Абай облысы білім басқармасының


Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жалпы сипаттамасын зерттейді



бет3/9
Дата09.06.2023
өлшемі367,23 Kb.
#100249
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Өндірістік тәжірибе Жолдаспаев Әділжан 20 аж-3

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жалпы сипаттамасын зерттейді.
Автоматтандыру техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Автоматтандырудың мақсаты- еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстанадамды босату. Автоматтандыру ғылыми- техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады. Автоматтандыру - адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі. Автоматтандыру энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе -ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені. Ақпараттық жүйелерді құру кезінде пішімдеуді қолдану аз уақыт арасында қарапайым ақпараттық жүйелерді құруда ғана тиімді. Ал үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше модельдерді араластырып пайдалануға болады. Екінші бөлімде басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы жазылған. Ақпарат жүйесі басқа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Автоматтандырылған жүйенің сипаттамасын тиімді түрде бейнелеу үшін оны кестелер мен процедуралар жиыны деп қарастырғаннан гөрі түрлі ақпараттық объекттердің жиыны деп қарастырған дұрыс болады. Автоматтандырылған жүйенің нақты сипаттамасынан абстракцияланып, жүйенің ішкі функциялары мен ақпаратарды өңдеу операцияларын икемді түрде көрсетуге мүмкіншілік береді. Бұл объекттерді автоматтандырылған жүйенің ақпараттық моделі деп атаймыз.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды. Ақпараттық жүйені тұрғызу ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең. Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалык негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ете маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай- ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады. Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өндеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі. Автоматтандырылған жобалау жүйесі дегеніміз жобалауды автоматтандыру құрал комплексі және жобалауды автоматтандыру жобалаушы мамандарының өз-ара байланысы. Көп техникалық әдебиеттерде мынадай анықтама жүреді жоба ұйымының ішкі бөлімдерімен тығыз байланысы ұйымының техникалық жүйе негізінен автоматтандырылған жобалау жүйесі ұйымдастыру комплексіне қарағанда қолданатын тобымен байланысты програмалық комплексі түрінде болады. Автоматтандырылған жобалау жүйесі-Автоматтандырылған ақпараттық жүйе және жобаны жүзеге асырып отырған ұйым қызметі. Автоматтандыру үшін арналған жобаны құру негізгі орта ақпарат қоры математикалық және графиктік модельдер. Автоматтандырылған және конструктивті процедура колданады. Автоматтандырылған жобалау әдістемесінде берілген микропроцессорды дайындау үшін техникалық процесстері қарастырылады. Автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйелері қазірігі кезеңде РМК-да электронды депозитарий рөлін кәдімгі файлдық форма аткарады. Мысалы, көшіру, мұрағатқа жіберудегі барлық мәселелер, файл атауларын ойластыру, құкық есебін жүргізу және тағайындаудың күрделі жүйесі және т.б. Бұл жерде баскарма функциясын кітапхана бөлімшесіне беру туралы сөз жоқ. Себебі электронды құжаттардың көшірмелерін энерготәуелсіз тасығыштарда паралель түрде сақтау қажет, сонымен қатар сол тасығыштардың есебі жүйесін және оларды қайта көшіру қажет. Аса ірі емес көлемде мұндай тәсіл жұмыс атқара алады. Бірақ мұндай көлемнен РМК-ның көлемі әлдеқайда алдыда. Сондықтан 2006 жылы электронды депозитарийге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің өңдемесін жасау қолға алынған. Бағдарламалық шешімнің қажетті базалық құралдардың жинағын басқару, мәліметтерді беруге арналған хаттамаларды жүзеге асыратын Storage Resource oker коммерциялық бағдарламалық қамту қойылған. РМК-ның қажеттілігін есепке ала отырып, ол қажет сервистер мен интерфейстермен толықтырылған. Көбінесе сенімді ресурстарды сенімді сақтауларды қамтамасыз ету құралдары, кітапханалық метамәліметтерді үдестіру жүйесі, электронды ресурстарды қолдау сервисі бар.

23.03

07.04




3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет