Психология менің өмірімде және кәсібімде



бет1/4
Дата15.10.2023
өлшемі79,56 Kb.
#115295
  1   2   3   4
Байланысты:
Психология менің өмірімде және кәсібімде



Психология менің өмірімде және кәсібімде

Менің өмірімде психология ғылымымен танысуым жақында болды.Психологияны мен университетте оқи бастадым,сол уақытқа дейін ғылым ретінде ол туралы ештеңе білмедім. Психология көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі және жеке тұлғаның дара ерешеліктерін зерттейді.Бұл ғылымның ең негізгі міндеттерінің бірі –барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету,психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін,әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады.Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады.Жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі психологияның қызметі –зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп,байланыстыру.Психикалық іс-әрекет заңдары арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.


Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар.Адам психикасының ең жоғарғы түрі- сананың болуымен ерекшеленеді.Адам саналы құбылыс болып табылады.Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде,іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады.Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді,алға
қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді,бір-бірімен байланысты.
Психологияны ғылым ретінде сипаттауда психологиялық білімдердің кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн.Біріншіден, бұл құбылыстар туралы білім, әрқайсымызға тән, әрбір адамның түйсіктері бар, оның есінде әрқашан әртүрлі елестер сақталады, әрбір адам әртүрлі сезімдерді басынан кешіреді және т.б. Психология ғылымында осы құбылыстар туралы жинақталған және дерексіз білімдер берілетіндігі жөнінде айта аламыз.Психологиялық білімдердің бірінші ерекшелігі бұл жинақталған және дерексіз білімдер әрқайсымызға тән психикалық құбылыстар болып табылады.Екіншіден, психологиялық білімнің күнделікті және ғылыми мағынасының сәйкес келмеуімен сипатталады.Тұрмыста адамдар психологияның терминдерін және ұғымдарын кеңінен пайдаланады.Бұл ұғымдардың шекарасы айқын көрсетілмегендіктен, әртүрлі адамдар бір терминдер мен ұғымдарды әртүрлі мағынада қолданады.Ғылыми ұғымдар белгілі мағынада,мазмұнда бірдей қолданылады. Үшіншіден, адамның дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру өзін-өзі тәрбиелеу үшін өте қажетті.Қазіргі психология ғылымы әртүрлі тәжірибе саласымен байланысты қалыптасудың әртүрлі сатысында тұрған ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін құрайды.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “ Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.
"Мен" концепциясы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. "Мен" концепциясы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы және т.б.).
Адамзат өмірінде психологияның алатын орны ерекше. Ол тиімді өмір сүру факторы ретінде әр түрлі қызмет салаларында мәселен, бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама, медиа салаларында қолданылады. 
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет