Сабақтың мақсаты: .Бағдарламалу пәнінің қолданбалы салалары бойынша студенттердің алған білімдерін жүйелеу, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету.Студенттердің компьютерде практикалық жұмыстарды орындау шеберлігін. Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу.
1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, стуенттер! Бүгінгі «Бағдарламалау және есептеу техникасыны» кафедрасының он күндігі аясында «Жаңашылдық жаңалыққа жол ашар, білімдімен барша азамат санасар» тақырып желісімен өткізгелі отырған “Болашаққа жол өзіңнен басталады” аттыбілім сайысына қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Біздің байқауымызға қызығушылық танытып, өз білімдерін сынауға ниет білдірушілер өте көп.
1 Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың бір қуантарлығы — Бағдарламалау бөлімінің студенттері, білім мен ғылым ортасының бағдарламашылары қатысып отыр.
«Жобалаушы» сайыскерлер бүгінгі, Бар білімін алдыңызға салады.
Кім білімді , оқығаны көп болса
Бұл сайыстың жеңімпазы болады.
2 Жүргізуші: Сайыстың шарты: Сайысқа «БҚҚ 21-1» топ студенттері қатысады. Қатысушыларды «», «» деп 2 топқа бөліп аламыз. Сайыс 3 кезеңнен тұрады: Сайыскерлердің ұпайын есептеп, бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі
1 Жүргізуші: Рефлексия («Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйлеріңізге сәйкес суретті таңдап алыңыздыр)
2 Жүргізуші: Сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейін
1.Топтардың таныстыруы
«Бағдарламамен жұмыс» білім сайысы