Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет19/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

27. Жиырма Жетінші Сөз
(Сократ Хакимнің сөзі)
Бір күні Сократ Хаким бір Аристодем деген ғалым шəкіртіне Құдай
Табарака уатағалаға құлшылық қылмақ турасына айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық
қылгандарға күлуші еді.
— Əй, Аристодем, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері
себепті адам таңырқауға лайықты? — деді.
Ол айтты:
— Толып жатыр, қазірет.
— Бірінің атын аташы, — дейді.
— Гомерге бəйітшіліктігі
21
себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни
біреудің сипатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын — деп,
соған ұқсас неше онан басқа өнерлері əшкере болған жандарды айтты.
— Олай болса, кім артықша ғажайыблануға лайықты, жансыз, ақылсыз,
құр пішінді жасайтұғын суретші ме, я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы
ма?— дейді.
— Соңгысы лайықты, — дейді, — бірақ ол Жаратушы жаратты, өздігінен
кез келіп, солай болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса — дейді.
— Жə, пайдалы нəрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады.
Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің? —
дейді.
— Əрине, əшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін,
— дейді.
— Жə, олай болса, адамды Жаратушы хауаси хамса заһри
22
бергенде,
тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын
біліп бергендігі əшкере тұр ғой. Əуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ
болса, дүниедегі көрікті нəрселердің көркінен қайтіп лəззəт алар едік? Ол көз
өзі нəзік болған себепті, керегіне қарай ашып, жауып тұрсын үшін қабақ беріпті.
Желден, ұшқыннан қаға берсін болсын үшін кірпік беріпті. Құлақ болмаса, не
қаңғыр, не дүңгір, жақсы үн, күй, əн, — ешбірінен лəззəт ала алмас едік. Мұрын
иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық
болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дəм білмесе, дүниеде не тəтті, не
қатты, не дəмдінің қайсысынан лəззəт алар едік?
Бұлардың бəрі біздің пайдамыз емес пе?
Көзді, мұрынды мұндай ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың
тазалығын көріп, исін біліп ішіп-жесін деп. Бізге керегі бар болса да,
жеркенерлік жер бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс
21
Ақындығы
22
Сыртқы бес сипат, бес сезім мүшесі


апарып тесіпті, мұның бəрі хикметпен біліп істелгендігіне дəлел емес пе? —
депті.
Сонда Аристодем тахқиқ ойлап тексергенде адамды Жаратушы артық
хикмет иесі екендігіне һəм махаббаты бірлəн жаратқандығына шүбəсі қалмады.
— Олай болғанда жəне не ойлайсың, һəмма мақұлықтарды жас балаларына
елжіретіп, үйірілтіп тұруын көргенде, уа һəмма мақұлықаттың өлімін жек көріп,
тіршілікте көп қалмақтығын тілеп, ижтиһат қылуын көргенде өсіп-өнуінің
қамында болудан басқа істі аз ойламақтары — бұларының бəрі жұрт болсын,
өссін, өнсін үшін.
Солардың жаратқанда көңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һəм
мұның бəрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? — дейді. Жəне:
— Ей, Аристодем! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ
деп ойлайсың? — деді.
— Адамның денесі, өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе?
Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысы емес пе? Жə, сен бұл
ақылға қайдан ие болдың? Əрине, қайдан келсе де, жан деген нəрсе келді де,
сонан соң ие болдың.
Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һəм
қаңдай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің
бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бəріне таңғажайып қаласың һəм ақылың
жетпейді, осының бəрі де кез келгендікпенен бір нəрседен жаралған ба, яки
бұлардың иесі бір елшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша
бұл хисабына, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние əрбір түрлі керекке бола
жаратылып һəм бірі-біріне себеппен байланыстырылып, пəнденің ақылына
өлшеу бермейтұғын мықты көркем законға қаратылып жаратылды,— дейді.
Ол айтты:
— Тахқиқ бұл айтқаныңның бəрі рас, Жаратушы артық ақыл иесі екендігі
мағлұм болды. Ол Құдайдың ұлықтығына іңкəрім жоқ. Бірақ соңдай ұлық
Құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?— деді.
— Ей, Аристодем! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің
қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіне де ұстаз керек пе?— деді.
Аристодем айтты:
Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем,— деді:
— Жə, олай болса, һəмма мақлұққа да қара, өзіне де қара, жанды бəрімізге
де беріпті. Жанның жарығын бəрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе?
Адам алдын, артын, һəм осы күнін — үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан
артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңгы жағын тексермекке тіпті жоқ.
Хайуанға берген денеге қара, адамга берген денеге қара. Адам екі аяғына
басып тік тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һəм өзге
хайуандарды құлданарлық, пайдасын керерлік лайығы бар. Хайуанның бірі
аяғына сеніп, бірі қанатына сеніп жүр, бір өзіндей хайуанды құлданарлық
лайығы жок.


Адам өзі өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, еш
нəрсеге жарамас еді. Хайуанға сұлтан болуға ғана лайығы бар. Хайуанға
адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір-біріне ғылым
үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай егіз шаһар
жасап, құрал, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен
шығарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды жəне
ғажайыппен һəм жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны
хикметпенен өзге хайуанга сұлтан қылғандығына дəлел емес пе? Ол дəлел
болса, адам баласын артық көріп, қамын əуелден Алланың өзі ойлап
жасағынына да дəлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа
қарыздар екені мағлұм болмай ма? — депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет