Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
40. Қырқыншы Сөз
Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар.
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің
жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?


Қайраты қайтқан шал мен жастың бəрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі
құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен-бірінің бітім қылмайтұғыны
қалай?
Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғаңдай көріп, іші елжіреп жақсы
көріп тұрып, елге келсе, əрберден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай?
Жаттың бір тəуір кісісін көрсе, "жарықтық" деп жалбырап қалып, мақтай
қалып, өз елінде сонан артық адам болса да, танымайтұғыны қалай?
Бір жолаушы алыс жерге барған еліне өз елін мақтаймын деп өтірікті
сыбап-сыбап, қайтып келген соң, сол барған, көрген елін, жерін мақтап өтірікті
сыбайтұғыны қалай?
Қай қазақты көрсем де, қай баласы жасырақ болса, оның басынан
пəрмене
207
болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?
Біреудің ағайыны торқалы той, топырақты елімде, адалдық, берекеде
алысуңа табылмай барымта алалық, ұрлалық десе, табыла қоятыны қалай?
Бəйгеге ат коссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын, атың келсе, бəйгесіне
өкпелейтұғыны қалай?
Баяғыда біреу біреуді пəлен жасымда жарықтық атым арып келе жатқанда
пəлен жерге жеткізіп салып еді деп, өлгенше айта жүруші еді. Осы күнде бұл
жылғы берген ендігі жылға жарамайтұғыны қалай?
Байдың баласы кедей болса, ұрлық қылуга арланбайды, байға кірісуге
арланатұғыны қалай?
Екі жақсы бір елде сүйіскен достығында тұра алыспайды. Кейбір
антұрғандардың тым-ақ тату бола қалатыны қалай?
Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның келіп бір тай
берсе, бұзыла қалатыны қалай?
Күнде тілін алатұғын достан кейде бір тіл ала қойған дұшпанға кісінің өле
жаздайтұғыны қалай?
Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бір жетілсе, бағанағы досына
бітімі жоқ дқшпан сол болатұғыны қалай?
Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын
танитұғын кісіден қашық жүретұғыны қалай?
Біреу біреудікіне келгенде үйіндегі малының бəрін де айдап келіп, өз үйіне
кісі барғанда бар малын далаға айдап жіберетұғыны қалай?
Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сəтке тұрмай,
тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай?
Елді пысық билегені несі? Пысықтың бəрі кедей келетұғыны несі?
Тоқал қатын өр келетұғыны несі? Кеселді кісі ер келетұғыны несі? Кедей
кісінің кер келетұғыны несі?
Нəпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінін жаман атанып, нəпсісі билеп,
мақтанға еріп пəле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі?
207
мəпелеу деген мағынада


Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей,
пəлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны əбден
естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет