116. Абай өлеңдерінің құрылысы, көркемдік ерекшеліктері. Абай өлеңдерінің ерекшелігі көптеген қырларынан байқалады, мұнда тек жеке өзім тереңірек әсер алған қырлары жайлы біраз таным-түсінігімді айтайын. Тақырыптық және мазмұндық жағынан алғанда, Абай өлеңдерінде ұлтқа, руға, тап өкілдері тағдырына қатысты маңызды қоғамдық тақырыптар жатыр,әрі күнделікті өмірдегі талас-тартыс, адамдар арасындағы қуаныш пен қайғы және сахарадағы төрт маусымның пейзажы суреттуледі. Абай тәрбиелік мақсатта, көптеген ынтымақты, еңбекті, ғылымды, мәдениетті, достықты, ж.т.б. мадақтаған философиялық шығармалар жазады. Абайдың философиялық өлеңдері, оның лирикасымен қоса өміршеңдікке ие. Себебін қарастырар болсақ, бір жағынан, өлеңнің өзіндік ақиқаттық астарында болса, екінші жағынан, бұл философиялық өлеңдерде лирикамен бірдей көркемдік тартымдылық бар. Бұл ақынның асқан суреткерлік өнерімен қоса, өзі осы философиялық өлеңдерді жағанда шын жүректен тербеп жазуының маңыздылығында. Ақын өзінің өлеңімен қоса қырық жамау болған жүрегін де халыққа арнағандай. Осы себептен, кейбір оқырмандар Абайдың кей ойларын бастапқыда қабылдамағанымен, өлеңдегі шалқыған сезімге бой ұрады, уқыттың өтуімен әрі өз өмір тәжірибелері, оқырман жүрегінде үндестік оятады. Тарих мұны әлде қашан дәлелдеген. Абайдың кейбір философиялық өлеңдері, істің жөнін абстракты түрде ғана дәріптемейді, қайта қазақ поэзиясында үнемі қолданылатын теңеу әдістерін қолданады, көрнекі теңеулер мен образды сөздер арқылы оқырманды елітеді. Төменде 1889 жылы жазылған Сәулең болса кеудеңде деген мына өлеңін мысалға алып көрейік: Берекелі болса ел Жағасы жайлау ол бір көл Жапырағыжайқалып Бұлғақтайды соқса жел Жан-жағынан күркіреп Құйып жатса аққан сел Оның малы өзгеден Өзгеше боп өсер тел Берекесі кеткен ел Суы ашыған батпақ көл Құс қаңқылдап, жағалап Сулай алмас жазғы төл Оның суын ішкен мал Тышқан тиіп, аспас бел Көл деп оны кім айтар Суы құрсын, ол бір шөл Бұл өлең жолдары, оқырман көз алдына екі қарама-қайшы суретті елестетеді, суреттің түрлі бейнесінен, бейнеленген көңіл-күйінен және атмосферасынан, оқырман ынтымақ ру адамдарына қаншалықты маңызды екендігін түйсіне алады. Бұл осы өлеңнің тақырыптық ой өзегі. Абай адамдар оңай байқай қоймайтын тіршілік құбылыстарын суреттеуге шебер, осылайша өмірдің шын мәнін ашпақ болып, адамдарға ой салады. Абай лирикасының көп бөлігі терең әрі астарлы, адамға терең әсер қалдырады. Оның көңіл-күй от шашуынан, әрдайым ақиқаттың сәулесі жарқырап тұрады
Абай өлеңдерінде көп жолдардың үш буыны ұйқасып қана қоймай, төрт буын ұйқасатын жағдайлар да болады. Абайдың кейбір өлеңдеріне музыка жазып жібіерсе бір көркем ән болып шыға келеді. Ол өзі де көптеген өлеңдеріне музыка жазған, бұл әндер қазір де қазақ халқы арасында кеңінен тараған.
Мұнда баса айтайын дегенім мына екі түйін:
І. Абай өлеңдері қазақ фольклорлық поэзиясының музыкалды дәстурін сақтаған.
ІІ. Абай поэзияның көркемдік әсерін талмай іздеген.
Сондықтан, халық Абай өлеңдерін оқығанда әрі жаңашылдықты байқайды, әрі бейтаныс сезінбейді, оны қазаққа тән деп біледі.