Тігіс материалын шешуге арналған құралдарды дайындау және тігіс шешу
бет 8/12 Дата 21.06.2023 өлшемі 56,82 Kb. #102782
Байланысты:
Хирургия кулпаш кунделік Тігіс материалын шешуге арналған құралдарды дайындау және тігіс шешу
Керек құрал-жабдықтар: стерильді перчатка,стерильді лоток,стерильді пинцет,арнайы қайшы,жара аймағын өңдеуге арналған ерітінді(Повидон йод),мақта шариктері.
Іс әрекет алгоритмі:
Палатаға кіріп науқастармен амандастым және өзімді таныстырдым
Тігіс материалы шешілуі керек науқасты идентификацияладым
Науқасқа ем шара барысын түсіндіріп,рұқсатын алдым
Стерильді столды науқастың жанына ыңғайлы етіп жақындаттым
Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп,стерильді перчатка кидім
Стерильді пинцетпен жара үстіндегі таңғышты алдым және Б класына тастадым
Жара аймағын қарап тексердім және дәрігерден де қарауын сұрадым дәрігердің рұқсатымен тігіс материалын шешуге кірістім
Повидонмен өңделген мақта шаригін зажиммен ұстап алдымен жараны ,сосын жара аймағын 2 реттен өңдедім.
Жара біраз кепкенше күттім және стерильді пинцет пен қайшыны қолыма алып,келесі шараларды орындадым:
Пинцетпен тігіс түйіншегін өзіме 2-3 мм тарттым.
Пайда болған ақ жіпке қайшыны жақындатып ,терінің беткейіндегі жіпті кестім.
Лигатураны пинцетпен ұстап шығардым
Алынған әрбір жіпті ашылған дәкеге салдым. Осылай барлық жіптерді шеіп алдым
Барлық тігісті шешіп болғаннан кейін,жара аймағын пинцетке қысылған салфеткадағы повидон йод ерітіндісімен сулатып тағы өңдедім.
Жараға пинцетпен стерильді таңғыш салдым
Таңғышты лейкопластырьмен бекіттім
Лигатуралары бар дәкені орап қолданылған заттарды «Б» класс ҚЖАК тастадым.
Науқастан жалпы жағдайын сұрадым ,науқастың жағдайы жақсы болғанына көз жеткізгеннен кейін палатадан шықтым.
Қол жуу- 16
Таңу-5
Текущий уборка-10
02.06
Бүгін практикада біз қан тоқтату туралы үйреніп білдік.
Достарыңызбен бөлісу: