Абай философиясындағы адам мәселесі досымқызы Р. – 1901-11 тобының студенті Ғылыми жетекші: Бегдаулетова Қ. Д



Дата08.12.2023
өлшемі19,41 Kb.
#134779
Байланысты:
Абай толық адам Разия


ӘОЖ 130.2


АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ
Досымқызы Р. – 1901-11 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Бегдаулетова Қ.Д. – филос.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент

Резюме
В статье рассматривается вопрос о формирования интеллектуальной личности на основе концепции А.Кунанбаева «полноценная личность»
Summary
The article deals with the issue of the formation of an intellectual personality based on the concept of A. Kunanbaev «full-fledged personality»
Адам – Жер шарындағы ең жоғарғы даму сатысындағы саналы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі. Адам – әлеуметтану , философия,медицина,психология,педагогика,физиология,этика,эстетика т.б. ғылымдардың басты нысаны болып табылады.Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз - адам туралы ілім. Адамның мәнi, мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Антропологияның басты мәселелерінің бірі - адамның қалыптасуы болып табылады. Адам мәселесі жалпы философияның өзекті тақырыптардың бірі. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болып келуде. Адам туралы алғашқы ой-пікірлер философия пайда болғанға дейін қалыптасып қойған. Бұл туралы ақпаратты бізге бүгінге дейін жеткен аңыздар,әңгімелер, мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Осы аңыздарда, мифтерде адам болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастаған.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болған.
Ежелгі Үнді философиясында әлемдік жанның бөлігі - адам деп қарастырылады. Ежелгі Қытай философиясында да адам туралы өзіндік ілім қалыптасқан. Оны қалыптастырушы ең көрнекті қытай өкілдерінің бірі -Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп негізі ретінде «адамсүйгіштік», яғни жэнь мәселесін алды. Ежелгі Грек философиясында да адам туралы өзіндік түсінік қалыптасқан.Оның негізін салушы грек философы - Демокрит. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да өледі. Демокрит айтуынша өмірдің мақсаты - бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес екенін атап өткен болатын. « Адам – ақылға ие қоғамдық жануар» - қарастырған , адам мәселесін жете зерттегендердің бірі- Аристотель. Ол адам мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясы бойынша адам қоғамдық , мемлекеттік, саяси деп қарастырылады.
Адам мәселесін өз философиялық шығармаларында тереңінен қарастырған халқымыздың дана әрі дара ойшылы,философ - Абай атамыз. Абай философиясының басты мақсаты – адамды кемелдену деңгейіне жеткізу болатын. Осы тұста Абайдың «Толық адам»концепциясы туындайды.
Абай шығармаларының негізгі зерттеу обьектісі- адам болып табылады.Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде,жалпы шығармаларында өмірдің бар болмысы мен ақиқатының көрініс табуын адамгершілік ілімімен байланыстырған.Себебі, Абайдың ұзақ ізденіп,тереңінен негіздеп,зерттеп тапқан танымы- «Толық адам» ілімі болып табылады.
Абайдың «Толық адам»ілімі оның «Ғылым таппай мақтанба»өлеңінен бастау алады десек қателеспейміз. Өйткені, ондағы «бес асыл қасиет» пен «бес дұшпан» ұғымдары адам өміріне қажетті бағдар болып табылады. Абай атамыз аңсап,армандаған мақсат - мұратының ең жоғарғы шыңы осы «Толық адам» концепциясы болып табылады. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» дей отырып, Абай толық адамға тән осы қасиеттерді айрықша сипаттайды. Мұндағы , «ыстық қайрат» - әрқашан алға ұмтылу,үнемі ізденісте болу, «нұрлы ақыл» - білімге құштар болу,ақылды тек жақсылыққа жұмсай білу,ізгілікті іс әрекеттерге деген ұмтылыс ретінде қарастырылатын болса, «жылы жүрек»-мейірімді болу,иманды болу,сыпайы болу деген мағынаны білдіреді. Абай аңсаған «Толық адам» бойына осы ізге қаситеттерді сіңірген,еңбекқор,рахымшыл,иманды,қанағатшыл тұлға болып табылады.
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,
Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,


Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.[1] Осы өлең шумақтары толық адам ілімінің негізгі түйіні десекте болады. Абай үшін дүниенің басты құндылығы- адам болып саналы,жай ғана адам емес , яғни кемелгенден ,жетілген толық адам.Демек Абай үшін толық адам – рухани тұрғыда жетілген,жеке тұлға болып қалыптасқан , өзін-өзі танитын кемеліне жеткен адам.Менің ойымша «Толық адам» ілімі – қазақ халқының рухани санасын оята алатын бірден бір құрал. Осы ілімді бүгінгі білім беру бағдарламасына сапалы түрде енгізу керек деп ойлаймын. Абайтану мәселесіне тереңінен ден қойып айналысу керек ендігі жас ұрпақтың,яғни біздің міндетіміз деп санаймын. Өйткені, Абай таусылмайтын терең мұхит секілді.Сондықтан да бұл ілімге аса назар аудару керек.
Бүгінгі таңда кейбір ғалымдардың Абайдың «Толық адам» іліміне ерекше көңіл бөле бастағаны белгілі.Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов «Бүкіл оқу орындарындағы тәлім-тәрбие беретін оқулықтар Абайдың «Толық адам» ілімі негізінде қайта жазылуы тиісті. Бұл рухани қажеттілік»[2] – дейді. Иә,расында бұл сөздердің жаны бар,өте дұрыс айтылған.Абайдың «Толық адам» ілімін ең алдымен әдебиет оқулықтарында,хрестоматияларда оқылуға тиіс қысқаша бағдарлама етіп ендіру керек деп ойлаймын.
Халқымыздың жаңа дүниетанымын қалыптастырудың қайнар көзі осы – «Толық адам»ілімі. Абай ,Шәкәрім секілді даналарымыздың әдеби мұрасы мен олардың дүниетанымын ұғыну үшін , оны тереңінен зерттеп ашу үшін осы мәселеге глобальді назар аудартуымыз керек.Сонда ғана жаңаша рухани бет бұрыс орын алмақ !
Философияның басты нысаны-адам.Негізінде философия адамды танумен,адамды зерттеп-зерделеумен,адам жұмбағын шешумен айналысады.Сондықтанда көптеген философтар,ғұлама ғалымдар осы мәселемен айналысқан, әлі зе зерттеу үстінде. Адам дегеніміз кім, адам қалай өседі,өнеді, жетіледі,кемелденеді, адам болады? Бұл жолда ол нені білуі, неге ұмтылуы, неден қашық болуы керек? Кімнен ол үйренеді, кімге ұқсауы керек?– осының бәріне де Абай философиясы жан-жақты жауап береді. Абайдың «толық адам», «адам бол», «дүниеге кірпіш болып қалан», «әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,» деген идеяларының,ой-толғануларының түпкі мақсаты – халықын бірлікке,білімге,саналы өмірге,парасаттылыққа шақырмақ болған әрекеті деп түсінемін. Мұхтар Әуезов айтқандай, «Абай деген дария ғой». Абай ілімі – ұшан-теңіз.Мен оны таусылмайтын терең тақырып санаймын . Абайды әрбір қазақ,әрбір адам оқыса ғой дер едім.Өткені,Абайдағы тұнып тұрған философия әркімнің өсу үшін,кемелденуі үшін,жетілуі үшін,өзін-өзі тануы үшін таптырмас қазына.

Әдебиеттер:

  1. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы,Атамұра,286 б.

  2. Мырзахметұлы М. Абайтану, 1 -том. Абайтану тарихы (қазақ тілінде). /«Қазығұрт» баспасы, 2020. – 488 бет. ISBN 978-9965-22-586-4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет