Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
23. Жиырма Үшінші Сөз
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар.
Оның қуанышы: елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған
жаманшылығы шықса қуанады. Айтады: Құдай пəленшеден сақтасын, о да
адаммын деп жүр гой, оның қасында біз сəулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған
қарағанда мен таза кісі емеспін бе?— деп. Оған Құдай Тағала айтып па
пəленшеден тəуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, əйтеуір өзіңнен
наданшылығы асқап, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға
қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып
жақсы болад-тагы. Жүз ат бəйгеге қосылса, мен бəйге алдым деген сөз болса
жарар, алдында неше ат бар деп сұрар, артында қалган ат нешеу деп
сұраганның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі
қуаныш?
Енді жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бəрі де сүйтіп-ақ жүр гой, көппен
көрген ұлы той, көппен бірге болсак, болады-дағы деген сөзді жұбаныш
қылады. Оған Құдай Тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп, көпке
қаһарым жүрмейді деп пе? Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғалым көпке келіп
пе? Біреуден тарап па? Хикмет
17
көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке
қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жоқ жарымы
ауырып, жарымы сау болса, жеңіл тие ме? Жер білмеген көп адам адасып
жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен? Көп кісі жолаушының
бəрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жарымы арыса, жарымысының күйлісі
жақсы ма? Жұт келсе, елдің бəрінің түгел жұтағаны жақсы ма?
Жарым-жартысы аман қалганы жақсы ма? Осы көп ақымақтың бір ақымаққа
несі жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу
қалыңдығын жеңіп пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше,
көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?!
17
(ар.
ﺖﻤﻜﺣ
) – даналық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет