Абайдың аудармалары


Жұбан Молдағалиевтың «мен қазақпын» дастанының көркемдік ерекшелігі



бет48/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
әдебиет

113. Жұбан Молдағалиевтың «мен қазақпын» дастанының көркемдік ерекшелігі.
Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Жұбан Молдағалиевтың ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығарма – "Мен қазақпын" поэмасы (1964). Ақын бұл шығармасында қазақ халқының өткен өмірі мен тағдырын лирикалық-публицистикалық стильде терең толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, ерлік дәстүрі, туған жер мен елі, байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.[5]
"Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.
Бұл шығарманы Римма Казакова Орыс тіліне аударадыжәне өз интервюсінде: "Мен қазақпын" деген тамаша поэманы орысшаға аудардым. Қарап отырсам, кейде сол шығармаға жаныммен кіріп кеткендеймін. Мүмкін фамилиям Казакова болғандықтан шығар. Сол еңбекті аударғанда әсер алғаным соншалық, образға еніп, түн ортасында "мен қазақпын" деп шошып оянатын кездерім болды. Мен қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтың оқушысы болғаныма қуанамын", - дейді

114. Абайдың көңіл-күй, Махаббат лирикасы.
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Махаббат Лирикасы: Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағанада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ. Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:
Махаббатсыз - дүние бос
Қайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар. деп келеді. Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға қайунға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.
Абай сұл қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.
Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де:
Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағаналы
Күлкісі бейне бұлбыл құс сайрайды
деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет