Абай Құнанбаевтың өмір жолы



бет5/6
Дата30.11.2022
өлшемі40,08 Kb.
#53991
1   2   3   4   5   6
Қорытынды.
Қорыта келгенде, Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады. «Соқтықпалы, соқпақсыз» заманда өскен , «Атаның баласы емес, адамның баласы болуды» уағыздайтын ғұламахәкім «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деп толғанады. Оның ойынша, адамзатты, әділетті сүю- толық тұлғаға тән басты кісілік қасиет екенін түсіндіреді. Адамды сүйіп, құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясы түпкі негізі- адам, Толық адам. Абай арманындағы Толық адам өнерлі ,білімді, еңбекқор, адал, әділ , жылы жүректі , ыстық қайраттыы , ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббатпен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю- Абай шығармаларының биік мұраты. Абайдың заман талабы меп оқушы ұғымына орай қолданған тәсілі тыңдаушыларын адамшылық пен ғылым-білімді меңгеруге үндей білмегендігі. Осы ойын: "Дүниенің ғылымын білмсй қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол құранда жазылған" — деп құрандағы дәлелдеп жастық ете сөйлеуімен де жеткізеді. Осы себепті Абай тыңдаушыларының ұғыім дәрежесімен есептесе отырып, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің негіздері жайлы түбірлі ойларын құранның беделімен болса да өткізуден тартынбаған. Адамгершілік қасиетін жоғары түрі ар, ұят, ождан сақтау жастарды кішіпейілділікке, адал, арлы азамат болуға тәрбиелеуде Абай өлеңдері мен өсиет маңызды орын алады. Еңбек, еңбек тәрбиесімен адамгершілікті біртұтас қарайды Абай. Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып – оның ағартушылық идеясы. Абай өнер, білім, тәлім-тәрбие ерекше көңіл аударып, жанын сала үндеген ұлы ағартушы ақын. Еңбектің мәнін ашьш, еңбек тәрбиесінің маңызын котере білген ұстаз Абай.Абай ойынша, адам қоғамның қажетті мүшесі, ол дүниенің кетігін қалауға жарарлық кірпіш сияқты. Озінің орнын тауып, өмірдің керегін асьш, елі үшін еңбек еткендей азамат болуға тиіс.Ғылым, білім, еңбек тағылымы дәулеттің ең маңыздысы, асылы болды дсп Абай жастарды салғырсымай, ғылымды меңгеруге шақырады.Орысша оқуды жактаған, еңбекті бетіне ұстаған Абай, білімді жастардың мақсаты айқын болу керек, ол халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деген талап қояды. Кейбір тілмаш, адвокат болып, шен, сыйлық альш, мал табуды арман етіп, елді бүлінген үстіне бүлдіріп жүргендерді сынайды."Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой", — деп жеке бас қамынан аспайтын, мұндай тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтады, ол үшін оқитын жаста түбегейлі мақсат болуы керек деп ескертіп, жастардың алдына дана адамдарды Әл-Фарабиды және Баласағүни Жүсіпті, Махмұд Қашқариды, Қыдыргали Қосьшұлын, Салтыков-Щедрин мен Л. Толстойды үлгі етіп ұсынады. Соларды елі үшін еңбек етерлік ұлы адам болуды окушы жастар алдына биік мақсат, зор нысана етіп тартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет