Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Негізгі сұрақтар Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар мен бағдарламалар



бет1/8
Дата18.11.2023
өлшемі1,8 Mb.
#124423
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-ЛЕКЦИЯ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті


Психология
7-дәріс
Б.Ш. Байжуманова
пс.ғ.к., психология кафедрасының доценті

Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

Негізгі сұрақтар

1. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар мен бағдарламалар.

2. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар.

3. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары.

4. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары.

5. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.

6. Тұлғалық және кәсіби жетістік психологиясы.

Өмірдің мәні

"Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?". Өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмас сірә.

Өмірдің мәні ұғымы

Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен айқындалады.

Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар

  • Өмірдің мәні – адамның өз құндылықтар иерархиясын саналы құратын, өз мүмкіншіліктерін болжап және оның жүзеге асыруға ұмтылысынан көрінетін адамның өзінің өмірлік бағыттылығын түсіну.
  • Өмір мәні уақытқа байланысты өзгеріп отырады.

Өткен шақ (ретроспекция)
Осы шақ (актуализация)
Болашақ (проспекция)

Өмірдің мәні - бақытта

Өмірдің мәні туралы айтқанда, көп жағдайда оның «бақыт» ұғымымен пара-пар түсіндіріп жатады. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырым кез келген адамға түсінікті әрі жылы естіледі. Бақыт дегеніміз - өз болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет