14
Ғылым туралы нормативтік құқықтық актілерде ғылыми зерттеулер
нысаналы мақсаты бойынша іргелі, қолданбалы, зерттеу және әзірлеу болып
бөлінеді.
1.4 Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу түрлері
Іргелі ғылыми зерттеулер
– бұл адамның, қоғамның, қоршаған табиғи
ортаның құрылысының, қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
туралы жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық қызмет.
Мысалы, іргелі қатарына биологиялық жүйелердің жұмыс істеу
заңдылықтары, олардың өзара және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі туралы
зерттеулерді жатқызуға болады.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер
– бұл практикалық мақсаттарға жету
және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білімді қолдануға бағытталған
зерттеулер. Басқаша айтқанда, олар іргелі зерттеулер нәтижесінде алынған
ғылыми
білімді
адамдардың
практикалық
қызметінде
пайдалану
проблемаларын шешуге бағытталған.Мысалы, өнеркәсіптің түрлі салаларында
ағзалардың биогенез заңдылықтарын технологиялық пайдалану туралы
жұмыстарды қолданбалы деп қарастыруға болады.
Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер көбінесе аталған екі
түрдің үйлесімін білдіреді, сондықтан оларды теориялық-қолданбалы деп
атауға болады.
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмыстың келешегін анықтауды, ғылыми
міндеттерді шешу жолдарын табуға бағытталған жұмыстарды
Достарыңызбен бөлісу: