34. Отыз Төртінші Сөз
Жұрттың бəрі біледі өлетұғынын жəне өлім үнемі қартайтып
келмейтұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұгынын. Қазак осыған да, амал
жоқ, нанады, анық өз ойына, акылына тексертіп нанбайды.
Жəне һəмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа
жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне
ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп,
бəріне — сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де,
анық акиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбейді. Ол екеуіне анық сенген кісі
уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба
береді. Егер де осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз.
Оны кайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой
дейміз.
Кімде кім ахиретте де, дүниеден де қор болмаймын десе, білмек керек: еш
адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей
болмайды, екі қорқыныш, екі қайгы — олар да бірдей болмайды. Мұндай екі
нəрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда қай адамның
көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ахирет қайғысынан, ахирет
қуанышынан артық болса — мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер, біздің
қазақ та мұсылман екен.
Егер де екі нəрсе болса, бірі ахиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті,
бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ахиретке керектіні алмай, екінші
кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең Құдай өзі
кеңшілікпен кешіреді-дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп,
дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе, ахиретті дүниеге сатқаным
жоқ деп, нануга бола ма?
Адам баласына адам баласының бəрі — дос. Не үшін десең, дүниеде
жүргенде — туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің,
шыққан жерің, бармақ жерің — бəрі бірдей, ахиретке қарай — өлуің, көрге
кіруің, шіруің, махшарда сұралуың — бəрі бірдей, екі дүниенің қайғысына,
пəлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бəрі бірдей екен. Бес
күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ
екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып
кез алартыспақ лайық па?
Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр
демей, пəленшенікін əпер демек ол Құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін
біреуге жəбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы не
ғылымы жок, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр "өй, Тəнір-ай!" деп таласа
бергеннің несі сөз? Оның несі адам?
|