Отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерін талдау Ж. Аймауытов «Қартқожа», Ш. Айтматовтың «Ақ кеме», Л. Толстойдың аудармаларын және



Дата27.09.2023
өлшемі448,95 Kb.
#110493
Байланысты:
Презентация1

Отандық және әлемдік

балалар әдебиетінің озық үлгілерін талдау

Ж.Аймауытов «Қартқожа», Ш.Айтматовтың «Ақ

кеме», Л.Толстойдың аудармаларын және

Даниэль Дефо (орыс тілінен аударған Қ.Өтеғұл) «Робинзон Крузо» романын.

1. Шығарманың авторы: Ж.Аймауытов 2. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу. 3. Шығарма идеясы: Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан –жакты бейнелеген. 4. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм; 5. Жанры : проза, роман. Тәрбиелік мәні. Білімге үндеу, әлеуметтік мәселе.

  • Қартқожа романы

Шығарманың құрылысы:

  • Басталуы: Қартқожаны , оның отбасын суреттеуі, жоқшылық, зорлық, оқу оқуға талпыныс. Дамуы: Жоқшылықтың зардабы, әкесінің өлуі, суыт хабар,елдің урейі, дүрбелең. Шиеленісуі : Жасаққа косылу,1916 жылғы солдатқа алыну, әскер өмірі. Оқиғаның байланысы: Қараңғылықтан жарыққа ұмтылу,елге оралу, әділдік жолындағы күреске дайын азамат бейнесі,әмеңгерлік, оқу оқу.[слайд №20] Шарықтау шегі: Ақпан көтерілісі, елдегі күрес ,ұстаз болу. Шешімі: Орысша білім алуға ұмтылу, мақсатқа жету, елдегі тыныштық, оқыган азаматтың елге еңбек етуі.

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

  • Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман, Қартқожаның әжесі, Дәрмен,Андрей, Қасен, Полидуб. Бас кейіпкер: ”Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта –астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос- қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып. Бір бала отыратын еді. Жасы 10- 11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі сауыс,бетінің бір жағы сатпақ ,көзінің былшығы да жөнді тазармайды.Сол баланың қақ соқпен ісі жоқ, момақан,аңқау,көзі бажырайып аузын ашып ,мұрны қоңқиып отырганы Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой,тап сол бала осы еді.Құдай оңдап ,аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа...”
  • Шығармадағы қосалкы кейіпкерлер: Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара,Шідербай,шәкірт,болыс,Имақан,Бәтіш,Гүлсім, карындас, Өшетіл,Бабатай .

Әдеби теориялық ұғымдар.

  • Шығармадан монолог “ Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса ,орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды,орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та орыс та Андрейдің ,менің көргенімді көрсе,көзі ашылса,менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді –ау деп, бір мезет ойлайды. ” Шығармада суреттелетін салт –дәстүр. Підиеге отыру (өлген адамның күнәсін мойнына көтеру), әмеңгерлік салты,тұрмыс- салт суреттері, күрес,ән салу. Шығармадағы нақыл сөздер. «Іздесең , табасың»

Шығармадағы көркемдегіш тәсілдер. “Үй іші” бөлімі бойынша :

  • Эпитет-аз, нашар атаның тұқымы, момын адам, қоңыр адам,біртоға жан. Метафора (ауыстыру) – төрт- бес қарасын, алданышы, азбеніші- ораза ашары;қуаты, қуанышы- үш –төрт қарғасы; Тұрақты сөз тіркесі- құтты жеріне кондырды; тұңғышының аяғын шырмады; Синекдоха (арақатынасын ашу)- әр ауылдың,әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі. Ирония (кекесін) –осы байғұстың. Синоним сөздер- жабықса,тарықса; жыртық-тесігін; аман-есенінде; момын, біртоға; қарағым,шырағым; ұрыс-жанжал; Антоним сөздер- жазы-қысы: Көнерген сөздер: болыс, ауылнай, молда. Басқа тілден енген сөздер: қожа,тақуа молда, аямим,крестьянский нашалнік, періуатшік,стражнік, тілмәш, үшкөл, отарба, медресе, шәкірт,пароход, автомобиль,аэроплан, окоп, пулемет, самолет, мотор, революция,мұжық


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет