Абай шығармашылығының дәстүрлік негіздері. Абайдың ақындық мектебі.
Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді.
Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан көркемдік олжасы дегенде біз ақын көтерген тың тақырыптар мен соны идеяларды, олардың акындық үздік шабытпен, көркемдікпен жырлануын, өлең құрылысы мен мазмұнына енгізген жаңалықтарын, поэтик тілінің көркемдігін-суреттілігін, байлығын, шебер аудармаларын, жалпы туындыларының көркемдік, халықтық, реалистік сипаттарын т.б. айтамыз. Абай мұндай суреткерлік биіктікке - дәстүр қалыптастыратын шеберлікке кездейсоқ жетпегені белгілі. Таланттылық, азаматтык биік позиция, озық дүниетаным, парасаттылық та сөзсіз керек, мәнді. Алайда, қай-қай қаламгер де өзінен бұрынғы әдебиетте калыптасқан көркемдік тағылымдарды -дәстүрлерді терең игермей, оны барынша сіңірмей тұрып, өнерде іргелі жетістіктерге жете алмайды. Абай да осындай ақындық ізденіс мектебінен, қалыптасу кезеңдерінен өткен. Абай шығармашылығының бас зерттеушісі М.Әуезов оның ақындық тұлғасының қалыптасуына негіз болған үш арнаны айрықша атап айтады ғой.
Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |