Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН БІЛІМІН ҚОЛДАУ ҚОРЫ
ҰЛЫҚ ИМАМ – ИМАМ АғзАМ
 
ӘБУ ХАНИфА
Алматы, 2011

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандар діни 


басқармасының төрағасы,
 Бас мүфти
Ұлық Имам - Имам Ағзам Әбу Ханифа, - Алматы: 
«Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011. - 52 бет
Қолыңыздағы кітапшада Ислам дініндегі төрт мәзһабтың ең 
ірісі болған Ханафилік жолдың негізін қалаған ірі ғұлама Әбу 
Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбиттің (р.а.) өмір жолы жайлы сыр 
шертіледі.
Кітапша қалың оқырманға арналған.
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011
қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 
сараптау комиссиясы мақұлдаған


q
q
3

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандар діни 


басқармасының төрағасы,
 Бас мүфти
Ұлық Имам - Имам Ағзам Әбу Ханифа, - Алматы: 
«Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011. - 52 бет
Қолыңыздағы кітапшада Ислам дініндегі төрт мәзһабтың ең 
ірісі болған Ханафилік жолдың негізін қалаған ірі ғұлама Әбу 
Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбиттің (р.а.) өмір жолы жайлы сыр 
шертіледі.
Кітапша қалың оқырманға арналған.
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011
Қазақстан мұсылмандар діни
басқармасының төрағасы, бас мүфти
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Сәлімгерей кәсіпкерлікпен айналысып фирма 
ашты. Бірте-бірте ісі алға басып, біраз қор жинапты. 
Имандылықты ту етті. Адал жүріп, адал тірлік 
еткеннің пайдалы екенін түсінген ол өзі ғана емес, 
ұлдарын да ата дініне бет бұрғызды. Әсіресе, үлкен 
баласымен апта сайын жұма намазынан қалмайды. 
Сөйтіп жүріп қасиетті Мекке мен Мәдинаға перзентін 
ертіп қажылыққа баруды жоспарлады. Ол ойы да 
орындалып, дініміздің отанына барудың сәті түсті.
Меккедегі бас мешітте бір мезгілде бір миллион 
адам намазға тұрады екен. Әлемнің түкпір-түкпірінен 
жиналған мұсылмандар бір атаның балаларындай бір 
сапқа тұрып, сәждеге жығылуда. Ғибадат соңында 
Арман әкесінен:
– Әке, намаз кезінде діни амалдарды әркім әртүрлі 
орындап жатқанын байқадым. Біреуі қолын кіндіктен 
төмен байласа, енді бірі кеудесіне қояды. Аяқтарын 
да талтитып тұрады. Біздің елде діни амалдар бұлай 
әртүрлі атқарылмайды, бірдей ғой, неге олай,- деді.
– Балам, жаһанның күллі мұсылмандарының 84% 
сүнниттер. Бұл – Исламдағы басты бағыт. Ал енді 
сүнниттердің өзі 4 мазһабқа бөлінеді. Біз ұлық имам 
– имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабындамыз. Сол 
себепті де діни амалдарымызда алшақтық жоқ, – деді 
әкесі.


q
q
4
Имам Ағзам Әбу Ханифа
– Әке, мәзһаб деген не? – деді Арман бұрын ести 
бермеген сөзге түсінбей.
Сәлімгерей әңгімесін әріден бастап түсіндіруге 
кірісті.
Әбу Ханифа мәзһабы, мәні мен маңызы
Ислам – он төрт ғасырдан бері бүкіл адамзатты 
сенімі мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай 
бейбітшілік пен ынтымаққа, сабырлылық пен 
тазалыққа шақырып келе жатқан Алла тағаланың 
бірегей діні. Тарих сахнасына көтерілгеннен бері, 
өмірдің өзі көрсеткендей, Ислам дінінің ғылым–білім 
мен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін 
әлем мойындауда. 
Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзінен
 
Әбу 
Насыр әл-Фараби (870–950), Әбу Әли Ибн Сина (980–
1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973–1050), Ұлықбек 
(1394–1449), Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр (1483–
1530) мен Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) 
секілді кемеңгер ғұламалар мен көрнекті мемлекет 
қайраткерлерін берді. Олар ғылымның көптеген 
саласына жол ашты. 
Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне он екі 
ғасырдан аса уақыт өтті. Содан бері халқымыз атақты 
ислам ғұламасы, фиқһтың (мұсылман заңы) білгірі 
Нұғман ибн Сәбит (р.а.) (699–767) негізін қалаған 
Ханафи мәзһабын (діни құқықтық мектеп) ұстанып 
келеді. Осы орайда, әуелі фиқһ пен мәзһабтың 
ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Мәз һаб – жол, ба ғыт, көз қа рас де ген ма ғы на ны 
біл ді ре ді. Ша ри ғат та – ар найы тә сіл дер, ере же лер ар-
қы лы Құ ран мен сүн нет тен шы ға рыл ған үкім дер мен 
көз қа рас тар жиын ты ғына 
«мәзһаб»
делінеді. Шариғат 


q
q
5
Имам Ағзам Әбу Ханифа
үкімдерінің қайнар көзі болып табылатын Құран 
және хадистің әрбір сөзінің бірнеше астарлы, терең 
мағыналары, түсу себептері, тіпті кейбір себептерге 
байланысты хадистердің бір-біріне қарама-қайшы 
келетін, яки бір қарағанда қарама-қайшы сияқты 
көрінетін жерлері де бар. Және хадистердің 
«сахих 
лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи», 
«хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған» «мутауатир», 
«ахад», «мәшһур», «ғариб»
сияқты қуаттылық 
жағынан үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. 
Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең 
қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, 
араб тілін жетік білетін мамандардың өзі ара жігін 
ажыратып, пәтуа шығаруы мүмкін емес. Белгілі 
мәселеде пәтуа шығаратын адам алдымен мыңдаған 
хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына 
мұхият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол 
мәселедегі әз сахабалардың айтқан сөздері мен берген 
пәтуаларын әрі кейінгі келген мүжтаһид ғұламалар 
мен замандас ғалымдардың көзқарастарын және 
жергілікті халықтың менталитеті мен жағдайын 
жақсы білуі қажет. Бұларды кез-келген қарапайым 
адам тереңнен талдап, аражігін ажыратып, шариғи 
үкім шығара алмайтындықтан Әбу Ханифа сияқты 
Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық-қисын, 
фиқһ негіздерін, т.б. ислами ілімдерді жетік білген 
мүж тә һи дтің шығарған үкімдерімен жүруге мұқтаж. 
Өз бе тін ше әре кет ету ші жол дан ада суы әб ден мүм-
кін. 
Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар 
арасында діни қайшылықтар тумады. Өйткені, 
хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті 
Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін 
айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын ала білді. 


q
q
6
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Бұл туралы Алла тағала мұсылман үмметін: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет