«Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат қылмай, – деп жазады Мұхаң, – жаңағы жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, 1889 жылы көбінесе музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны ауылына алғызады, тағы да сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды».
«Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат қылмай, – деп жазады Мұхаң, – жаңағы жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, 1889 жылы көбінесе музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны ауылына алғызады, тағы да сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды».
Сөйтіп, ұлы ақын жастарға қараңғылық патшалығына жарық сәулесін түсірген әулие данышпандай әсер еткен. Абайдың жастарды өз үйіріне тартудағы мақсаты – оларды ғылым айдынына және ақындықтың жаңаша жолына түсіру болатын.
Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы: «Әсіресе, Абайдың творчестволық еңбекке көп берілген уақыты 1889-1890 жылдар еді», – дей келе, былайша таратып айтады: «Абай ел ортасының даулы жұмысынан аулақтанып, орыс ғылымымен шұғылданды, орыс ақындарының кітаптары Абайдың ақындық рухын тебірентіп, тасқындатып жіберді. Биттей қолы босап кетіп көңілі түссе, кез келген қағазға өлең жазып тастайтын болды
Осы жылдары абайтанушы Қайым Мұхаметханов дәлелдеп бергендей, Абай алғашқы прозасы – «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегін аяқтап шығады. Аталмыш еңбек Абай әт-Тәбәри, Рабғузи, Рәшид әд-дин, Бабыр, Әбілғазы сияқты атақты тарихшылардың еңбектерін зерделеді деген тұжырымның айқын айғағы.
Міне, байқап отырсақ, ақынның ғылым сүрлеуіне түсуі мен пейілін талапты жастарға беруі сәйкес келеді. Бұл заңдылық, сірә.
Абай шәкірттерімен
Өз кезегінде шәкірттерімен бірге ізденістер Абайды жаңа идея, тың тақырыптарға әкеп отырған. Творчество адамының қуануы мен жалығуы, сүйінуі мен түңілуі алмасып отырады. Шығармашылық содан туады. Бірде Көкбай әзіл етіп, Абайды сөйлетпек үшін: