Абай Құнанбаевтың өмір жолы



бет4/6
Дата30.11.2022
өлшемі40,08 Kb.
#53991
1   2   3   4   5   6
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Абай шығармаларының адемгершілік идеясы


«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.
Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады...


«Кеселді жалқау, қылжақ бас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың пысық, ішің нас,



Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар - намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында. Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «Қырық бірінші сөзінде» ұлы ақын екі нәрсені ұсынады: біріншісі – «Бек зор үкімет», екіншісі – қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандандырып, ой – санасын жаңаша тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным – сенімдегі адамдар етіп тәрбиелесе, сонда ғана елдіңтүзелетіндігінайтқан. Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.
Тап осы тәрізді, тағы бір үлкен адамгершілік мәселесін қозғайтын шығармасы – «Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз ұят туралы. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.
«Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар», - дейді.
«Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар – ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тәрбиелік мәні зор.
Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғам-дары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынанда айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады. Абай өзін ұстаз ретінде де көрсете алады. Ақынның бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалып-та, біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тәрбиелік түрінде әр алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айқын қалпында танылады. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әртүрлі топ-тың өкілдері әсіресе ұстаздар, жас адамдар үнемі бой көрсетіп отырады. Мысалы: Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп. Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр. Кейде топтап айту үшін біреу (''Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда''), (''Әркім жүр алар жердің ебін қамдап''), кейбірі (''Кейбірі пірге қол берген'') деген сияқты сөздерді де қолданады. Тіпті, сөзін тыңдаушыларға қаратып айтып, сен, сендер, өздерің деп отырып, көпшілік-ті мінезінде сипаттап кететіні де кездеседі. Мысалы: Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге? Абайдың қоғамдық мұрат нысанасы туралы айтқан-да, ол адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді халықтың қажеті-не жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі мораль-дық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туынды-ларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады. Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысы Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа? - дейді ақын ''Әсемпаз болма әрнеге'' деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді. Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (''ақыл-мизан, өлшеу қыл''), дүниенің сырын танып білуде адамгер-шіліктің ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.


Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әрнәрсеге өзіндей баға бермек.


Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастар-ға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастар-дың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. ''Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек'' дегенге Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай ''суық ақыл'' мен ''ыстық жүрек'' бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Бұл ретте Абай ақыл-ой тәрбиесінің, адамгершіліктің мазмұнын жырлайды. Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды

Биікте тұрған адамның көріп білгенін сол дәрежеде көріп білу
Онсыз оларды оқығанмен өз дәрежесінде оқығанмен өз дәрежесінде түсіну,
Абай өз халқының көркем сапасын терең меңгеріп, қоғамның рухани“Ғылым таппай мақтанба”,''Интернатта оқып жүр'',’'Түбінде баянды еңбек егін салған'' атты өлеңдерінде нақтылап көрсеткен. Жалпы Абай дүниетанымын талқылай келе оның шығармашылығында дүниетанымында ең басты мәселе адамгершілік қасиеттер. Абай дүниетанымындағы адам мәселесіне қорыта айтсақ, ол Абай шығармашылығындағы
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын – деген ойынан аңғарамыз.
Өмірде адам бойында адамдық әрекеттерден басқа хайуандық әрекеттер кездеседі. Адам өзінің адами табиғатына сай болу үшін білім алу керек. Олар: ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен. Сонымен қатар Абай дүниетанымында өлеңдерінде қара сөздерінде “Алла” деген
Алла деген сөз жеңіл
Аллаға ауыз жол емес.
Алла деп айта салу тек сөзбен емес оған шын
Надандықпен күресудің басты құралы – білім.Білімді адамның жүрегі айна,
Жалпы өмірде барлығын жасайтын, тудыратын өзі сондықтан өмірде Абай айтады ғой:

Биік мақсат-биік жартас,
Ерінбей еңбектеп жыланда шығады
Екпіндеп ұшып қыранда шығады.
Өмір өткінші сол өмірде сол өзіне берілген барлық адами қасиеттерді нақыштап айтады. Өткінші өмірде адамдар өзінің адами табиғатына сай өзінің адами құндылықтары болады. Өмір сүрудің екі түрі бар: бірі шіру, бірі жасу. Шындығына келсек адам дүниеге тек ішіп- жеп, мұқтаждықты ерікке салады. Жаман қасиеттер: менмендік, зұлымдық, ұрыс-керіс, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, Адам бойындағы адамның адам ретінде қалыптасуына өте үлкен әсер береді. Сонда адам бойындағы жағымсыз әрекеттерді жеңуге және құртуға болады.Абай былай деп айтады: жиреншікті жамандықтан бойыңды тартып жақсылықты ойға, бойға жинап жүру дейді. Бірақта өмір болғаннан кейін барлығы кездеседі жақсылық және жамандықта.Күлкіге салынған адам Абай дүниетанымында не шаруадан, не бір күлкі адамды тіршіліктің сырына бойлатпай, оны жел қуған қаңбақтай етеді. Мұндай адам тіршіліктің сырына, ешқашан ұға алмайды. Адам өмірге
Сондықтан адам болғаннан кейін уайымсыз болу мүмкін емес. Жаңа Уайым-қайғы адамға ауыртпашылық әкеледі үнемі уайым-қайғыда жүр демейді.Адамды адам қылып тұрған оның ақыл-ойы. Ақыл-ой, санаға байланысты. Ол орынды харекет осы дүниедегі орнына сай, адами табиғатына орынды харекет болмысының орындалуына кепілі адам өмірге келгенде дұрыс болуы керек. Абай дүниетанымдық жүйесінде үлкен ой жатыр, ғаламдық мән-мағына жатыр. Абай өмір сүріп отырған адамдарды адамгершілікке, әділеттілікке бір-біріне деген сыйластыққа баулиды.
Талап еңбек, терең ой
Қанағат рақым ойлап қой.
Бе асыл іс көнсеңіз- демекші бақытқа жеткізетін еркін әрекет және тамаша әрекет еңбек. Білім жоқтық
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Шындығында қазіргі қоғамда қылмысқа кісі тонау, өлтіруге жұмыссыздықтың нәтижесінде алып кеп соғады. Еңбек етіп білім алудың нәтижесінде ғана адам жаны жарқындылық Өлім мен өмір мәселелерін жырлайды ұлы данамыз. Өмір болып Өмір өткінші, бүгін барсың, ертең жоқсың. Осы өткінші өмірдің берілген уақытты орынсыз бос әурешілдікпен өткізіп алмауға шақырады. Уақыт өткінші қайтып келмейді. Мұсылман боп туып, мұсылман боп аттанады.
Адамзат бүгін адам ертең топырақ
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың білемісің
Өлмек үшін туғансың ойла бірақ.
Адам үшін белгілі бір мәнділікке ие болған кезде ғана
Өлім бұл тірі организмдердің шектелуі. Өлім бәріне ортақ ешкім
Абайға айтылар сөз жүргізер зерттеулер әліде сарқылған жоқ, Абай
Өлді деуге болама айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп өз шешімін өзі.
Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады. Адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады. Адамгершілік — бұл сөздің қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұгым ғана емес тіршіліктің мәніп, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де қүдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш — адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір. Демек, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз — тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық еңбектің еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, "Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпес келбетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке" — деп жырлауы соның айғағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет