Абай шығармашылығының дәстүрлік негіздері. Абайдың ақындық мектебі



бет2/9
Дата16.03.2022
өлшемі18,51 Kb.
#28195
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Абай шығармашылығының дәстүрлік негіздері

1.Төл әдебиеттегі дәстүр.

2.Шығыс әдебиеті дәстүрі.

3.Орыс және Еуропа әдебиеттері дәстүрі.

Осы үш арна - үш көз Абай шығармашылық нәр алған, қанаттанған, бойға қуат, ойға азық алған әдеби дәстүрлер.

Дәстүрден өнеге алу - өнер заңдылығы. Белгілі бір дәстүрге қатыссыз қаламгер болмайды. Бүл - өнер зандылығы, шығармашылық ерекшелігі. Дәстүрсіз суреткер де қалыпатаспайды,. жалпы, әдеби даму да жалғаспайды. Алдында бай дәстүрлер болмаса, олардан үлгі-өнеге алып, ізденбесе Абай да үлкен ақын болып қалыптаса алмас еді.

Пушкин, Некрасов, Абай, Сәкен – төрт ақын да бір тақырып-қысты жырлаған. Бірақ, төртеуінде қыс төрт түрлі екеніне қарамастан, өлеңдерінде ортақтық, үндестік те байқалады, ол қысты жанды бейнеде суреттеуден көрінеді. Ортақтық дәстүрден туындаса, айырмашылық ақындық даралықтан, дәстүрді өзінше түрлендіруден көрінеді.

Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, би-шешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді. Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С.Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: «Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындылығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес. Қайта Абай осылардың бәрін жақсы білді, жанына азық етті. Ұлттық рухани байлығын бойына сіңіре отырып, кейін шығыс, батыс үлгілерін еркін меңгеру арқылы бүкіл халықтық, жалпы адамзаттық ой-пікір деңгейіне көтерілді. Халықтық әдебиет сарындарын үлкен европалық үлгідегі ақындық жинақтаушылыққа (обобщение) ұластырды. Мұның өзі қазақ әдебиетінің Абай арқылы адамзат мәдениетінің көркемдік биігіне шығуын дәлелдейді».

Екінші мәселе - ақынның өзгеге берген нәрі турасында. Бұл – Абайдың ақындық мектебі деген тақырыпқа жетелейді. Абайдың ақындық мектебі – оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

Абайдың ақындық мектебі ” концепциясын М.Әуезов ұсынды;

Абайдың ақындық мектебі - оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі өрнектерді жалғастырып , дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайды;

Ақындық мектеп - кемеңгердің тағылым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс; Ақындық мектеп - акыннын күнделікті касында жүріп тікелей тәрбиесін алушы, оның тапсырмасымен алуан айналасындағы такырыпта шығармалар жазған шәкірттерді ғана бөліп алып , Абай мектебінің өкілдері деп карастыру да бар .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет