Абайдың музыкалық мұрасы



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі26,34 Kb.
#16523
1   2
Байланысты:
Абайдың музыкалық мұрасы

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оранған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,


Жас балаша кеңілді жақсы уатар»,

- дейді.


Әнде кеңіл күйі сан түрлі болатынын (мажорминор) Абай шебер түсіндіреді. «Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар...» немесе: «Құр айқай бақырған, Құлаққа ән бе екен», - деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту орнына, жаныңды түршіктіретіні де болатынын айтады. Данышпан Абай күй женінде де ете өткір пікірлер айтты. Күйдің тексіз айтылатын ән екенін сөзген Абай: «Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге, Жылы жүрек қайда бар қозғаларлык?...» немесе: Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда кеңілдің әсері бар , - деді. Бұл жолдардан Абайдың күйді жете тұсінгендігі керініп тұр. Осындай ән-күй туралы айтылатын аса бағалы пікірлерімен қатар, Абай әнді орындау шеберлігіне де көп кеңіл аударады...

Абай орындаушылыққа ұлкен мән берген адам. Жақсы шығарылған ән-күй жаман орындаушының қолына түскенде, «ауыздан шыққанда еңі қашатын, кеңілдегі керікті ойдың» көбін киетінін де Абай білді. Шығарушылық пен орындаушылықтың екі турлі қабілет екенін де ол жақсы түсінеді. Сондықтан жоғарыда айтылғандай, Абай алғашында өз әндерінің шығарушысы да, оларды бабына келтіріп орындаудың нұсқаушысыда, ән-күйдің, әншіліктің сыншысы да өзі болды. Әрине, Абайдың «әніңді сатып ақша алма» деуі - сол көздегі ән қадірін тұсініп, біреулерді өтірік мақтап, мал табушыларды мінеп-шөнегендік еді.

Қорыта айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драмасатиратрагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т. б. сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.[1]

Дереккөздер



  1.  Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет