Абайдың аудармалары


Қиял-ғажайып ертегілері: «Ертөстік» ертегісін талдау



бет41/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
104. Қиял-ғажайып ертегілері: «Ертөстік» ертегісін талдау.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. 
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер,
3) тұрмыс-салт ертегілері. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Қиял-ғажайып ертегілер халықтың сана-сезімінің балаң кезінде пайда болған. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсы өмір, адамдардың ауыр еңбегін жеңілдету арманы көрсетілген. Ертегілердің кейіпкерлері – өмірде болмаған, адамның қиялынан туған кейіпкерлер. Мысалы: жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, т.б. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, жауыздық пен ізгілік тартысқа түсіп, әр уақытта жақсылық, ізгілік, достық жеңіп шығады. Қиял-ғажайып ертегілер: «Үш өнерпаз», «Ер Төстік», «Ұшқыш кілем», «Ыста тас», «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз», т.б.
《ЕР ТӨСТІК》
Кейіпкерлері:
Ер Төстік - Бас Кейіпкер
Ерназар- Ер Төстіктің əкесі
Кенжекей - Ер Төстіктің жары
Перінің қызы Бекторы - Ер Төстікке ғашық болған қыз
Жылан Бапы хан - жер астындағы орданың ханы
Темір хан - жылан Бапы ханмен араз хан
Кеще хан - Темір ханның қызын алмақ болған хан
Шойынқұлақ - жалмауыз кемпірдің ұлы
Күңке - Шойынқұлақтың жары
Қосымша Мəлімет:
Жер астындағы өнерпаздар: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, , Көлтауысар, Көреген
Ер Төстіктің мінген тұлпары - Шалқұйрық
Түйесінің аты - Құба інген
Төбенің басы – Сорқұдық
Ертегі бойынша шатасқан оқиғалар тізбегі
1. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
2. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы
3. Төстіктің дүниеге келуі
4. Төстіктің жер астына түсуі
5. Тоғыз ұлды үйлендіру
6. Шойынқұлақ пен Ер Төстік
7. Елге оралу
8. Ер Төстік және оның адал достары
Композициялық құрылымына талдау
1. Ертегінің басталуы. Ер Төстіктің дүниеге келуі
2. Ертегінің дамуы. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
3. Ертегінің байланысы. Тоғыз ұлды үйлендіру
4. Ертегінің шиеленісі. Ерназардың сорқұдықтың басына қонуы
5. Шарықтау шегі. Төстіктің жер астына түсуі
6. Ертегінің шешімі. Елге оралу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет