Абайдың аудармалары


Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасы



бет44/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Байланысты:
әдебиет

108. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасы.
Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. (1870-1904) – ақын.
Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары:

  • «Еңлік-Кебек»,

  • «Абылай»,

  • «Медғат-Қасым».

Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды.

  • «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.

  • «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді.

«Медғат-Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі көркемдік тұрғысынан биік шығарма. Оның оқиғасы қазақтың тұрмыс-салтымен байланыстырыла емес, Африка жерінде, Ніл өзені бойында өтеді. Шығарма желісі құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек күресінен алынады. Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді. Оның Медғат атты ұлы, Ғазиза атты қызы болады. Оларға қоса Мария атты асырап алған қызы қатысады. Поэмада жеке көріністердің өмір шындығына жанасымды суреттері бола тұрса да, шығарма негізінен романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де соған ыңғайластырылады. шығармада Медғат пен Қасым арасындағы кек және Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады.
Адам образдарын жасау әдісі де осыған ыңғайласқан. Солардың ішінде романтикалық қаһарманды көз алдыңа елестете аларлық образ – Қасым. Оның істерінің қайсысын алсаң да ірі, басқалардан бөлек.
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,
Қара сұрлау пішіні зәңгі затты.
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,
Тәкәппар, тәуекелшіл, бек қайратты, – деп жасаса, кейін оның қайсарлық мінезін де соған сай етіп суреттейді. Қасым кекті қатты ұстайды. Қасымның қарақшылық әрекеттерін сөз еткенде, Мағауия оны қанішер ретінде көрсетпейді. Бұл – Батыс пен орыс романтизмінің бас қаһармандары сияқты қайырымды қарақшының бейнесі. Жазықсыз жәбір көрген адам дұшпаннан кек алу үшін қарақшылық жолға түседі, намысын ерлікпен қорғауды мақсат етеді. Осыдан барып, Қасым зорлықшыл, үстем таптың бәріне қарсы адам болып суреттеледі.
Қасымның Медғаттан кек алу үшін істеп жүрген іс-әрекеті арқылы өткен дәуірдегі құлдар мен қожалардың арасындағы тартыстың бір көрінісін суреттейді.
Поэмада Ғазиза әкесі мен ағасының рақымсыздығына қарамай, сүйгеніне адал, өжет сезімнің иесі ретінде көрінсе, Сәлім де күштілерден жәбір көріп, өз ортасынан қуылып жүрген адамның бейнесін танытады.
Поэма тіл көркемдігі жағынан да құнды. Жаңа теңеу, жаңа эпитеттер тәрізді сөз образдарының байлығына қоса қаһармандардың романтикалық мінездерін нақты бере білуде ақын едәуір шеберлік танытқан. Ақындық шеберлікті Мағауияның ұстазы Абайдан үйрендігі анық байқалады.
Қорыта айтқанда, «Медғат-Қасым» поэмасы тақырыбы жағынан да, құрылысы жағынан да өз кезіндегі қазақ әдебиеті үшін тың жаңалық болды. Мағауия Абайұлы қазақ әдебиетіне романтикалық поэманың жаңа үлгісін әкеп қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет