Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Түркілер арасынан шыққан ислам мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері және олардың қол жеткізген жетістіктері



бет48/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Түркілер арасынан шыққан ислам мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері және олардың қол жеткізген жетістіктері.Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес.Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед) с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632 (рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар.Бірінші кезеңі- Ислам тарихындағы ең маңызды кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар кеңесінде (ижмаһ) Әбубәкір (ғ.с) пағамбардың орынбасары ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды. Екі жыл халифат тағына отырды (632-634). Әбубәкірдің қазасынан кейін екінші халифа Омар (ғ.с), (634-644) үшінші халифа Осман (ғ.с), (644-656) төртінші халифа Әли (ғ.с) (656-661) болып сайланды. Олар барлығы жиырма тоғыз жыл Ислам әлемін биледі. Аталған төрт халифа «Рашедин халифалар» (турашыл халифалар) атаумен Ислам тарихында танылды.Екінші кезеңі- Мүавийе ибн Әбусофиян (636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі даласына қадам басуымен ерекшеленеді.Тарихтан белгілі Құтейбе ибн Мүслім «669-715» (704 жылы халифа Әбдімәлік ибн Мәрван(685-705 билік құрған жылдары) тарапынан Хорасан өлкесінің әкімі болып тағайындалды. Ол өлгеннен кейін Уалид ибн Әбдімәлік әкесінің орнына халифат тағына отырған (705-715) жылдары да Құтейбе өз орнында шентағына ие болып қалды. Құтейбе Хорасанға әкім болған соң Ислам араб халифатының Түркі даласына ептеп ене бастауына бастама жасады. Оның бұл бастамасы Харезмнен бастады. Харезм-Амударияның екі жағында Арал көлінің оңтүстінен Хәзәр «каспий» теңізінің шығысына дейінгі жерді алып жатқан өлке. Амударияның шығыс жағалауында орналасқан Кат қаласы орталығы болған. Кейін Кат есімі Харезм атымен орын ауыстырды. Бұл өлкені билеп тұрған Харезмшаһ әулеттері арасында тақталастықтың кесірінен алауыздық туындап, тақ мүдделілердің бірі Хорасан өлкесінің араб текті - Құтейбе ибн Мүслімге хат жазып, Харезмді жаулап алуын сұрады. Құтейбе оның өтінішін орындап 712 жылы билікке қарсы топтардың көмегімен ешбір қиындықсыз Харезмді жаулап алды. Одан кейінгі жылдар Харезмшаһтар араб халифатына бағынышты болды. Құтейбе сол кездері Бұхара, Самарқан, Соғд, Шаш, Фарғана, Харезм тағы басқа уалаяттарды жаулап алып, Хорасанға қайта оралған соң Мәрв қаласын Хорасан өлкесінің бас қаласы етіп алды. Сөйтіп ұлы Хорасан өлкесін құрды. Ежелден Тұран «Түркі елі» аталып кеген территория Құтейбенің Түркі еліне жасаған жорықтары жеңісті нәтижелерге қол жеткізген соң «Түркістан» атымен ел тарихына енді. Құтейбенің жеңістері де түркілерді толық бағындыра алмады.Үшінші кезеңі- Аббас тегінен шыққан Абдолла Сәффаһ (722-754) Аббаси халифатын (750 -1258) құрды. Ислам әлеміне Аббас әулеттерінің хали фаты орныққан соң Түркістан да жаңа өзгерістердің куәсі болды.Оның басты себебі 751 жылы бірлескен халифат пен түркі қосыны қытай әскеріне қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай жылнамаларында да айтылады.Төртінші кезеңі- Осман ибн Ертұғрол (1258-1326) негізін қалаған Османлы халифаты (1299-1923) бүгінгі Станбул қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға жылжытып келе жатыр. Халифаттың екінші және үшінші кезеңдері арабтардың саяси үстемдігімен бірге араб тілі мен мәдениеті Исламдық дүниетаным арқылы түркі жұртына еніп, бойлады, тамыры тереңге тартты. Содан бастап түркі даласында әдебиет, жаңа түрлерімен қоса жаңа мазмұндағы тақырыптармен де баи түсті. Бұл бастау араб, парсы, түркі мәдениеттердің тоғысында өзіндік тарихи-саяси ерекшелігімен күрделеніп тұрды. Оның басты себептерінің бірі- араб тілі исламның бастапқы ғасырларда үстемдік құрып парсы мен түркі тілдері оның көйлеңкесінде қалып қойғандығы еді. Бұл үрдіс екі-үш ғасырға созылып, тіпті парсы-түркі тілдері қолданыстан шығып, жойылып кету алдында тұрды.Аббас халифаты (750-1258) мұсылман, араб емес ұлттарға ымырашыл саясат ұстанды. Дегенмен Араб тілінің ықпалынан иран елінде парсы тілі ұмыт болып бара жатқан шақта тілі парсы, діні ислам сұнни ханафи болған Саман әулеттері халифаттың нұсқауы бойынша Хорасан мен Мауароннарде(892-1005 ) әмірлік тізгінін ұстады. Хорасанда әмір болған Мансұр ибн Саман парсы тарихы мен мәдениетіне айрықша көңіл бөлгені соншалық оның басқаруымен ежелгі иран тарихының деректері жинақталып, жаңа парсы дәри тіліне проза түрінде аударылды. Бұл жинақ аталған әмірдің құрметіне” Шаһнаме Мәнсұри” деп аталды. Бұл кітап иранның ежелгі дәуір патшаларының өмірін баяндайтын шығарма еді. Әмір Мәнсұрдың өлімінен кейін ол қолжазба ер жеткен ақын Әбілқасым Фирдаусидің қолына тиді. Ақын” Шаһнаме Мәнсұри” жинағын өзі қосқан қосымша тарауларымен прозадан поэзияға айналдырды. Ел құрметіне бөленген бұл нұсқа “Шаһнаме Фирдауси” атымен бүгінге дейін әлем жұртшылығына әйгілі болып келе жатыр. Шаһнаме жыры иран жұртшылығының парсы тіліне құмартуға себеп болып, парсы тілінің жандануына мықты негіз қалады. Фирдаусидің де мақсаты парсы елінің ұлттық санасын ояту еді. Сол үшін Фирдауси «иранның ұлттық» шайыры болып танылады. Фирдаусидің “Шаһнаме” жыры парсылармен қатар түркі халықтарының да қызығушылығын парсы тіліне оятты. Сол себепті түркі ғалымдары мен ақындары парсы тіліне жүгіне бастады. Сөйтіп түркі тілі араб бен парсы тілдерінің ықпалында өз болмысынан алыстап кете берген заманда түркінің Қара хан әулеттері билікке келіп(840-1212), түркінің ұлттық болмысын сақтап қалу жолы тек қана елінің тіл, дін, діл бірлігі екендігін алға тартты. Сол себепті Қара хан мемлекетінің дінін “Ислам сұнни ханафи” етіп жариялады. Түркі тілінде шығармалар жазылуын ескертті. Бұл кезеңде Жүсіп Баласағұн дидактикалық “Құтты білік”, Махмұд Кашғари “Диуан лұғат түрік”, Қ.А. Йәсауи сопылық сарындағы “Хикмет” туындысын түркі тілінде жырлап шықты. Сөйтіп олар түркілік сананың ояну жаңа кезеңінің бастау бұлақтары болып тарих жадында қалды. Сол кездегі саяси билік пен зиялы қауым өздерінің көздеген мақсатына жеткеніне тарих куә. Өйткені түрік халықтары қазіргі уақытқа дейін ислам сұнни ханафи мәзһабта түркі тілі мен әдет-ғұрыптарын сақтап келеді. Сол кезеңдегі әдеби шығармалар әдебиеттің ұлттық идеологияны іске асырудағы маңызды құрал екендігін де дәлелдеп берді.Қ.А.Йасауи түркілердің исламдық дүниетанымын қалыптастыра отырып, Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Қ.А.Йасауи шығармасының артықшылығы да оның исламдық мазмұнында болғандығы. Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиеті Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша (1272-1333) Жүніс Әмре(1238-1320) сынды мемлекетшіл сопы-ақындар Орталық Азия мен Анадолыда Түркілердің рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар Йасауидің ислами тәлімдері қазақ даласына Бекет Ата (1750-1813) арқылы кең тарады.Исламға негізделген әдебиет пен ғылыми салалар қарқынды түрде дами бастағаны соншалық 750-1050 жылдар аралығындағы кезең ислам өркениетінің “ренесанс-қайта өрлеу” дәуірі іспеттес кейінгі ғасырларда Европада дамыған ғылымның ғажайып жетістіктеріне негіз қалап берді. Оған араб, парсы мен түркі ойшылдары бірлесе отырып өлшеусіз үлес қосты. Әдебиет түрлі жанрда, ғылым түрлі салада үлкен табыстарға қол жеткізді. Мұхаммед ибн Мұса Харезми (770-850) алгебр мен логаритм ғылымын дүниеге алып келді. Әбунәсір Әл- Фараби (870-940) философия, логика, музыка секілді салалардың жаңа биігін қалады. Әбу Рейһан әл- Бируни (973-1048/50) тарих, математика, астрономия, жағрафия, топография, физика, медицина, геология, минерология, т.б. ғылыми салаларда энциколопедист ғалым ретінде адамзат ғылымына орасан зор үлес қосты. Әбу Әли ибн Сина (980-1037) терең ойлы философ, медицина ғылмының данышпаны. Оның медицина саласында жазған «қанун» атты еңбегі XXI ғасырдың табалдырығында орыс тіліне аударылып, 12 том болып 30000 данамен жарық көруі исламияттың ғылымдағы жарқын табысы дей аламыз. Сол кезеңдерде Ислам әлемінде ғылымның даму барысын зерттеген Жорж Сартон исламның ғылыми кезеңін жетіге бөліп, әр кезеңді оның бастауына ғылыми жаңалық алып келген бір ғалымның атымен атады. Онда: 1. Жабыр ибн Һәйян кезеңі VIII ғасырдың екінші жартысы, 2. Мұхаммед Харезми кезеңі IX ғасырдың бірінші жартысы, 3. Зәкерия Рази кезеңі IX ғасырдың екінші жартысы, 4. Мәсһуди кезеңі Xғасырдың бірінші жартысы, 5. Жузжани кезеңі X ғасырдың екінші жартысы, 6. Бируни кезеңі XI ғасырдың бірінші жартысы,7. Омар Хәйям кезеңі XI ғасырдың екінші жартысы, -деп көрсетті. Адамзат ғылымына нұрын шашқан аталған кезеңдерде араб, парсы, түркі ғалымдары қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан ислам дінінің өркендеуіне жүрек қалауымен де санасының таңдауымен де аянбай қызмет жасады. Соның арқасында бір жағынан әлемдік ғылымның қарқынды дамуына негіз қалаған болса, екінші жағынан өздерінің де әлем өркениеті керуенімен ілесіп жүре берулеріне мүмкіндік жасап қойды. Оған дәлел орта ғасырда шығармаларын түркі тілінде жазып түркілік әдебиетке бастау бұлақ болған: Жүсіп Баласағұн, Махмұд Кашғари, Қожа Аһмет Йасауи шығармалары. Әрі XV ғасыр аясында әлемге мәшһүр болған ең соңғы даналары Әлішер Науаи, Ұлықбек, Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр және Мырза Хайдар Дулат есімдерімен сабақтасды.Түркілер тек қана білім мен ғылым саласында қорғаумен шектелмей исламды саяси тартыстардың қыспағынан аман-есен алып шығуға айтарлықтай ерлік жасап, қанды шайқастарда ұлы жеңістерге жетелеп отырды. Түркілер арасынан исламның нығаюы мен даму жолында аянбай тер түкен көптеген тұлғаларды атауға болады. Ислам діні әлемнің төрт тарапына қанат жайып, беки түсуіне Ислам тарихындағы төрт халифадан (шәдияр- Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, оларға Алланың раһметі жауғай) кейін: Қара хан Боғра, Сейфеддин Құтз, сұлтан Бейбарыс, II сұлтан Мұхаммед фтиһ(жеңімпаз) Ислам дінінің өрлеуіне ерекше үлес қосып, исламның жаңа бір белеске көтерілуіне негіз қалады. Ислам өркениетінің қалыптасуына, дамуына, жетіліп, қанат жаюына араб, парсы және түркі елдері қоян-қолтық бір мәдени-рухани кеңістікте, қайшылықтарға толы саяси қақтығыстарға қарамастан даналары мен қарабайыр жамағаты Исламның мөлдір бұлағынан сусындай отырып, қызмет жасап ұшан-теңіз үлес қосты. Ислам діні бүкіл адамзатқа ортақ құндылық екенін қан мен тері, жан мен тәні, жүрек пен санасы арқылы делелдеп келе жатыр. Ислам адам баласының діні. Тақуалар мен тектілердің діні. Сол себепті Түркілердің ортағасырлық әдебиеті, қасиетті Құран кәрім Ислам ұлылары мен Ислам тарихына негізделген үшін аталған дәуір әдебиетін, тарих пен мәдениетін араб, парсы және түркілерден бөле-жара қарау мүмкін емес. Бұл аксиома. Исламның рухани өрісінің кеңеюіне VIII-XV ғасырлар аралығында араб, парсы және түркі елдерінің барлығы мұсылман сұнни мәзһабында болғандықтан бір мүшедей атсалысып ішкі рухани бірлігін сақтап келді. Сондай-ақ түркілер араб бен парсының саяси тарихының өміршең болуына сырт жаулардан қорғап әжептәуір ықпал жасап келді. Ал, Ислам дінінің рухани қуаты түркілердің дін мен тілі һәм ділі бір болып өркендеуіне негіз қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет