жүрсіз бе? 

Ақынның тӛресі? 

Кӛп жерден белгілі 

Тегін құс емесі. 

Жүніңіз, үніңіз, 



Sauap.org 

Мұрныңыз, кӛзіңіз, 

Құлаққа кӛп тиген 

Мақталған кеңесі. 

Басынан ӛзгеше 

Бітіпті денесі. 

Кӛп жерден, қалқам-ай, 

Құмарым тарқамай, 

Сізді іздеп келіп ем. 

Сүйінсін құлағым, 

Тарқасын құмарым, 

Әніңе бір салшы, 

Асық боп келіп ем». 

Мақтауға есіріп, 

Барынша кӛсіліп, 

Ырғалып қарқ етті, 

Ірімшік жерге салп етті. 

Тап етті, шап етті, 

Ап кетті қу түлкі. 

Антұрған, сол тұрған 

Жеріңде бол күлкі. 

 

 


Sauap.org 



Қарға мен бүркіт 

 

Қой жайылып жаздыгүн 

Шыққан екен қияға. 

Аспаннан бүркіт құйқылжып, 

Сорғалап келіп ыраға, 

Бір қозы іліп ап кетті 

Құздағы қиын ұяға. 

Екпіні күшті ер үшін, 

Еңбек қылды жем үшін 

Ұядағы балаға. 

Кӛрді де мұны бір қарға

Желікті бір іс бастарға: 

“Қозыны да тамақ деп, 

Кім ап шықсын тастарға! 

Ең семізін ілейін 

Қызық қылып ашарға”,- 

Деді-дағы, аралап, 

Жабысты келіп қошқарға. 

Қалшылдап, дірілдеп 

Тырнағын салады, 

Қанатын қайқайтып, 

Әкетпек болады. 

Бүркіттей емес екені 

Кешікпей-ақ білінді. 

Жабағыға тырнағы 

Шықпастай боп ілінді. 

Жалпылдап, салпылдап, 

Қойшыларға кӛрінді. 

Әддін білмес шіркінді 

Құдай әбден қарғады. 

Қойшылар кӛріп күлісіп, 

Ұстап алды қарғаны. 

Құрысын да шіркіннің, 

Семіз қойды алғаны. 

Ұшпасын деп қимаған 

Қанат, қүйрық қалмады. 



Sauap.org 

Бір жіпті берік бек байлап

Аяғына жалғады. 

Балаларға ойын боп, 

Қор болып сүйтіп қалғаны. 

Азат басың болсын құл, 

Қолдан келмес іске ұмтыл! 



Sauap.org 



Піл мен қанден 

 

Кӛшеде піл жетелеп біреу жүрді, 

Кім кӛріпті хайуанды мұндай түрлі. 

Кӛрсеткелі ап жүрген жануарды 

Тамашалап, артынан жұрт боп ерді. 

 

Кӛшеде кез боп бір қанден 



Ұмтылды пілге шаптығып. 

Шаңқылдап үрді ерленіп, 

Тартынбай ұрысар жан шығып. 

 

Қанденге бір ит кездей боп 



Деді: “Әліңді білсеңші, 

Пілмен ұрысар сиқың жоқ, 

Мазақ болмай, қой, кӛрші! 

 

Қырқылдап қалдың, не бітті? 



Әуре болмай, қой!- деді. 

Сен бұлқындың, ол кетті, 

Жан деген жоқ ол сені”. 

 

“Мен де соны білемін



Сондықтан ер боп келемін. 

Ұрыс, соғыс қылмай-ақ, 

Ер атанып кӛремін. 

 

Жұрт мұнымды кӛрмей ме? 



Батыр атақ бермей ме? 

Қой, бұл қанден – ер шіркін, 

Пілге де үрген демей ме?” 

 

 



 

Sauap.org 



Әншілер 

 

Кӛршіні кӛрші шақырды, 



Болды да сыйлап ас бермек. 

Қулығын ішке жасырды: 

Баланың әнін есіттірмек. 

 

Балалар шулап, бақырды, 



Ынтасы – даусын білдірмек. 

Қонақтың күйін қашырды, 

Басты ауыртты кӛп дүрмек. 

 

Алды-алдына кетеді, 



Қосылмайды әндері. 

Құлағынан ӛтеді 

Құр айғай салған сәндері. 

 

Япырмай, кӛрші-ай, не қылды? 



Бас ауырды, қаңғырды. 

Құлағын басып жалынды, 

Қойғыза кӛр деп құрғырды. 

 

Тым-ақ даусы күшті екен, 



Бекер де емес сенікі. 

Сүйтсе де арақ ішпеген 

Есті ұлдар ғой менікі. 

 

Есі шықпай мұнан да ішкен артық, 



Қисыны жоқ қышқырған не еткен тантық! 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет