Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Тәңіршілдік дүниетаным мен исламдық дүниетанымның сабақтастығы мен ерекшеліктері



бет46/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Тәңіршілдік дүниетаным мен исламдық дүниетанымның сабақтастығы мен ерекшеліктері. Тәңіршілдік (немесе Тенгризм, Тенгрианизм) — дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осы замандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Шығыс Түркия (Хазария) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі – барша болмыстың арғы құдіретті иесі, әрі негізі
Ұлттық дүниетанымнан өрбіген Тәңірліктің негізінен табиғатты ардақтау салты, адамды немесе ата-бабаны құрметтеу салты құралады. Ата-ананы сыйлап пір тұту халықтың асыл қасиеттерінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, әлпештеп өсірген ана алдындағы қарыз сенімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі, азаматтық жауапкершілігі болып саналады. Ата-бабалар аруағына сыйыну салты арғы замандардан келе жатқан ұлы дәстүрді сақтау, жалғастыру, алға апару жауапкершілігінен туған. «Өлі риза болмай тірі байымас» деген қанатты сөз де осы сарынды тағылым. Аруаққа сыйыну – тіршілікте іске асырған істеріне байланысты айрықша қасиет иесі саналған аталардың рухымен қанаттану, мұрагерлік жауапкершілікке талаптану ұғымын білдіреді. Аруаққа сыйыну салты ұрпақты жауапкершілікке тәрбилеуде, патриоттық сезімді ұштауда орасан зор әлеуметтік мәнді болған және бола да бермек. «Қазақтар әдетте ата-баба аруағын Құдайдан да құдіретті деп түсінген» деген ұсыныстың жаны бар. Аруақтың кейінгі ұрпақтың ой-сезімі мен нанымына әсерінің құдіретін осыдан-ақ байқауға болады.Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды зиялыларының ұстанымы болуда. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда, Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "Мәңгілік көк Таңрінің елі" деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет