Бораш — өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин — Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
Самед Абдоллаев — әзілқой жауынгер.
Семен Зонин — алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
119. Қазіргі қазақ балалар поэзиясы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондыктан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардын ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі – Т.Молдағалиев. Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қасқабағын бағып, көңілі калағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Тұманбай акынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Т.Молдағалиев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзкарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Т.Молдағалиев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойынын өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жанжақты түрлендіре түсті.