Абай білім арнасы – ақыл ойдың айнасы” Тақырыбы:“Абай білім арнасы – ақыл ойдың айнасы”



бет2/4
Дата31.01.2023
өлшемі20,42 Kb.
#64014
1   2   3   4
Байланысты:
Абай (1)


 1 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, тыңдаушылар! «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған.
2 - жүргізуші - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
Абай кім? Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 — 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Презентация “Абай білім арнасы – ақыл ойдың айнасы”
1 – жүргізуші: Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңарған, бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген - дей отырып бүгінгі іс-шарамызды бастаймыз!

1 - бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)
2 - бөлім: Абай кім? Конверт үлестіру (сұрақтарға жауап береді)
3 - бөлім: «Қарасөздер» мазмұны (Абайдың қарасөздерін талдау)
4-бөлім: Мысал өлеңдерден көрініс


І-жүргізуші: Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
1. Ортаға ПО-21 тобының студенті Блатаева Аянаны «Масғұт» поэмасы (мәнерлеп жатқа айтады)
2. НО-41 тобының студенті Сахиева Лаура «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (мәнерлеп жатқа айтады)
3. НО-41 тобының студенті Үкей Ақнұр «Ғылым таппай мақтанба» (мәнерлеп жатқа айтады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет