Тәжірибеміздің 2 күні сағ 8.00де бөлімшеге колпак,маска киіп келдік.Аға мейірбикеге белгілендік бүгінгі жұмысты орап таңу бөлімінде бастадым.
Орап таңу кабинетіне кіріп мейірбикемен амандасып таныстым жұмыс барысымен таныстырды қолымды гигиеналық деңгейде жуып алдым.Мейірбикеге көмектестім жұмыс барысында.Бүгін стерильді киімді киюмен таныстырды.
Орап таңу бөлмесінде Богомолова. Н А 33палата диагнозы атеросклероз аяғына перевязка жасадық. Камбарова Д.С 31 палата диагнозы- варикоз шап аралығына орап таңу жасадық орап таңу үнемі перекис және повидон-йод ерітіндісімен өңдеу жүргізді сосын дәкемен орап лейкопластермен жапсырды.
Стерильді киім кию.
1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
3.Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.
5.Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.
6.Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.
7.Халаттын артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см арақашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді масканы шығарып, бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.
Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
Қол жуу- 6
Таңу-2
Текущий уборка-9
16.05
Бүгін өндірістік тәжірибенің 3 күні сағ 8.00 аға мейірбикеге белгіленіп орап таңу бөлмесіне бардым. Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп алдым.Орап таңу бөлмесіне текущая уборка жасадым ДИХЛОРИН 0,0075% 60 мин 0.5т 10л суға ерітіндімен жүргіздік. Орап таңу Горб В.Н , Кураков С , Антипинаға жүргіздік .Бүгін бізге стерильді үстелді қалай дайындау керектігін үйретті.