31 қазақ-орта мектебі



Дата22.03.2022
өлшемі16,46 Kb.
#28556
Байланысты:
ашық тәрбие сағаты Жанерке


31 қазақ-орта мектебі

Тәрбие сағат тақырыбы:

Аяулы менің анашым




Орындаған: Жарас Жанерке

Сынып: 5 “Б” 


Тақырыбы: Аяулы менің анашым

1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.
1-бет: Кіріспе сөз

Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,

мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.

Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Хормен: Анашым әнін орындау

1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!

2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.
2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)

«Адал бол, - деп балдырған»,

Әділдікке баулыған,

Жүрегін де баулыған,

Тілегінде мархабат

Анамызға мың алғыс!
1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,

Әпкелер мен бауырлар, балалардың.

Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,

Бұл күндер көксеген даналардың.
Ән: Ақ мамам

3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу)

Әңгіме: «Анамның қолдары»

Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді.

Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді:

«Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»

Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па?

Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді.

Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді.

Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен:

- Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді.
Би: «Қаражорға»

2-жүргізуші: Білмесең надан боласың,

Жау қолында қаласың,

Үйреніп бәрін біле алсаң,

Ақылың жетіп толасың!
4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

1-жүргізуші: Алақаны ақ самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа..

2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты.

Арманға жетер балалар,

Аман болсын аналар!

ІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.

Ана –біздің күніміз!

Ананың біз - гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет