«Абай жолы» туралы «Абай жолы»роман-эпопеясы



бет2/3
Дата03.02.2023
өлшемі31,82 Kb.
#64871
1   2   3
Байланысты:
Сыныптан тыс сабақ

«Еңлік — Кебек» пьесасы— Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың трагедия жанрында жазған шығармасы[1]. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді. Бұл пьесаны жазған кезде Әуезовтың жасы 21-де еді. 1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды. 1926 жылы Қазақтың Мемлекеттік драма театры да осы «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылған. Пьесаның жыр түрінде екі нұсқасы бар: біріншісі – 1912 жылы Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза», екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік-Кебек» дастаны. «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын суреттейтін шығарма. 
Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді.
Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған.

«ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» ӘҢГІМЕСІ
Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.
Қазақтың аса шебер жазушысы, керемет әңгімелер мен повестердің авторы Мұхтар Әуезовты білмейтін қазақ жоқ. Қазаққа ғана емес, әлемге әйгілі жазушы ол.
Сол керемет жазушының 1921 жылы жазылған "Қорғансыздың күні" атты әңгімесін оқыдыңыздар ма? Мен оқып шықтым. Осы әңгімеден алған әсеріммен және оқиғаның желісімен сіздермен бөліссем деймін.
Әңгімеде Арқалық тауының етегінде Күшікбай деген асуды мекендеген жағдайлары мәз емес ауылда болған оқиға баяндалады. Сол ауылда жасы сексеннен асқан кәрі кемпір, кемпірдің келіні мен он үш жасар Ғазиза атты немересі үшеуі бір лашық үйде күн көреді. Бейшара үшеуінің көрмеген азабы қалмайды. Екі ай бұрын әлгі кемпірдің баласы аурудан көз жұмады. Артынша екі аптадан соң ұлы қайтыс болады. Асыраушысынан айырылған үшеуін туған-туыс, ағайындары қарайласпай тастап кетеді. Үйдің еркектерінен айырылып, қара жамылып отырғанда келінің көзі су қараңғы болып көрмей қалады. Бар ауыртпалық Ғазизаның мойнына түседі. Осылай азапты күндері өте береді. Бір күні осы үйге екі жолаушы келіп түнейді. Үйге келген кісілер көңіл айтып, құран оқиды. Ол екі жолаушының он үш жасар Ғазизаға көзі түсіп, бастарына арамы ой келеді. Сыртқа шыққанда сол ойларын іске асырып, бейшара қызды зорлап, намысын аяқ асты етеді. Бұндай қорлыққа шыдамаған қыз анасы мен әжесіне айтуға бата алмай, әкесінің бейітіне барып, қақаған аязда үсіп өледі. Әжесі мен анасы зар жылап, одан бетер қайғырып қала береді. Әлгі екі оңбаған болса түк болмағандай болып кете береді.
Бұл әңгіме бір ғасыр бұрын жазылғанымен бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі жайлы болып отыр. Ең сорақысы өздері құран оқып, сол үйдің қызын зорлағаны болып тұр және қиын қыстауда қалған туысқандарын қалдырып кетіп қалған ауыл адамдарының ісі. Қазақ халқы "жесірін жылатпаған" дегенді көп естуші едім. Бірақ осы әңгімеде мүлде басқаша баяндалған. Бұл әңгімедегі қорғансыз үш әйелдің жағдайы жүрегіңді ауыртады.

Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!»,
Мұхтар аға! Мықтар аға едіңіз,
Мықтылықты көзбен көрдік енді біз.
Рахмет сізге, ақындардың ағасы,
Бәйгімізден қасқайып бір келдіңіз!

Лауреаты ең құрметті сыйлықтың,


Бүгінгі күн аузындасыз сіз жұрттың,
Ертең елдің көкірегіне орнайсыз,
Даңқы сізде топтан озған жүйріктің.

Жаса, біздің асыл ойлы ағамыз,


Сіз бенен біз талай құрмет табамыз.
Сізге риза қалың қазақ баласы,
Сізге риза сонау Абай бабаңыз.

Кеудеңізде алтын ғасыр суреті,


Тұлғаңызға бір қарасын жер беті.
Ұқсын әлем, қандай екен жанымыз,
Рахмет сізге, дана халық перзенті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет