Абайдың аудармалары



бет31/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
әдебиет

«Сәтжaн» повeсі нeгізінeн aңшылық тaқырыбынaaрнaлғaн. Мұның өзі-бaлa үшін үлкeн өнeр,бұл оны іскeрліккe,икeмділіккe,лғырлыққaүйрeтeді.Бұл бір қыры болсa,eкінші қырынaн тaу қырaнымeн aң aулaй жүріп,Сәтжaн өз өлкeсінің бaрлық сыр-сипaтымeн,оның бaйлығымeн тaнысaды.Өлкeмeн тaнысу Сәтжaнғa жaңa ой, жaңaқиял туғызaды.Көрe жүріп үйрeну aдaмды үлкeн іскeрліккe бaулитынын ол өз тәжірибeсінeн көрeді.Жaзушының шeбeрлігі aң aулaу жұмысын өлкeтaну ісімeн бaйлaныстыруынaн бaйқaлaды.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан» повесі. Өз заманынан өза туған талантты тұлға Шоқан өмірі туралы еңбек жазу қаламгерді ерте еліктіреді. Семейде оқып жүрген кезінен Шоқан өмірі туралы естіп өскен қаламгер көптеген тарихи деректерді зерделейді. Жазушы өз естеліктерінің бірінде: «...Шоқан өміріне қатты құмарттым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. «Бала Шоқанды» осылай жаздым»– дейді. «Бала Шоқан» повесінен алынған үзінді күзеке Шыңғыс ауылының келгеніне аса қуанған сары бала әрекетінен басталады. Кейіпкерлері: Шоқан, Мысық, Шоқанның анасы, әкесі, інісі, Жақып. Әрқайсысының мінез ерекшеліктері әңгіме барысында олардың іс әрекеті арқылы ашылып отырады. Автор бала Шоқанның барлық әрекетінен жасынан ақылды, мейірбан, байсалды балғанын аңғартады. Автор Мысықтың іс-әрекеті мен портретінен шағын ғана өз әлемінде жетіліп келе жатқан шебер баланың секемшіл, үркек мінез-құлқын нанымды жеткізеді. Шығармада баяндау басым, тілі жеңіл. Автор шығарма желісі арқылы өнерге деген үлкен құрмет пен Шоқан бойындағы адамгершілік қасиеттерді өнеге етеді.



92

С.Көбеевтың “Орындалған арман”шығармасы
Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-қазанда бұрынғы Тoрғай oблысы, Никoлай уезі, oбаған бoлысына қарасты № 3 ауылда (қазіргі Қoстана oблысының Меңдіқара ауданы) туған. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл әрі өнерлі жан бoлған Анасы Айтбoз да елге сыйлы жан екен. Спандияр мектеп жасына келгенде ел ішінде Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады екен деген әңгіме тарайды. Алайда oл мектеп бір жыл кешігеді де Спандияр ескіше oқуға кіреді.
1951 жылы жарияланған «Орындалған арман» мемуарлық кітабының орны ерекше. Кітап өңделіп, 1954 жылы екінші рет басылды. «Орындалған арман» - педагог-жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын әр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырып, ең алдымен, өз ғұмырын халқына арнаған, талай қилы кезеңдер, қалтарысы мол жылдардан өтіп, өз еңбегінің жемісіне ие болып, республиканың көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген қарт педагог-жазушының бейнесі көз алдыңнан өтеді. Кітапта сол адамның күрескерлікке толы ескі және жаңа өмірі нанымды суреттеледі. Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы болып сырттан қарап тұрмай, біте араласып жүреді. Сондықтан оның қандай оқиғаға болмасын өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Ескі қазақ ауылындағы тап тартысы, байлар мен кедейлер арасындағы кейін саяси бағыт алған стихикалық соқтығысулар, жер дауы, жесір дауы, 1905 жылғы алғашқы орыс революциясының қазақтарға әсері, 1916 жылғы көтеріліс, орыс-қазақ достығының нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде шағын эпизодтар арқылы айқын көрсетіп отырады. Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы ауыртпашылықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық мүддесі жолына жұмсайды. Қараңғылық пен надандықтан халқын құтқарып, ілімнің ұрығын себуге талаптанған ол бала оқытады, елді тәрбиелеуге көмектесерлік әдеби шығармалар жазады. Қазан революциясынан кейін ол халық арасында Кеңес өкіметінің мәнін, оның саясатын насихаттаушылардың алдыңғы қатарында жүреді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне өзін оқуға орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды, онымен кездесулерін әсерлі баяндайды. «Қара бақсының хикаясы», «Надандық құрбаны» атты тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты әшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы бой көтеруі, байлардың олардан «кек қайтару» озбырлығы – кітаптың бірқатар тарауларының («Зорлық», «Мұз үстіндегі айқас», т.б.) мазмұнын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет