Абай Құнанбаевтың өлеңдері



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі32,08 Kb.
#130081
  1   2
Байланысты:
Абай Құнанбаевтың өлеңдері


Абай Құнанбаевтың өлеңдері
3
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымда мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

7
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?


Жұрт жүр ғой күйкентай мен қырға сақтап,
Қыран шықса қыяға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күнкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржақтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.

8
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,


Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір — жыртың.
Бас-басына би болған әңкей қиқым,
Мінекей, бұзған жоқпа елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолынан кетпесе, енді өз ырқың.

10
Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да,


Алда маған кім қалды тірі жан да.
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,


Ол тұрмас бастан жыға қыйсайғанда.
Мұнан менің қай жаным аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?

Ендігі жұрттың сөзі- ұрлық- қарлық


Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.

Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,


Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
Сабылтып күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен ыржыйып күле алмай жүр.

11
Адасқанның алдым — жөн, арты— соқпақ,


Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,


Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қарсы алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыкүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,


Қолында бір сабау бар ол дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,


Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір тыным таппақ.

13
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,


Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,


Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,


Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе.

Керек іс бозбалаға— талаптылық,


Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.

15
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,


Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

19
Интернатта оқып жүр


Талай қазақ баласы —
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ат-анасы.
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы —
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.

20
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,


Өткіздік бірнәрсеге болмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп.

Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін,


Көп надандар өзіне тартар бейім.
Арылмас әдет болды күлкішілдік,
Ыржаң-қылжаң ит мінез дегендейін.

Тура тілді кісіні дейміз орыс,


Жиреніп жылмаңдықты демес бұрыс.
Жылпылдақтап айрылып сенісе алмай,
Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс.

Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,


Анық таза көрсейміз досымызды.
Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,
Жүрегінде жатады өкпе сызы.

21
Сабырсыз ,арсыз ,еріншек ,


Көрсе қызар , жалмауыз ,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан ала –ауыз.
Өзін-өзі күндейді ,
Жақынын жалған міндйді ,
Ол- арсыздық белгісі .
Ұятсынбай ,ойланбай ,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма үлгісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады.

22
Бөтен елде бар болса,


Ежеттесің, сыйлайсың,
Сыбырлас, сырлас көп болған,
Көптен тату қыймайсың.
Басыңа жұмыс түскен күн
Татулықты бұрынғы
Не қылып ол ойлайсың.
Ашып берер жауыңа
Өзі көрген қоймасын.
Желіккен жауға кез болса,
Араздығы сөз болса,
«Бәрекелді батыр» деп,
«Мықты боп бара жатыр» деп,
Мақтап-мақтап қоздырар.
Ескі досын көргенде,
Есебі жоқ ант ішіп,
Аруақ, құдай айтысып,
Сыр алғалы айттым деп,
Жауыңды алдап қайттым деп,
Құдайдан қорықпай, ант ұрған
Иман жүзін тоздырар.

23
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,


Қыйыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзден былғанса сөз арасы,


Ол — ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі — надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі аят, хадис — сөздің басы,


Қосарлы бәйітсымал келді арасы.
Қыйсынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,


Мүнәжәт уалилердің зар наласы
Бір сөзін бір сөзіне қыйыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

24
Біреуден біреу артылса,


Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған білген-білген-ақ,
Надан-надан-ақ сан қылса.

Оқыған білер әр сөзді,


Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмей,
Білер қайдағы шәргезді.

Надан қуанар, арсаңдар,


Таңырқап тұра қалсаңдар.
Татымды ештеме болмас,
Адамсып босқа талтаңдар.

Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда.


Ісі жоқ теріспе, оң ба?
Тіленіп, телміріп ізденер,
Тыйын ба яки бір сом ба?

25
Біреудің кісісі өлсе, қаралы— ол,


Қаза көрген жүрегі жаралы— ол,
Көзін жасын тыймай жыла жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,


Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен бет-ашар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?

Бала туса, күзетер шылдақана,


Олар да өлең айтар шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,


Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпац елең-селең.

30
Ішім өлген, сыртым сау,


Көрінгенге деймін-ау:
Бүгінгі дос— ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей
Күркірейді айтса дау.
Кісі алдына барғанда
Шабан, шардақ және шау
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр-ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдыңба бас-асау,
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?

33
Білімдіден шыққан сөз


Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі — айна, көңілі — оят,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әбілет басқан елерме
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме
Түзелмесін білген ез?
«Айтшы-айтшы» лап жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар
Ұйқылы-ояу бойкүйез.

34



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет