Игілік — паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді.
Сандыбай — шебер. Он саусағыынан өнер тамады. Ағаштан түйме түйеді. Өзі айтқандай он саусағы алтын. Шеберлігімен елге танылған. Игіліктің ақ үйін салып берген де осы.
Жұман — мал бағумен ғана шұғылданатын ескіліктің адамы.
121. Тұрмыс- салт жырлары: зерттелуі, іштей жіктелу ерекшеліктері. Халқымыз көп ғасыр бойына жасаған тұрмысы, еңбек-кәсібі, әдет-ғұрпы, салты жайында неше түрлі шығармалар шығарған. Бұл шығармалар «тұрмыс-салт жырлары»деп аталады .Орыстың ұлы жазушысы М.Горький тұрмыс-салт жырларын халық ауыз әдебиетінен бастау алатынын айта келіп, «халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-күйін, әдет-ғұрпын жақсылап зерттейміз десек, оны дұрыстап түсінеміз десек, ауыз әдебиетін білуге тиістіміз. Бұл жөнінде ауыз әдебиеті бізге өте көп мәлімет-береді», —дейді М.Горький
Ә.Қоңыратбаев сюжетсіз өлеңдерге қатысты: «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз», — деп [3,б. 44] анықтама береді-де, содан кейін барып жырларды мазмұны мен тақырыбына қарай былайша бөліп қарастырады. Олар: 1) Бақташылық жырлары, яғни төрт түлік мал туралы жырлар; 2) Діни-әдет ғұрыптар тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); 3) Үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); 4) Ұлыс жырлары, бөбек жырлары; 5) Жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау) т.б.
Алайда, қазақ фольклористикасында басқа да ғалымдар тұрмыс-салт жырларын зерттеумен айналысқан. Олардың бірі — М.Ғабдуллин. Ол өз кезегінде, тұрмыс-салт жырларын зерттей келе, оны үлкен екі топқа бөледі: 1) Төрт түлік мал, еңбек, кәсіп жайындағы шығармалар; 2) Әдет-ғұрыпқа байланысты туған шығармалар
Сол сияқты ғалым Б. Кенжебаев тұрмыс-салт жырларын арнайы бір салт шартын орындау ретінде айтылып қолданылатын өлеңдер» — дей келе, оларды өз кезегінде 4 түрге бөледі: 1) Мал шаруашылығы жайлы өлеңдер; 2) Діни-салт өлеңдер; 3) Үйлену өлеңдері; 4) Мұң-шер өлеңдер.
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары да жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Ә.Қоңыратбаевтан басқа қазақ зерттеушілері-де тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Б.Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу-де өзгеріске ұшырап отырады.
Қорыта айтқанда, Ә.Қоңыратбаевтың тұрмыс-салт жырларына байланысты ғылыми тұжырымдары мен қазақ фольклористика ғылымының дамуына, зерттеуіне қосқан үлесі мол. Ә.Қоңыратбаев әрбір жырдың шығу тегіне, өзіндік ерекшеліктеріне жіті мән беріп қарап, толымды да тұшымды пікірлер айтты. Десек те, ғалым еңбектерінің зерттелмеген қырлары да жетерлік.