айтылған тұжырым-сұрақ –
Əдемінің бəріне
əуестене беру көрсе қызарлық, ал бас-көз жоқ ие-
лене беру эгоизм емес пе? (Е. Алауханов);
нақты
экспрессивті болымсыз мағынада айтылатын
сұрақ. Сөйлемнің бұл түрі көбінесе риторикалық
сұраулы сөйлем арқылы жасалады. – Ауыл жас-
тары ду етіп қарсы көтерілді де кетті. Қызыл
өрттей қаптаған жалынды өшірер мына менде,
қаусаған шалда, күш қалды дейсің ба?
Сонымен қатар диалогтарда кездесетін сұ-
раулы сөйлемдердің құрамына «а», «ə», «ше» де-
меулік шылауы арқылы жасалып (нақтырақ айт-
қанда, сөйлем соңында), сенімсіздіктің, қалау,
жорамалдаудың субъективті-модальдық мағы
-
наның күшеюіне ықпал етеді. Сөйлеуші адре-
саттың қандай да бір істі істеуіне түрткі болады,
бірақ оның белгілі бір əрекет жасау-жасамауы
сөйлеуші үшін маңызды болып табылады.
Көркем шығарма тілінде қолданылатын диа-
логтың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырудағы
коммуникативтік жағдайы күнделікті тұрмыста
қолданылатын диалогқа қарама-қарсы келеді.
Мұнда пікір айтудың ауызша орындалуы,
сөйлеушінің жүзбе-жүз отырып қатысуы, диа-
логқа бірнеше адамның қатысуы, пікір айтудың
ешқандай дайындықсыз емін-еркін əңгіме үстінде
құралуы тек стильдік контраст тəсілімен ғана
орындалады. Яғни, көркем шығарма тіліндегі
диалогта жазушылар өз ойлары арқылы кейіпкер
образын ашуды мақсат етеді. Диалогқа түскен
сөйлеуші мен тыңдаушы шындық болмыстағы,
күнделікті тұрмыстағы тіл субъектілері емес,
автордың дүниетанымындағы тіл субъектілері.
Көркем шығармаларда қолданылатын диалог-
тардағы (соның ішінде шешендік сөздердегі де)
сұраулы сөйлемдер мынадай коммуникативтік
мақсатта жұмсалады:
Біріншіден, сұраулы сөйлемдер айтылмақшы
проблеманың өзектілігін таныту мақсатында
көпшілікке ой тастау үшін
жұмсалады. Мы-
салы: – Ғұмыр біреу, кезек екеу деген. Сендерге
өлім керек пе, өмір керек пе? Тілімді алсаңдар,
ақылымды айтып ара түсейін (Төле би).
Сұраулы сөйлемнің бұл түрінде сұрақ детальға
назар аударту үшін мағыналық қыз метінде
қолданылған, ал түрі жағынан – аль тернативті
сұраулы сөйлем. Автордың айтайын деген ойын
сұраулы сөйлемнің нақты осы түрімен беруі де
тегін емес сияқты, яғни сұрақ қоюшы екінші
жаққа таңдау мүмкіндігін өзіне қалдырады.
Сонымен, диалогтарда сұраулы сөйлемнің
барлық түрлері де қолданылады, сұрақ-жауап
диалогтық бірлестігін коммуникативтік жағ-
дайына байланысты бірнеше топқа бөліп қарас-
тыруға болады.
Əдебиет
1. Шведова Н.Ю. Очерки по синтаксису русской
разговорной речи. – М., 1960.
2. Омарова Ю.М. Структурно-семантическая и
функциональная характеристика вопросительных пред-
ложений в кумыкском языке.: дисс. ...канд.ф.н. – Махач-
кала, 2009. – С. 159.
3. Əмір Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік
ерекшеліктері. – Алматы: Мектеп, 1977. – 192 б.
Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011
98
«Абай институтының хабаршысы» журналына авторлардың
мақала жариялау ережелері
1. М
ақала авторы, автор туралы ақпарат, ғылым докторының мақалаға берілген рецензиясы, ақы төлеу ту-
ралы түбіртек көшірмесі пошта арқылы редакция мекенжайына арнайы хатпен жіберіледі немесе қолма-қол
ұсынылады. Əр бетте мақала авторының растайтын қолы қойылып, соңғы бетіне кадр бөлімінің мөрі басылады.
Сондай-ақ мақаланың электронды нұсқасы Abai_instkaznu@mail.ru мекенжайы бойынша қабылданады.
2. Мақалаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, барлығы 100 сөзден аспайтын түйін-резюме-abstract және
кілт сөздер берілуі тиіс.
3. Мақала А-4 форматта WORD редакторында, «Times New Roman» қаріптерінде (шрифт) терілуі тиіс, қаріп
өлшемі – 12, жол аралығы (интервал) – 1.
4. Сол жағынан 20 мм, жоғары, төменгі және оң жағынан 20 мм қалдырылып жазылады.
5. Материал көлемі суреттер мен библиографияны қосқанда 4-8 беттен аспауы керек.
6. Мақала тақырыбы бас әріппен, бір қатардан соң автор(лар) туралы толық мәлімет, яғни 1) аты-жөні; 2)
ғылыми дәрежесі; 3) ғылыми атағы; 4) мансабы; 5) қызмет орны; 6) ізденушінің оқу орны; 7) магистрант, док-
торант мамандығының шифры мен атауы; 8) мекенжайы; 9) байланыс телефоны; 10) электронды поштасы толық
жазылады Бірлесіп жазылған мақалаға авторлардың қолдары қойылғаннан кейін негізгі мәтін бір қатар тасталып
жазылады.
8. Магистрант, докторанттар үшін оқу орнынан мөр басылған анықтама қағазы талап етіледі.
9. Ғылым докторының мақалаға берілген рецензиясына (ғылым кандидаттары мен ғылыми атағы жоқ адамдар
үшін) кадр бөлімінің мөрі басылып, рецензия берушінің қолы қойылады.
10. Сілтеме жасалған əдебиеттер мен дереккөздер тік жақшада рет саны бойынша беттері көрсетіліп, тізімі
мақаланың соңында беріледі (мысалы, [1,7]).Барлық цитаталарға да сілтеме берілуі тиіс. Баспада жарық көрмеген
жұмыстарға библиографиялық сілтеме жасалмайды. Авторлар цитата мазмұнын толық сақтауына, əдебиеттер
тізімінің растығына жауап береді.
11. Библиографиялық тізім алфавит бойынша жазылады. Пайдаланған əдебиеттер тізімі мақала соңында
беріледі жəне мақаланың жалпы көлеміне кіреді. Олардың рəсімделуі арнайы библиографиялық ережелер бой-
ынша мемлекеттік стандарт (ГОСТ) бойынша жасалады. Пайдаланған əдебиеттер тізімін берген кезде мына
мəліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
· кітаптар үшін – автордың аты-жөні, кітаптың толық атауы, шығарылған баспасы мен шығарылған жері,
жылы, том немесе шығарылымы жəне жалпы бет саны;
· мерзімдік басылымдағы мақалалар үшін – автордың аты-жөні, мақала аты, журналдың (жинақ) толық
аты, жылы (жинақ үшін баспа аты), том, нөмірі (шығарылым), мақаланың бірінші жəне соңғы беті;
· мерзімдік емес басылымдағы (кітаптардағы) мақалалар үшін – автордың аты-жөні, мақала аты, кітаптың
(жинақтың) толық атауы, шығарылған баспасы мен шығарылған жері, жылы, мақаланың бірінші жəне соңғы беті;
· конференцияларда жасалған (семинар, симпозиум) баяндамалар мен тезистер үшін – автордың аты-
жөні, баяндама атауы, жинақ немесе конференция материалдарының толық атауы, конференция орны мен өткен
мерзімі, том, нөмірі (шығарылым), тезис пен баяндама мəтінінің бірінші жəне соңғы беті;
· диссертациялар үшін – автордың аты-жөні, мамандықтың толық аты мен шифры, қорғаған уақыты мен
жері.
Библиографиялық жазбаларды жүргізу үлгілері:
1) Гиндин И.Ф., Гефтер М.Я. Требования дворянства и финансово-экономическая политика царского прави-
тельства в 1880-1890-х годах // Исторические заметки. – 1957. – № 4. – С. 34-64.
2) Дəдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 336 б.
3) Четвериков Н.С. Сглаживание динамических рядов // Статистический анализ экономической статистики. –
М.: Наука, 1973. – С. 106-135.
4) Жұмабаев М. Ақан сері // Сана. – 1924. – №1. – 12-13 бб.
12. Мақаладағы барлық қысқартулар термин толық жазылғаннан кейін ғана көрсетіледі. Жалпыға бірдей
түсінікті қысқартулар (аббревиатуралыр) қолданылып, халықаралық номенклатура бойынша терминдер
пайдаланған абзал.
13.
Мақалалар авторға қайтарылмайды.
Жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін мақалалар қабылданбайды.
Редакция алқасы авторлардың өз мақалаларын
осы ережеде көрсетілген талаптар мен үлгілерге
сай рəсімдеуін сұрайды.