Мінездеме
Жолдаспаев Әділжан 2023 жылғы 23 наурыз бен 5 маусым аралығында, Семей қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебінде тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып, қойылған талаптарды уақтылы және шебер орындай алды. Күнтізбелік оқу жоспары, сынып журналы және критериялық бағалау сияқты құжаттама түрлерімен таныстырылды. Әділжан өзін ұжымшыл, жылдам тіл табысуды білетін және өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде көрсетті. Мектеп әкімшілігі тәжірибеден өтушіні «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санайды.
Ұйымнан іс-тәжірибе жетекшісі Карамусова Роза Галымбековна
М.О.
Қорытынды
Мен, Жолдаспаев Әділжан, 20 AJ-3 тобының студенті. Мен тәжірибені 2023 жылдың 23 наурыз – 5 маусым аралығында Абай облысы, Семей қаласы, №8 жалпы білім беретін орта мектебінде өттім.
Тәжірибеден өту барысында маған қойылған барлық тапсырмаларды орындадым.
Өндірістік практикадан өту – маманды дайындау үшін оқу процесінің маңызды элементі.
Оны өту барысында болашақ маман оқу процесінде алған білім, білік, дағдыны іс жүзінде қолданады.
Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері:
практикалық жұмыс тәжірибесін алу.
кәсіби даярлау сапасын арттыру.
алған білімдерін бекіту.
оқушының шеберлігін тексеру.
Практика меңгерушісімен бірге өндірістік тәжірибе жоспары құрылып, ойдағыдай орындалды.
Тәжірибе барысында бірқатар тапсырмалар берілді, мен оны тәжірибе жетекшісінің жетекшілігімен орындадым.
Тәжірибе маған жұмыс барысында туындайтын белгілі бір міндеттерді өз бетінше шешуді үйренуге көмектесті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://bilimdiler.kz/informatika/25229-kauipsizdik-tehnikasynyn-erezheleri.html
https://stud.kz/referat/show/102173
Достарыңызбен бөлісу: |