Абай мұрасы туралы алғашқы зерттеулер және сын


Абай Құнанбайұлы шығармаларының алғашқы жинағы. 1909 жыл



бет3/5
Дата03.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#24815
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай мұрасы туралы алғашқы зерттеулер және сын

Абай Құнанбайұлы шығармаларының алғашқы жинағы. 1909 жыл.

Абай шығармаларының толық жинағы тек ақын дүние салғаннан кейін ғана жарыққа шығады. Ақын өлеңдерін, қарасөздерін жинақтап бастыру сынды күрделі де маңызды іспен інісі Кәкітай мен баласы Тұрағұл айналысады. Бұл бастаманың күрделігі сонда, ақын көзі тірісінде өз шығармаларын кітап түрінде жинақтамаған, көпшілік өлеңдері ел аузында жатталып, ал қолжазба ретінде жазылған нұсқалары толық сақталмаған еді. Сондықтан кітап етіп баспадан шығару келер ұрпаққа Абай мұрасын аманат ретінде қастерлеп жеткізумен маңызды болды.



Тұңғыш жинақты құрастырушылар Абай өлеңін 17 топқа бөледі. Егер бастапқы 7 тарауы әбден ойланылған, белгілі жүйеге келтірілген десеек, соңғы тараудың шығармаларын тым ұсаұтатып жіберілген. Ең алдыңғы тараулары Абайдың творчествасын айқын танытатын "Халық туралы" , "Ой туралы", "Замандастар туралы"деген тақырыптарды айырықша бөліп, ой,насихат, ғашықтық, аңшылық туралы өлеңдерін даралай топтастырып, аудармаларын, поэмаларын біріңғай орналастырған. Ал табиғат лирикасына жататын "Жаз" "Жазғытұрым", "Күз", "Қыс"өлеңдерін топтастырмаған. Ал осы мәселе жөнінде Абайдың шығармалар жинағына Кәкітай өзінше талдау жіктеу жасаған. Мысалы  "Халық туралы" , "Ой туралы", "Ғашықтық туралы" деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр өлеңнің мазмұнына қарай жіктейді. Анығында Абай көзі тірісінде өз шығармаларын бұлай топтастырмаған еді



Абай өлеңдері баспадан жариялау жұмыстары қалай жүргізілгені жайында Әрхам Кәкітайұлы өз естелігінде: «1906 жылы жаз шығып киіз үй тіккенде Кәкітай Абылайша қос тіккізіп, Мүрсейіт молланы шақыртып алып: «Сен мына біз жинаған Абай өлеңдерін реттеп жаз», – деп оңаша қосқа отырғызады. Мүрсейіт асықпайтын, одан кейін бір жағына ақ тастап қайта көшіртіп, бір ай шамасында дайындатып алып Кәкітай Семейге өзі алып жүрді. Жол расхотына сатуға екі семіз ат, екі семіз түйе әкетті. Петербург, Ленинградтағы баспаханалармен шарт жасастым. Тез екі жүз сом ақша перевот ет», – деген. Айтқанындай екі жүз сом жібердік. Кәкітай бір айда қайта оралды. Корректорлық міндетін өз мойнына алатын болыпты, Ленинградтағы баспахана бір баспа табақ қағазға басып, Семейдегі Әнияр үйіне жіберіп тұратын болды. Әнияр Кәкітайға жеткізіп тұрды. Кәкітай оның қатесін түзеп қайта Ленинградқа жіберетін болды. Осындай сергелдеңмен жүріп Абайдың бірінші өлең жинағы 1909 жылы“Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұғылының өлеңі” (бастырған: Кәкітай, Турағұл Құнанбайұғыландары”) деген тақырыппен Санкт-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітай атына жіберіледі де, сол жерден бүкіл қазақ даласына тарайды.Абайдың өмірбаянын қысқаша ғып Кәкітай өзі жазды», – деп баяндайды. Кәкітайдың осы жинақта жариялаған Абай туралы өмірбаяндық мақаласын М.Әуезов жоғары бағалаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет