Абай институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата12.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#9211
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

1

Ғылыми-ақпараттық 



Əдеби  журнал 2010 жылдан 

бері екі айда бір шығады. 

ҚР Мəдениет жəне ақпарат 

министрлігі  Ақпарат жəне мұрағат 

комитетінде тіркеліп  (24.12.2009),

№ 10586-Ж куəлігі берілген

(ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.)

сериялық басылымдарды

тіркейтін ISSN Халықаралық 

орталығында тіркелген жəне 

халықаралық нөмір берілген

Бас редактор  

Дəдебаев Ж.Д.

Редакциялық кеңес 

Абдуалиев А., Акматалиев А.А. 

(Қырғызстан), Аманшаев Е.А., 

Əбдезұлы Қ., Əбдиманұлы Ө.,

Əмірбеков Ш.А., 

Бақтыкерева Ұ.М. (Россия),

Бисенбаев П.Қ. (ғылыми редактор),

Ғайыпов З.С., Есембеков Т., Есім Ғ.,

Жақсылықов А.Ж., Кəкішев Т.К., 

Қамзабекұлы Д., Мадиева Г.Б., 

Момынова Б., Мырзахметов М., 

Нұралиев А. (Тəжікстан), 

Омаров Б.Ж., Чабаноғлы О. (Түркия), 

Шəріп А. Ж., Ысқақұлы С. (Қытай).



Редакциялық алқа

Адаева Е.С., Ахмедьяров Қ.К., 

Əбдікова Қ.Т., Бектурова Э.Қ.,  

Кəрібаев Б.Б., Малдыбай А.Д.

Мəмбетов Ж.О., Медеубек С., 

Мұсалы Л.Ж., Сағындық Н., 

Таева Р.М., Тарақ Ə.С.

Жауапты хатшы 

Дəуітова Г.Р.



Құрылтайшы 

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ



Шығарушы

Абай ғылыми-зерттеу институты 



Редакция мен шығарушының 

мекен-жайы

Алматы, Əл-Фараби даңғылы,71.

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Абай ғылыми-зерттеу институты.

E.mail: Abai_instkaznu@mail.ru

ИБ №5845

Басуға 13.12.2011 ж. жіберілді. 

Пішімі 70х110 1/16. Тапсырыс №636.

Көлемі 8,3 б.т. Əл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің

«Қазақ университеті» баспасы.

050040, Алматы қаласы, 

Əл-Фараби даңғылы, 71.

«Қазақ университеті» 

баспаханасында басылды

Мақала авторларының пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.



М А З М Ұ Н Ы

АБАЙТАНУ 

Дəдебаев Ж. Абайдың антропологизмі (жан мен тəн) ....................................... 3

Есембеков Т. О синергетике в поэзии Абая......................................................... 9

АБАЙТАНУ ТАРИХЫНАН

Сағди А. Абай ......................................................................................................... 12

Тоғжанов Ғ. Абайдың өмірі, өскен ортасы, алған тəрбиесі .............................. 22

Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі ....................................................................... 33

Орынбеков М. Дух, душа, духовность в философии Абая ................................ 37

Нуралиев А. Абай и таджикская литература ....................................................... 46

Iskakov K. Life of Abai (Ibragim) Kunanbaev ........................................................ 51

СӨЗ ӨНЕРІ

Дəдебаев Ж. Құмырсқаға құрмет ......................................................................... 59

ТІЛ БІЛІМІ

Enders Peter. Huygens’ Principle for Linguistics ................................................... 70

АУДАРМА ЖƏНЕ ƏДЕБИ КОМПАРАТИВИСТИКА

Жұмаділова М. Кəсіби аударма моделі жəне аудармашының

 əлеуметтік сипаты ................................................................................................. 75



Жапарова А. А.С. Пушкиннің «Тас мейман» пьесасы Ж. Аймауытовтың 

аудармасында .......................................................................................................... 78



Комиссаров В. Перевод – важная часть моей жизни.......................................... 80

Kozhakanova M. Translation of fi gurative expressions in  Abai Kunanbaeyev’ s 

poems ....................................................................................................................... 86



СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ

Елбаева Ж. Құрманғазы Қараманұлының аудармашылық

шеберханасы ........................................................................................................... 91



ЖАС ҚАЛАМ

Қайдауылова С.  Диалогтағы сұраулы сөйлемдердің коммуникативтік

қызметі .................................................................................................................... 95

«Абай институтының хабаршысы» журналына авторлардың мақала 

жариялау ережелері................................................................................................ 98



ISSN 2223-2389

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ

ХАБАРШЫСЫ

Алматы                                                           №6 (12)                                                            2011


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

2

Біздің авторлар



Дəдебаев Ж.Д.  –  филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағы-

ның мүшесі, ҚР Ұлттық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым 

академиясының,  ҚР  Білім  академиясының,  Халықаралық  Айтматов  академиясының  академигі,  əл-

Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры



Есембеков Т.О. – филология ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профес-

соры


Нуралиев А. – филология ғылымдарының докторы,  Тəжікстан профессоры 

Peter Enders – Technical University of Applied Sciences, Wildau, BahnhofstraЯe, D – 15745 Wildau, 

Germany


Жұмаділова М. – филология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

Жапарова А. –  əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың оқытушысы

Kozhakanova М. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанты, ғылыми жетекшісі  Ж. Дəдебаев

Шаменов А. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты, ғылыми жетекшісі Т. Есембеков

Қайдауылова С. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты ғылыми жетекшісі Р. Əмір

Елбаева Ж. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты, ғылыми жетекшісі Е. Адаева

Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

3

АБАЙТАНУ



 

 

Ж. Дəдебаев

АБАЙДЫҢ АНТРОПОЛОГИЗМІ (ЖАН МЕН ТƏН)

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Абайдың шығармашылығы. 

Платон, Аристотель, Əл-Фараби, Абай жан мен тəн ұғымдары туралы. 

Абай шығармаларындағы жан мен тəн, адам болмысы.

Тірек сөздер: Абай, адам, жан, тəн.

Ж. Дадебаев

АНТРОПОЛОГИЗМ АБАЯ (ДУША И ПЛОТЬ)

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Творчество Абая. Платон, 

Аристотель, аль-Фараби, Абай о душе и плоти. Душа и тело, сущность человека в творчестве Абая.

Ключевые слова: Абай, человек, душа, плоть.

Zh. Dadebaev

ANTHROPOLOGISM OF ABAI (SOUL AND FLESH)

Abstract. The issues dealt in this article. Creativity of Abai. Plato, Aristotle, al-Farabi

Abai about the soul and fl esh. Soul and Body, the essence of human in the creativity of Abai.

Keywords: Abai, man, soul, fl esh.

Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  Құнан-

баевтың (1845-1904) шығармашылығында  адам 

баласы  дүние  алдында  түрлі  қырынан  сурет-

теледі.  Оларды  мінездің,  жан  мен  тəннің,  ақыл 

мен  сезімнің  қатысына  қарай  мына  төмендегіше 

сипаттауға  болады:  ақылды  немесе  надан, 

рақымды  немесе  зұлым,  əділетті  немесе  қарау, 

батыл  немесе  қорқақ,  жомарт  немесе  сараң, 

еңбекқор  немесе  еріншек,  адал  немесе  арам, 

еркін  немесе  кіріптар,  т.б.  Адамның  тіршіліктегі 

істерін  пайымдап,  бағалай  отырып,  ақын  адам 

болмысы,  адам  өмірінің  мəні  туралы  терең 

ойлардың  жүйесін  ұсынады.  Оның  мəнісі  мына 

тұжырымға  келіп  саяды: «Үш-ақ  нəрсе  адамның 

қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» 

[1, 249]. Абай  көрсетіп  отырған  үш  қасиет – 

«ыстық  қайрат», «нұрлы  ақыл», «жылы  жүрек» 

–  адам  өмірінде  ешуақытта  азбайтын,  арзанда-

майтын мəңгілік құндылықтар қатарына жатады. 

Ақын  шығармашылығында  өмір  құбылыстары, 

адам  болмысы  осы  қасиеттерге  байланысты 

бағаланады.  Ақын  адам  баласының  осы  үш 

қасиетті  бірдей  ардақ  тұтып,  өз  болмысының 

ажарына  айналдыра  алғанда  қандай  күйде  бола-

тынын,  оларға  қол  жеткізе  алмай,  олардан  шет 

қалғанда  қандай  күйге  түсетінін  өз  заманының 

нақты  шындық  құбылыстары  негізінде  үлкен 

реалистік қуатпен көрсетеді. 

Абай  өзінің  шығармашылығында  жан  мен 

тəн туралы өзіне дейінгі данышпандардың тұжы-

рымдары  мен  қағидаларын  жете  білген  жəне 

ақындық  ойын  өз  заманының  нақты  əлеуметтік 

шындықтарын  нақты  талдау  мен  саралау 

нəтижесінде  жинақтаған.  Мұның  өзі  ақынның 


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

4

жан  мен  тəн  туралы  ойлары  мен  пікірлерінде, 



поэтикалық  шешімдерінде  өз  заманының  нақты 

шындықтары  мен  жалпы  адамзат  қоғамына  тəн 

мəңгілік  рухани  құндылықтардың  өзара  кірігіп, 

бірегей  эстетикалық  құбылыс  ретінде  тұтасуына 

алып келді. 

Жанның ақиқаты немесе жүректің сыры, жан 

немесе жүрек дегенімізде жалғанда жайнап тұрған 

кереметтермен  салыстырып  сипаттайтындай  не-

месе  анықтайтындай  нақты  белгі,  затты  нышан 

болмайды. Сократтың (б.д.д. 470-399), Платонның 

(б.д.д. 427-347), Аристотельдің  (б.д.д. 384-322), 

əл-Фарабидің (870-950), Ибн  Синаның (980-

1036/37) жан туралы пікірлері мен зерттеулерінде 

бұл жайында аз айтылмаған. Жаратушы Адамның 

тəнін  топырақтан  жасағанда,  оған  пəрменімен 

өзінің рухынан үрлеп жан салған. Жанды тəннен 

артық,  тəннің  əміршісі  етіп  жаратқан [2, 516]. 

Тəн  тозып,  топыраққа  айналғанда,  жан  өлмейді. 

Жан  Жаратушыдан: «Өзіңнің  Раббыңа  орала-

тын  бол» [Құран 89:28], –  деген  пəрмен  алған. 

Жанның  тəннен  ажырағаннан  кейінгі  жолы 

əлем  данышпандарының  еңбектерінде  ерте 

замандардың  өзінде  терең  зерттеліп,  маңызды 

ғылыми  тұжырымдар  мен  қағидалар  жүйесі 

қалыптасқан.

Абайдың: «Мекен берген, халық қылған ол лə 

мəкан,  Түп  иесін  көксемей  бола  ма  екен?  Жəне 

оған  қайтпақсың,  оны  ойламай,  Өзге  мақсат 

ақылға  тола  ма  екен?», «Өмір  жолы  тар  соқпақ, 

бір  иген  жақ,  Иілтіп  екі  басын  ұстаған  хақ» [1, 

224], – деп айтқан сөздерінде үлкен мəн бар. Жан 

түп иесін көксемей тұра алмайды. Оның себептері 

туралы жантану саласында жинақталған пікірлер, 

пайымдаулар  аз  емес.  Түп  иесіне  қайтатынын 

ойлаған жан өзге дүниəуи тіршіліктегі мақсаттарға 

құлай берілмейтіні əлем əдебиетінің классикалық 

үлгілерінің  қорындағы  көркем  шығармаларда 

пайымдалған.  Сөз  өнерінің  тарихында,  адам-

тану  тарихында  мұндай  құбылыстар,  жанның 

мұндай  қасиеттері  түрлі  кезеңдердің  əлеуметтік 

ұстанымдарына  сай  пайымдалды,  пайымдалу 

үстінде.  Абай  осы  құбылыстардың  ақиқат  мəнін 

дүниəуи тіршіліктің түбіне бойлап, ақылға салып 

таныған. «Ақыл мен жан – мен өзім, тəн – менікі, 

«Мені»  мен  «менікінің»  мағынасы – екі...» [1, 

265-266], – деуінің сыры осында. 

Берілген  үзінділерде  ақынның  ойы  екі  түрлі 

тəсілде  көрініс  тапқан:  нақты  жəне  бейнелі. 

Бейнелісі – «Өмір  жолы – тар  соқпақ,  бір  иген 

жақ,  Иілтіп  екі  басын  ұстаған  хақ».  Байырғы 

авторлардың  айтуынша,  дүниеде  иілгендердің 

мінсізі,  иілген  түрінің  өзі  оның  мінсіздігі, 

айрықша  артық  қасиеті  болатын  зат  біреу  ғана 

екен. Ол – жақ, садақ. 

  Адамның  өмір  жолының  тар  соқпақ,  иілген 

жақ  кейпінде  суреттелуінде,  жақтың  екі  басын 

иілтіп  жаратқан  хақтың  ұстап  тұруында  жасы-

рын,  астарлы  мағына  бар.  Жаратқанның  адам-

ды,  турасын  айтсақ,  адамның  жанын  осы  иілген 

жақтың  бір  басына  салып  жіберіп,  оны  екінші 

басынан  тосып  алатыны,  адамға  берген  жанын 

өзінің қайтып алуы туралы түсінік осы мағынадан 

туады.  Қалған  үзінділердегі  ойлар  нақты,  затты 

қалыпта түйінделген. Ақынның айтып отырғаны 

Құранның  сөзіндей  екені  рас.  Ал  жан  тура-

лы  арғы  дəуір  ғұламаларының  еңбектеріне  на-

зар  аударғанда,  Абай  айтқандай,  тəннің  жерге 

(топыраққа)  оралатыны,  жанның  Жаратушыға 

оралатыны  туралы  таным  желілері  көзге  түседі. 

«Мені»  мен  «менікінің»  айырылғанын / «Өлді» 

деп  ат  қойыпты  өңкей  білмес» [1, 225], – деген 

өлең жолдарында да терең мəн бар. Оның тереңіне 

телміріп  қарағанда,  Абайдың  ұсынып  отырған 

пікірінің  Платон,  Аристотель,  əл-Фараби,  Ибн 

Сина қағидаларымен сабақтасып жатқаны белгілі 

болады. Платон өлім дегенді жанның тəннен ажы-

рауы  деп  түсіндіреді [3, 22]. Абайдың  пікірі  де 

осы жайында, бірақ ақын жанның тəннен ажыра-

уын өлім деп түсінгендерге сын айтады. Абайдың 

ақындық  танымы  бойынша,  адамның  «мені» – 

ақыл  мен  жан.  Адамның  адамдығы  да  ақыл  мен 

жанда.  Сондықтан  «Мен»  өлмекке  тағдыр  жоқ 

əуел бастан» [1, 265]. Осы пікірге сүйеніп, Абай 

келесі  бір  тұжырымды  негіздейді: «Өлсе  өлер 

табиғат,  адам  өлмес» [1, 225]. Адамның  «мені», 

анықтап айтсақ, ақылы мен жаны өлмейді. «Өлді» 

деген  түсінік  ақыл  мен  жанға, «менге»  лайықты 

емес. Бұл – Абайдың Платоннан, Аристотельден, 

əл-Фарабиден, Ибн Синадан бөлек, өзінше түйген 

поэтикалық ойы. Адамның адамдығын ақыл мен 

жаннан тауып, ақыл мен жанның өлмейтіні тура-

лы түсініктен адамның өлмейтіні туралы ой түю, 

содан  келіп  адамның  «түп  иесін  көксемей  бол-

майтынын», «оны ойламай өзге мақсаттың ақылға 

толмайтынын» ескерту, поэтикалық терең ой түю 

адамзат  тарихында,  біздің  білуімізше,  Абайдың 

ғана қолынан келді. 

Аристотель  «Жан  туралы»  зерттеуінде  өзіне 

дейінгі  жəне  өз  тұсындағы  данышпандардың 

ойларын  сараптай  келіп,  жан  туралы  білімді 

білім 

біткеннің 



басына 

шығарады. 

Осы 


Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

5

сарындағы  ой  Аристотельден  Абайға  дейін 



жасаған  ғұламалардың,  солардың  ішінде  түркі 

даналарының  шығармаларында  да  көрініс 

тапқан. Олай болса, жан туралы білімді діни не-

месе  ғылыми  деп  бөлектеу  орынды  бола  алмай-

ды. Жан мен тəн туралы діни, азаматтық, жалпы 

адамзаттық  білім  мен  Абайдың  білдіріп  отырған 

көзқарасы  арасында  алшақтық  жоқ.  Сондықтан 

Абайдың ақыл мен жан, жан мен тəн жайындағы 

пікірлерінің  төркінін  бір  жақты  түсінуге  жəне 

түсіндіруге  болмайды.  Біздіңше,  ақынның  жан 

мен тəн туралы көзқарасының негізі жалпы дүние 

жаратылғалы  бері  жинақталған  жалпы  ілім  мен 

ғылымның құндылықтарынан өріліп шығады.

Платон  дүниеден  өткен  адамдардың  əдетте -

рі не,  құлқына  байланысты  олардың  жандары 

да   түр лі  кейіпке  түсетінін  Сократқа  айтқызады. 

Тіршілікте тəннің лас, былғаныш, кеселді тілек-

терін қанағат тандыру үшін қызмет еткен жанның 

өзі де ластанады, былғанады, кесел табады жəне 

тəннен ажырағаннан кейін де айналшақтап одан 

қара  үзіп  кете  алмайды.  Дүниеде  «ар  мен  ұят 

ойланбай, тəнін асыраған», «ертеңі жоқ, бүгінге 

құмар  болған» [1, 297], есепсіз  ішіп-жеген, 

нəпсісін тыя алмаған, тəн құмарлығының шама-

сын  біле  алмаған  адамдардың  жандары  тəндері 

жатқан  мүрде  маңында  есектің,  доңыздың  жəне 

солар  тектес  жануарлардың  кейпінде  жүреді, 

ал  тіршілікте  əділетсіз,  мансапқор,  ұры-қары 

болғандардың  жандары  қасқыр,  қаршыға, 

кезқұйрық секілді жыртқыш, қорқау хайуанаттар 

кейпін  табады  екен.  Олардың  жандары  қиямет 

қайым  күні  тəндерімен  қайта  табысқанша  осы 

күйде  болатынға  ұқсайды [3, 48]. Əл-Фарабидің 

пікірінше,  мұндай  адамдардың  «жандары  мате-

рияға  байланған  бойда  қалады  да,  материя-

дан  арылып  шығарлықтай  дəрежеге  көтеріліп 

жетілмейді,  сөйтіп  соңында  материя  опат  болу-

мен бірге олар да опат болады» [11, 141]. Абайдың 

«ертеңі  жоқ»  деп  сипаттап  отырған  адамдары – 

осындай адамдар.

Əл-Фараби  айтқан  осы  ой  түрлі  жазба 

ескерткіштер  арқылы  біздің  заманымызға  дейін 

жетті.  Əбу  Хамид  Мұхаммед  əл-Ғазали  ат-Туси 

адамның  табиғи  мінездерін  төрт  түрге  бөліп  си-

паттайды. Оның бірі малдың мінездері сипатында 

танылады: ішіп-жеу; ұйықтау; тұқымдану. Екінші 

түрі  жыртқыш  аңдардың  тілектері,  іс-əрекеттері 

сипатында  көрінеді:  жарып  кету;  қырып  кету; 

алып  кету;  шауып  кету;  ішіп  қою;  жеп  қою. 

Үшіншісі  шайтанның  тілектері  сипатында  ашы-

лады:  мен-мендік;  аярлық;  зұлымдық.  Төртінші 

түрі  Жаратқанның  ұлы  қасиеттерін  ардақтайтын 

періштелердің қасиеттері түрінде белгілі болады 

[4].  Осындай  ойларды  Руми  де  терең  толғаған. 

«Адамның  тəні  жыртқыштар  өріп  жүрген  қалың 

жыныс  іспетті, – дейді  ол. – Біздің  тəнімізде 

мыңдаған  қасқырлар,  мыңдаған  доңыздар  бо-

лады,  бойымызда  мыңдаған  таза  жəне  лас,  та-

маша  жəне  оңбаған  қасиеттер  бар.  Егерде  осы 

қасиеттердің бірі үстемдік алатын болса, онда біз 

соның ырқында боламыз... Адам бірде шайтанға, 

бірде  періштеге,  енді  бірде  хайуанға  айналады» 

[5, 1416-1426]. Əл-Жилани  ‘əбд  əл-Қадыр (1077 

– 1166) адамзаттың  төрт  түрлі  типін  көрсетеді: 

бірінші  типтегі  адамдарда  жүрек  те,  тіл  де  бол-

майды;  екінші  типтегілерде  тіл  бар  да,  жүрек 

жоқ; үшінші типтегілерде жүрек бар да, тіл жоқ; 

төртінші  типтегі  адамдар  Жаратушы  сарайының 

ұлылары  деуге  лайықты.  Жүрексіз,  тілсіз  жан-

дардың  Жаратқан  үшін  ешқандай  мəні  жоқ. 

Күнəкар,  ақымақ,  өркөкірек-көркөкірек  дегендер 

–  осылар.  Білімді  жандардың  оларға  ақиқат  жо-

лын нұсқауы – парыз. Тілі бар, жүрегі жоқ жандар 

ақылдың сөзін айтқанда, құстай сайрайды, ал сол 

айтқанын  орындауға  келгенде,  теріс  айналады. 

Олар тілімен əділет жолына шақырғанмен, өздері 

əділеттен  алыс  тұрады.  Тілінен  май  тамызған 

мұндай екіжүзділерден кісінің аулақ болғаны аб-

зал. Əділет жолындағылар – жүрегі бар, тілі жоқ 

жандар.  Дүниедегі  бар  жақсылық,  бар  игілік  со-

лармен  бірге [6, 86-87]. Мінезі  періштелердің 

қасиеттері іспеттілер – «өзі білім тапқан, өзгеге де 

білім берген жəне білген жолынан таймаған жан-

дар» [6, 87]. 

Абайдың шығармашылығында адам болам де-

ген жанның асыл істерінің басы – білім табу, тапқан 

білімін өзгеге де беру, өзі жеткен игілікке өзгелердің 

де жетуін тілеу. Ақын осы тұрғысына сай өмірлік 

маңызы зор қағида ұсынады: а) түзу жолдағыларды 

шатастырмау; ə) қисық жолда ғыларды түзету. Осы 

қағидасынан  түзу  жолда ғыларды  шатастырушы 

кісі  жəне  қисық  жол дағыны  түзетуші  кісі  тура-

лы  пікір  түйеді.  Бұл  пікір  образды  түрде  былай 

беріледі: «Жүз  тура  жол дағыларды  шатастырған 

кісі  бір  қисық  жол дағы  кісіні  түзеткен  кісіден 

садаға кетсін!» [12,175].

Адам  атаның  дүниеге  келу  тарихы  тиісті 

əдебиеттерде  баяндалған.  Адам  болмысының 

айрықша  жаратылысы,  адам  өмірінің  мəні  жай-

ын  пайымдаған  өткен  дəуір  ойшылдарының 

еңбектерінде  де  құнды  ойлар  айтылды.  Арис-


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

6

тотельдің,  əл-Фарабидің,  Ибн  Синаның  осы 



саладағы  ойларының  тарихи  жəне  теориялық 

маңызы  бүгінгі  күнде  де  өте  жоғары.  Əл-

Ғазали,  əл-Жилани,  Руми  ұсынған  пікірлер  осы 

ғұламалардың  ғылыми  қағидаларынан  алшақ 

кетпейді.  Аристотельдің  ілімі – əл-Фарабиге,  əл-

Фарабидің  ілімі  Ибн  Синаға  қандай  ықпал  етсе, 

Ибн  Синаның  идеялары  оның  өзінен  кейінгі 

бірнеше  ғасырдың  мəдениет  қайраткерлерінің 

көзқарасының  қалыптасуына,  дамуына  сон-

дай  əсер  етті.  Бұл,  өз  кезегінде,  парсы  əдебиеті 

мен  мəдениетінде  əл-Ғазалиға (1058-1111)  жол 

көрсетсе,  ол  əл-Жиланиға (1077-1166), Сухра-

вардиға (1167 жылы өмірден өткен), Румиге (1207–

1273) бағыт сілтеді. Жалаледдин Руми осы идеяны 

дамыта  отырып,  ақындық  өнердің  шырқау  биі-

гіне көтерілді. Оның даналық толғамдары, əсіресе 

«Маснави-йи  Ма‘нави»  поэмасы  жұртшылықтың 

айрықша үлкен сұранысына ие болды [7, 98; 8, 13]. 

Аристотельден бермен қарай үзілмей келе жатқан 

осы дəстүрлі қағидалар жүйесі Абай «ғұламаһи Да-

уани» деп атаған Жалал ад-Дин Дауани (1426-27 – 

1502-03), Ж. Баласағұн (ХІ), А. Йассауи (ХІІ-ХІІІ), 

А. Йүгінеки (ХІІ-ХІІІ), М. Хорезми (ХІV), сондай-

ақ  Низами,  Науаи,  Əбдірахмaн  Жəми,  Сағди,  Ха-

физ шығармашылығы арқылы жалғасады.

Аттары аталған ғұлама ақындардың ойларын-

да ортақ желілер көп. Негізгі қағидаларға келген-

де  олар  бір  бағыттан  табылады.  Айырмашылық 

ортақ  мазмұнның  баюы  мен  дамуында,  түр  мен 

пішіннің,  көркемдік  бейнелеу  құралдары  мен 

стильдің,  шығармашылық  ойлау  сипатының 

ерекшелігінде.  Бірінің  сөзі  нақты  да  затты  бол-

са, екіншісінің сөзі бейнелі, астарлы. Бірінің ойы 

қарапайым,  екіншісінің  ойы  терең,  кемел.  Осы 

ғұламалардың  бəріне  бірдей  ортақ  бір  идея  бар. 

Оның  мəнісі  адам  өзінің  ішіне  өзі  үңіліп,  өзіне 

өзі  зейін  қойса,  түрлі  мінездерінің  тегін,  сырын 

білуге  ұмтылып,  соған  тағат  етсе,  адамшылық 

осыдан басталады дегенге келіп саяды.

Абайдың шығармашылық тұрғысы бойынша, 

жаратылыс  сырын  танығысы  келген,  ақиқатты 

білгісі,  əділетті  сезгісі  келген  адамның  баласы 

өзінің  сыртқы  бітімі  мен  ішкі  болмысының  екі 

түрлі  нəрсе  екеніне  көз  жеткізуі  шарт.  Адамның 

сыртқы  бітімі – тəн,  ішкі  болмысы – жан.  Жан 

ұғымының  аты  көпшілікке  əуелден  таныс. 

Ғылыми  əдебиеттерде  «нəпсі» (нафсы), «рух», 

«діл» (жүрек)  немесе  «жан»  дегендердің  бəрі, 

айналап  келгенде,  бір  ұғымды,  бір  түсінікті 

білдіреді. Соған қарамастан жан туралы бір ауыз 

сөзбен  анықтама  беру  қиын.  Жанды  от  дегендер 

де,  жылу  дегендер  де,  қозғалыс,  қозғалыс  көзі 

дегендер  де  болды.  Демокрит  жан  мен  ақылды 

бір  деп  білді.  Платон  жаннан  тыс  ақылдың  да, 

ақылдылықтың  да  болуы  мүмкін  еместігіне 

нұсқайды [3, 40]. Оның  пікірінше,  жан  тəннен 

бұрын  жаратылған  жəне  кемелдігі  жағынан 

тəннен артық, тəннің қожасы һəм əміршісі – сол [1, 

516]. Аристотель тəннің əміршісі һəм қожайыны 

жан  екендігін  айта  отырып,  жан  аффектілерінің 

падишасы  ақыл  екендігі  жайында  пікір  түйді [9, 

384].  Жан  дегеніміз,  Аристотельдің  анықтамасы 

бойынша,  табиғи  органикалық  тəннің  əуелгі 

(аяқталған)  жүзеге  асуы  (энтелехия).  Сондықтан 

кендір  мен  оның  бетіндегі  суреттің  бір  екендігі 

туралы сұрақ қоюдың орынсыздығы сияқты, жан 

мен  тəннің  біртұтастығы  туралы  сұрақ  қоюдың 

жөні  жоқ...  Аристотельдің  ойы  терең.  Біз  немен 

сезінсек,  немен  ойлансақ,  немен  өмір  сүрсек, 

жан дегеніміздің сол екенін, ал оның материя да 

емес, субстрат та емес, əлдеқандай ұғым əрі фор-

ма  екенін  жазады  ғұлама.  Ұстаздың  пікірінше, 

материя  дегеніміз  мүмкіншілік  болса,  форма – 

соның жүзеге асуы. Жаны барлар осы екі негізден 

тұрады.  Бірақ  жүзеге  асушы  тəн  емес,  жан. 

Сондықтан  адамның  болмысында  жанның  тəн 

бола алмайтыны, тəннен тыс та бола алмайтыны 

туралы  айтушылар  дұрыс  айтады.  Ақиқатында, 

жан  тек  белгілі  бір  тəнге  ғана  тəн,  бірақ  тəн 

емес.  Осы  ойларының  негізінде  Аристотель  жан 

дегеніміздің  жүзеге  асуға  мүмкіншілігі  бардың 

жүзеге  асуы  жəне  пайымдалуы  екендігі  тура-

лы  тұжырымға  келеді [10, 309-315]. Ғұламаның 

«парасатты  (ақылды)  жан»  жəне  «парасатсыз 

(ақылсыз)  жан» [9,  150-151, 252-253], жанның 

ақиқатты  тану  қабілеттері,  қасиеттері  (түйсіну, 

елестету, ойлау немесе түйсік, пікір, білім, ақыл) 

[9, 253], ақиқатты тану немесе теріске шығарудың 

бес түрлі жолы (өнер, ғылым, тəжірибе, даналық, 

ақыл)  жайлы  қағидалары [9, 255] Абайдың  жан 

мен тəн туралы ойларының тегін тануға негіз бо-

лады. Əл-Фараби денелер мен акциденциялардың 

болмысына  себепкер  бастаманың  алты  сатысы 

барын көрсетіп, солардың ішінде əрекетшіл ақыл-

парасаттың  үшінші  сатыда,  жанның  төртінші 

сатыда  тұратынын  көрсетеді.  Əрекетшіл  ақыл-

парасат  тəн  емес,  дене  емес,  тəнде  емес,  дене-

де  де  емес.  Ал  жан  тəнде,  денеде  болады,  бірақ 

өзі тəн, дене емес. Ғұлама «адал рух», «қасиетті 

рух» жəне басқа осындай атаулармен «əрекетшіл 

ақыл-парасатты»  атағанды  жөн  көреді [11, 49]. 


Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

7

Берілген  сипаттамалардан  жан  мен  тəннің  ара-



қатынасы,  жанның  қабілеттері,  қасиеттері, «па-

расатты  (ақылды)  жəне  парасатсыз  (ақылсыз)» 

бөліктері, олардың əрқайсысының іштей бірнеше 

бөлікке  бөлінетіні  туралы  мəліметтер  алуға  бо-

лады. Абайдың жан мен тəн туралы ойлары осы 

қағидалармен тектес. 

Абайдың  жан  мен  тəн  туралы  ойлары 

Платонның,  Аристотельдің,  əл-Фарабидің  жоға-

ры дағы  ойларымен  тамырлас.  Абай  да  жан  мен 

тəнді, жан мен ақылды екі бөліп қарайды: «Адам 

ұғылы  екі  нəрсе  бірлəн:  бірі – тəн,  бірі – жан» 

[12, 219]. «Ақыл  мен  жан – мен  өзім» [1, 265], 

«малда  да  бар  жан  мен  тəн,  ақыл,  сезім  болма-

са» [1, 282], – дегенде, жан мен тəннің, ақыл мен 

сезімнің даралығына көңіл аударады. Бұл жанның 

тəн бола алмайтыны, тəннен тыс та бола алмайты-

ны, ақиқатында, жан тек белгілі бір тəнге ғана тəн, 

бірақ  тəн  емес  екендігі  туралы  Аристотель  мен 

əл-Фарабидің  қағидаларымен  мейлінше  сəйкес. 

Абайдың жан мен тəн, адамның адами мəні, жүрек 

сыры,  жан  шындығы,  ақыл  жарығы  жайындағы 

түсініктері  мен  қағидаларының  түпкі  негізі  осы 

арнадан  табылады.  Сонымен  қатар  Абайдың 

жан  мен  тəн  жəне  жан  мен  ақыл,  сезім  туралы 

ойларының  жігіне  назар  аудару  қажет.  Абайдың 

пайымдауында  құрамдас  үш  түрлі  құбылыстың 

өзара  тұтасқан  мынадай  бірлігінің  үлгісі  көрініс 

береді:  тəн↔жан↔ақыл  мен  сезім.  Тəн – адам 

болмысының  төменгі,  материалдық  негізі.  Ол 

малда да бар.

 

Ақыл мен сезім адамға тəн. Ақыл – 



даналықтың, сезім – махаббаттың бастауы. Жан, 

бір  жағынан,  тəннің  құмарына  бұрылса,  екінші 

жағынан, ақыл мен сезімнің сүйгеніне ұмтылады. 

Жан мен тəн құмарлығының шегін білу, шамасын 

ұстау – ақылдың ісі.

Жоғарыда Платонның «Федон» атты еңбегінде 

жан  мен  тəн,  олардың  арақатынасы,  жанның 

тəннен  ажырағаннан  кейінгі  жолы,  хайуандар 

кейпін  табуы  жайында  айтқан  ойларына  назар 

аудардық [3, 45-50]. Аристотель  «Жан  туралы» 

еңбегінде жан, белгілі бес сезім, ақыл болмысы ай-

наласында іргелі зерттеу жүргізген. Ал «Ритори-

касында» адамдардың жас деңгейлеріне (жастық, 

жігіттік,  қарттық),  тегіне  (текті),  əлеуметтік 

жағдайларына  (бай,  би)  қарай  қалыптасатын 

мінез-құлықтарына  сипаттама  береді.  Олардың 

қатарында Абай оң көрген қасиеттер де, теріс деп 

білген мінез-құлықтар да бар. «Никомах этикасы» 

атты  еңбегінде  Аристотель  жан  құмарлығының 

шектен  асқан  қалпына  сəйкес  «хайуан  сипатты» 

адамдар болатынын көрсетеді, адамның өмір сал-

тын  үш  түрге  бөледі  де,  оның  төменгісін  «хайу-

анша күнелту» деп сипаттайды [9, 193]. «Саясат» 

атты  еңбегінде  де  ол  жанның  тəнге  бағынышты, 

кіріптар күйіне осы бағытта баға береді [9, 385]. 

Ғұламаның  басқалардан  жасырып,  Александр 

Македонский үшін арнайы жазған «Құпиялардан 

құпия»  атты  еңбегінде  айтылған  ақыл  сөздердің 

желісі  де  маңызды [13, 7]. Əл-Фараби  «Бақыт 

жолын сілтеу» атты еңбегінде мынадай пікір ай-

тады: «Ақыл-естің  тілегенін  жасауға  парасаты 

жəне  батылдығы  жететін  есті  адамдар  болады. 

Мұндай адамдарды біз əдетте, өзінің лайығынша, 

ерікті адам деп атаймыз, ал енді өз бойында осы 

екі  қасиет  жоқ  адамдарды  хайуан  тəріздес  адам-

дар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі ғана жетіп, ба-

тылы бармайтындарды жаратылысынан құл адам-

дар дейміз» [11, 29]. Жан мен тəннің осы секілді 

мəселелері  Фрэнсис  Бэкон (1561-1626), Рене 

Декарт (1596-1650), Блез  Паскаль (1623-1662), 

Бенедикт  Спиноза (1632-1677) еңбектерінде 

сипатталды.  Б.  Паскаль  адамның  ұлылығын 

оның  ой лау  қабілетімен  байланысты  анықтады. 

Б. Спи  нозаның «Этика» жəне басқа еңбектерінде 

тұжырымдалған  теориялық  қағидаларда  терең 

мəн  бар.  Абайдың  тəн  сипаты,  жан  құмарлығы, 

ақыл  мен  сезім  қасиеттері  туралы  əлеуметтік-

этикалық  ойлары,  философиялық  көзқарастары 

Батыс  пен  Шығыстың  жоғарыда  аттары  аталған 

ойшылдарының  қағидаларымен  үндеседі  жəне 

өз  заманының  болмысына  лайықты  негізделеді. 

Мысалы, Абайдың өз заманының адамдары тура-

лы: «Көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының 

сөзін  ұғып  аларлық  жүректе  жігер,  қайрат, 

байлаулықтың жоғынан азады» [12, 149], – деген 

пікірі аталған ғұламалардың ойларымен негіздес. 

Олар  ақылдың  тілегенін  жасауға  парасаты  жəне 

ерік  күші  жететін  немесе  жетпейтін  адамдар 

жайында  айтса,  Абай  «ақылдының  сөзін  ұғып 

аларлық жүрегінде жігер, қайрат, байлаулық» бар 

немесе жоқ адамдар хақында айтады. Таным тек-

тес, ой, пікір, тұжырым, баға мəндес. 

Данышпандардың – Платонның, Аристотель-

дің,  əл-Фарабидің,  Ибн  Синаның,  Ф.  Бэконның, 

Р. Декарттың, Б. Паскаль, Б. Спинозаның, Абайдың 

–  белгілі  бір  құбылыс  туралы  көзқарастарының 

тегі  бір.  Айырмашылық  ойда,  пікірде  емес,  сол 

ойды, пікірді негіздеудегі кемелдік деңгейлерінде, 

амалдар  мен  тəсілдердің,  əдістің  өзгешелігінде. 

Егер  ой  айтудағы,  пікір  түюдегі  кемелдік  деге-

німізді  белгілі  бір  құбылыстың  мəні  туралы 


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

8

ойлардың  суреттілігімен,  айқындығымен,  негіз-



ділігімен,  көрнекілігімен,  кемелдігімен  са бақ-

тас  анықтайтын  болсақ,  шындық,  ақиқат  құ  бы-

лыстарды тану мен бағалаудың бүгінгі деңге йінде 

Абай осы қасиеттерімен дараланады. 

Əл-Фараби  «Азаматтық  саясат»  зерттеуінде, 

Аристотель  айтқандай, «мал  тəріздес», «жабайы 

аң  тəріздес»  жəне  «жыртқыш  хайуан  тəріздес» 

[11, 149-150] адамдар  табиғатын  сипаттайды. 

Аристотель  мен  əл-Фарабидің  осы  ойлары  мен 

Абайдың «Ақылға сəуле қонбаса, Хайуанша жүріп 

күнелтпек», «Көкіректе сəуле жоқ... Құр көзбенен 

көрген  біздің  хайуан  малдан  неміз  артық?» 

деуінің арасында алшақтық жоқ. Аристотель мен 

əл-Фарабидің  «хайуан  сипатты», «құл», «хайуан 

тəріздес», «мал  тəріздес», «жабайы  аң  тəріздес» 

жəне «жыртқыш хайуан тəріздес» деп мінездеген 

адамдар мен Абай «хайуанша жүріп күнелтпек», 

«малдан неміз артық» деп сипаттаған адамдардың 

мінез-құлықтары  арасында  да  сəйкестік  бар. 

Абай: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет 

сезім» [12, 225], – дейді. «Махаббатсыз,  дүние 

дос» жандарды хайуанға қосуды дұрыс деп біледі 

[1, 154], адамның  адамдығының  негізі  махаббат, 

сүю сезімінде екені туралы тұжырым жасайды.

Түрлі  дəуірдің  түрлі  данышпандарының 

Абай  көрсеткен  үш  қасиетке – «ыстық  қайрат», 

«нұрлы ақыл», «жылы жүрек» – ие бола алмаған 

адамдар  хақындағы  сипаттаулары  арасын-

да  қарама-қайшылық  жоқ.  Əрине,  бұл  жерде 

осы  қағидалар  жүйесінің  бастау  көзін  өмірдің 

шындығынан  іздеген  дұрыс.  Ой,  ұғым,  түсінік, 

тұжырым,  баға  өзара  сəйкес  болса,  оларға  негіз 

болған  шындық  оқиғалар,  құбылыстар  да  та-

мырлас.  Кезінде  Абай  Сократтың,  Платонның, 

Аристотельдің,  Ксенефонттың,  əл-Фарабидің, 

Ибн  Синаның,  Ф.  Бэконның,  Р.  Декарттың, 

Б. Пас кальдің, Б. Спинозаның еңбектерімен толық 

та ныс  болды  деп  айту  қиын.  Соған  қарамастан 

Абайдың  дүниетанымында,  ойлау  табиғатында 

Сократтың,  Платон  мен  Ксенефонттың,  Арис-

тотель  мен  əл-Фарабидің,  Ф.  Бэкон  мен 

Р. Декарттың, Б. Паскаль мен Б. Спинозаның қа-

ғи   да ларымен де, əһли кітаптармен (Тəурат, Зəбүр, 

Биб лия,  Құран)  де  үндесіп,  үйлесіп  жатқан  маз-

мұн  мен  мəн  бар.  Оның  түпкі  төркіні  тектес, 

негіздес өмір құбылыстарын, ақиқат сырын тану 

мен бағалаудағы шынайылықта. 

Дүниəуи  тіршіліктің  қызығы  адамды  Адам 

ата  заманынан  бері  баурап  келе  жатқаны,  оған 

«көп  адамның  бой  алдырғаны», «аяғын  көп 

шалдырғаны»  Аристотель  мен  əл-Фарабидің  де, 

Абайдың  да  шығармашылық  еңбектеріне  негіз 

болған  шындық  құбылыстардың  қатарына  жата-

ды.  Екінші  жағынан,  Абай  қай  заман,  қай  дəуір 

үшін  де  ортақ  болып  табылатын  осы  шындық 

құбылыстар  туралы  адамзат  тарихының  ұзақ 

жолында  сұрыпталған,  сараланған  ойлардың 

жүйесімен  таныс  болған.  Ақынның  жан  мен  тəн 

туралы қағидалары, ақындық танымы, азаматтық 

көзқарасы осы екі сала, екі арна құбылыстардың 

тұтастығына негізделеді. 

Абай  жан  мен  тəн  туралы  өз  заманы  түбіне 

бойлап  жете  алмаған  терең  ойлардың  жүйесін 

жа са ды.  Ол  ойлардың  ғылыми  маңызы  мен 

мəні  бүгінгі  заман  үшін  де  үлкен.  Абайдың 

жан  мен  тəн  сипаттары,  жан  қуаттары,  сондай-

ақ  ақыл  мен  қайраттың  (жігер,  байлаулылық) 

«бірлігі»,  ақыл,  қайрат,  жү ректің  «ынтымағы» 

хақындағы  тұжырымдары  антик  дəуірден  өзіне 

дейін  жинақталған  ойлар  өзегімен  қатар  өріліп, 

жаңа білім жүйесін түзеді жəне ақынның шығар-

машылық даралығын, əлеуметтік ойының кемел-

дігін, ақындық танымының тереңдігін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет