Абайдың аудармалары


Абай өлеңдерінің құрылысы мен көркемдік ерекшелігі



бет33/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
әдебиет

94

Абай өлеңдерінің құрылысы мен көркемдік ерекшелігі:
Абайға дейінгі ауыз әдебиеті, тарихи әдебиетті алсақ, қазақ өлең құрылысының үш-ақ түрі болатын:
1. Он бір буынды; 2. Жеті буынды; 3. Аралас буынды 
Абай қазақ өлең құрылысына ең алдымен 6 буынды және 8 буынды өлеңнің екі түрін енгізді. Мұның екеуі де жаңа. 
Абайдың өлең құрылысын зерттеуші авторлар С.Мұқанов «Абай қазақтың өлең мәдениетіне 11 түрлі өлең техникасын қосты» десе, Е.Ысмайлов «...Абайда 16 түрлі жаңа өлең құрылысы бар» дейді.

С е г і з б у ы н д ы ө л е ң:


4 4
Жарым жасы ( ) киім киіп,
4 4
Келді жанға ( ) жылы тиіп.
4 4
Диуана болды ( ) бұл көңілім,
4 4
Басылмай бір ( ) құшып-сүйіп...
А л т ы б у ы н д ы ө л е ң:
3 3
Қара көз, ( ) имек қас,
3 3
Қараса ( ) жан тоймас.
3 3
Аузың бал, ( ) қызыл гүл,
3 3
Ақ тісің ( ) кір шалмас...
А р а л а с б у ы н д ы ө л е ң н і ң ж а ң а т ү р і:
5
Алыстан сермеп, ( )
5
Жүректен тербеп, ( )
5 3
Шымырлап бойға ( ) жайылған. ( )
5
Қиядан шауып, ( )
5
Қисынын тауып, ( )
5 3
Тағыны жетіп ( ) қайырған
5 3
Толғауы тоқсан ( ) қызыл тіл, ( )
5 3
Сөйлеймін десең, ( ) өзің біл...
Сол сықылды Абайда сегіз буынды өлеңнің де бірнеше түрлері бар. Мысалы, әр жолы 8 буын, бірақ бунағы 5 буын мен 3 буыннан құралатын өлеңдер де кездеседі.
5 3
Жүректе қайрат // болмаса,
5 3
Ұйықтаған ойды // кім түртпек.
5 3
Ақылға сәуле // қонбаса,
5 3
Хайуанша жүріп // күнелтпек, т.б.
Тап дәл осы мысалдағыдай төрт құбыласы түгел болмаса да, 5+3 буындардан құралатын жолдар. Абайға дейін де әртүрлі жағдайда кездесетіндіктен, біз тек Абай қаламынан туған 4+4 болып келетін 8 буынды өлеңді ғана алдық та, 8 буынның басқа түрлеріне тоқталғанымыз жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет