Байланысты: Абай шығармаларының әлеуметтік лирикасы
Нені іздеймін өмірде?..» Немесе:
«Жүрегім менің - қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әр неден?..» Бұл - Абай көңіл күйінің бұған дейін бізғе мәлім емес бір түкпірі. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай жүрегі енді қапалы. Жұлысты, тартысты, ел үстін бұлттай торлаған надандық қасіретін, әділетсіздік лаңын бір өзі серпіп сейілте алмады (бұл мүмкін де еместі). Енді ақын амалсыз тоқтап, не істерін білмей дағдарған тәрізді. Осы жайт ақын өлеңіне жабырқау, мұңды көлеңкесін түсіріп, қапалы көңіл селт етпей, сұлық, суық қана, өзімен-өзі тілдесетін сияқты.
Өзінің Абай туралы зерттеулерінде М. Әуезов 19 ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Абай басында ауыр қасірет болғанын, оның өзі ақын өлеңдері не өмірден түңілу сарынын әкелгенін айтқан. Өзін қоршаған орта, ондағы озбыр, өрескел надан мінездер ақын жанын жирендіріп, ақынды өз ортасынан түңілуге дейін апарады. Абай алдымен ел билеген жемқор болыс-билерден, сонан соң «сәлдесі дағарадай болып, қүранды төріс оқыған»аңқау елдің арамза молдасынан, одан әрі әкім-ұлықтардан түңіледі. Енді оларға қарсы күрестің бір алуан қүралы етіп ащы тілді сықақ өлендерін алады. Дәл осы арадан Абайдың ақындыққа, ақындық қана емес, жалпы көркем-өнерге эстетикалық көзқарасы айқын көрінеді.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сөзімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...» - деген жолдарда ақынның эстетикалық мұраты, азаматтық мақсаты жатыр. Демек, ақын басынан еткен әлгідей аянышты ауыр халдің өзі де тегіннен-тегін етпепті. Ақын енді қайралған, шыңдалған секілді. Ендігі машық басқа сияқты. Ақын сөзі ыза мен ашуға суарылып, мысқыл мен сықаққа толып, тиген жерін тіліп тұсер семсерге айналған тәрізді. Мұны ақынның өзі де аңғарғандай: «Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл...» - деп алады да, өз ортасындағы ұйқы-тұйқы, күйкі қылықтарға күйіне қарап, сол күйініштен туған ызалы жырын тағы да ел мұңын емдеуге тегеді. Абай сатирасының қоғамдық мәнінің байыбына барсақ түсінеміз.
«Қара басқан, қаңғыған,
Қас надан нені үға алсын!
Көкірегінде оты бар, Қүлағын ойлы ер салсын!..» - деп, Ұлы ақын қалың еліне бір ауық ащы ызамен соқтықса, мұның да жаттығы жоқ. Бірде осылай қатты айтса, енді бірде жуасып, жұртына жайлап қана тілек білдіреді:
«Жұртым-ай, шалқақтамай сөзгө тұсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін,
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді, Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін». Осы мысалдардың қай-қайсысынан болса да Абайдың эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылады. Ол өлеңді өмірге игі әсерін тигізетін, адамға ақыл-өнеге беретін енер деп білген. Ақын алдымен азамат болуы, халықпен бірге қуанып, бірге күрсінуі керек, сейтіп өліенің тілегін толғап, мүддесін ойлап, сырын жырласып, шындықты суреттесіндейді. Бұл тұжырымын ол «Адамның кейбір көздері...» деген өлеңінде әсіресе ашып айтады:
«Сонда ақын белін буынып,
Адды-артына қаранар...
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға Шиыршықатар, толғанар...» «Көңілге түрлі ой салар» әдемі әннің де, «ақылдының сөзіндей» әсем күйдің де бар қадір-қасиетін, тәрбиелік мәнін терең тұсінген Абай бұлардың да өмірдің әр алуан шындық қүбылыстарын әсерлі де әсем суреттеуін қалайды. Көпшілік кежен сілтеуін, енеге беруін, ал көпшіліктен көркем өнерді жоғары бағалап, өз мүдделеріне пайдалануын, одан үйренуін талап етеді.Ұлы ақын өз
өнерін, міне, осы мақсатқа жұмсады.[1]