Қүйрығымен шылпыдцап...» Бұл - әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі» деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді. Ал Абай лирикасында жанды дүние - адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі - табиғатты да тұтас қаусырған бұтін бір әдемі әлем - құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады. «Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды...» Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір «кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр. 19 ғ-дағы орыс әдебиетінде, арғысы Пушкин, бергісі Н. А. Некрасов, шын жүйрік лириктер табиғатқа осылайша жан бітіріп, тұтас бір тіршілік әлемін жасайтын. Абайдікі осыған құр еліктеу емес, классикалық поэзиядан игерген үлгі-өнегесін ақындық түрде өзінше өрнектеп, өзінің ұлт топырағында қайтадан өсіріп, өз дәні етіп беріп отыр. Адам бейнесіндегі қатал қыс қазақ оқушысының үғымына лайық образға айналып отыр. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мөзгілін суреттейтін өлеңдер - күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сылқым, сырлыжырлар. Бұлардың композициялық қүрылысындада өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр тұсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді.«Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.
Мұның бәрі көшпелі қазақ аулының сол көздегі тұрмыс-тіршілігі. Мүнан кейін келіп Абай дәл сол ортадағы қоғамдық қарым-қатынастан белгі береді. Енді табиғат лирикасы биігірек сатыға көтеріліп, саяси сипат алады да, алуан түрлі әлеуметтік мәселөлерді қозғайды. Абайдың тамаша реалистігі, сонымен қатар қоғамдық өмірге азаматтық көзқарасы дәл осы арада айқындала ашылып қалады. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - «Қан сонарда бүркітші шыгады аңға...». Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдыңеңді бір аудармалары бар: ол аудармалардың тұсында әлгі айтқанымыздай немесе «Евгений Онегин» романының үзіңцілерін аударғаңдағыдай еркін кетушілік машьғын қолданбайды. Түпнұсқа мүмкіңдігінше сақталады. Олардың көпшілігі Лермонтовтан аударылған.
«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт, делсал қып,
Түн басады сапбырап.
Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ». Бұл өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.
«Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса,
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса,
Күңгірт кеңлім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа...» Осы үзіндідегі табиғатты дәл осы түрде сөзіну Абайдан бүрын қазақта болған үлгі ме? Жоқ. Стихия мен адам көңілінің шарпысуын бұлайша суреттеу - тек Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм үлгісі. Ұлы ақынның сол классикалық әдебиеттен тауып, бойына сіңірген зор мәдениетінің айғағы. Асылы, лирикалық шығарма ақынның көңіл күйіне құрылады дегенбіз: ақын онда өзін, өз сөзімі менсырын жырға айналдырады, өзі туралы сөйлейді. Ап ақын өзі туралы, өзінің жеке «мені» туралы айтса, ол - жалпы көпшілік туралы - бүкіл адам баласы туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән қасиеттің бәрі де бар. Демек «кеңіл кұйі» дегенді жеңіл-желпі түсінбеуіміз керек: бұл - өмірдің көз келген жағдайынан туа беретін құбылыс. Идеясыз жалпы әдеби шығарма болмайтыны секілді, лирикадағы ақынның көңіл кұйі оның өмірге көзқарасымен сабақтас. Бұларға да көз келген сөзім кіре алады. Абайдың өз көңіл күйінен туған өлеңдерінде көз келген адамның басында болатын психологиялық хал-жай,көңілдің әр алуан толқын күйі, әр адамға тән күйініш-сүйініш әр қилы қыры-сырымен түтас, шебер, тартымды, дәл суреттеледі.
«Көкала бұлт сегіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Басауырып, ішжанар». Бұл адамға тән құбылыс, адам басында болатын хал. Абай бұл саладағы лирикасында сол өзі өмір сүрген дәуірде өзімен бірге тіршілік еткен, ғұмыр кешкен қарапайым адамдардың жан жүрегіне сұлулық пен сүйіспеншіліктің, жігер мен үміттің ыстық қанын қүйып, олардың сана-сезімін сұлу лирикасымен желпи оятып, риясыз, ашықсырласады. Бұл ретте ақын замандастарын еткен өмірдің тұманды тозаңына тұншықтырмай алға, келер күндерге нұсқайды, оларды өз тереңдеріне үңіле білуге, сейтіп адам бойыңдағы асылдықты бағалауға, келешекке сеніммен қарауға мегзейді. Бірақ, Абайдың бұл салада жазылған лирикалық өлеңдерінің дені Лермонтов жырларына ұқсап, қам кеңілмен, жүдеу қабақпен жырланады. Ақын басында болған жабығу, күңгірт көңіл, одан туған мұңды сыр, жүрек шерін шерте шыққан жалғыздық сарындағы жыр - оның жеке басына ғана тән нәрсе емес. Абай өмір сүрген беймәзгіл тұстың, талантқа егей ортаның әрбір ойлы азаматының басындағы хал-күй деп білу керек.
«Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әрнені.
Бір себепсіз қайғы қүр,
Баса ме екен бендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңлімде.
Қайғырамын, жатамын,